Жаңа оқу жылында мынандай жағдайларға көп көңіл бөлінбек:
Дарынды балаларға арналған психологиялық – педагогикалық қолдау көрсету;
Педагогикалық – психологиялық тұрғыдан пән мұғалімдеріне және сынып жетекшілерге қолдау жақсарту.
Әдістемелік жаңа білімдерді толықтыру.
Консультациялық жұмысты жақсарту мақсатында ата – аналарға, оқушыларға, сынып жетекшілер мен мұғалімдерге арнайы ұсыныс парақтарын ойластырып, жақсарту.
Қалалық, облыстық конкурстарға белсенді қатысушы болу;
Түзету – дамыту бағдарламасын жақсартып, жүйелі өткізу.
Психологиялық қызметті одан әрі жақсарту мақсатында мына төмендегі міндеттерді алға қояды:
1. Оқушылардың өзара қарым–қатынасын түзету, әр оқушының сынып ұжымындағы өз орнын сезінуін қалыптастыруға бағытталған жұмысты одан әрі жалғастыру;
2. Сынып жетекшілердің педагог -психологпен байланысын күшейтуге бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру;
3. Ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қызмет бойынша жұмысты күшейту:
- психологиялық–педагогикалық ағартуға қатысуға деген қызығушылық, жағымды мотивация қалыптастыру;
- жасөспірімдермен конструктивті қарым- қатынас әдістері мен құралдарын меңгеруге үйрету, ата-ана белсенділігінің қалыптасуына ықпал ету.
ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ПУНКТ ЖҰМЫСЫ
2022-2023 оқу жылында мектепте логопедиялық пункт өз жұмысын атқарды.
Жалпы сөйлеу тілі кемістігі мен жазба тіл кемістігін тексеру нәтижесінде топтар құралды.
Мектепшілік диагностикалау нәтижесінде жалпы тіл бұзылыстары бар 52 оқушы анықталды. Соның 23 оқушысы мектеп логопунктіне қабылданып, 29 – ы логопед көмегін қажет ететін тізімге еңгізілді.
20 қыркүйек сабақ кестесі құрастырылып, бекітілді.
Өз уақытында түгел құжаттар толтырылды:
2022- 2023 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары;
Әр топқа арналған күнтізбелік жоспар;
Күнделікті сабақ жоспары;
Сабақ кестесі;
Оқушылардың сабаққа қатысу журналы жүргізілді;
Түгел оқушыларға тілдік карта толтырылды;
Әр оқушыға арналған жеке карталар жүргізілді;
Логопед кабинетінің құжаттары және кабинетті жабдықтау жұмыстары жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |