Мектепішілік бақылаудың негізгі бағыттары


-кесте. «Нормативтік құжаттардың орындалуын бақылау» бөлімін ресімдеу үлгісі



бет3/13
Дата05.03.2024
өлшемі57.13 Kb.
#494366
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
3.2.3-ресурс-МІБ бағыттары

1-кесте. «Нормативтік құжаттардың орындалуын бақылау» бөлімін ресімдеу үлгісі



Р/с №

Бақылау тақырыбы

Бақылау мақсаты

Бақылау объектісі

Бақылау түрі

Әдістеме

Орындау мерзімдері

Жауаптылар

Қарау орны

Басқарушылық шешім

Екінші бақылау

І. Нормативтік құжаттардың орындалуын және талаптарға сәйкес мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау

1



Санитарлық-гигиеналық режим

Санитарлық режимнің белгіленген нормативтік талаптарға сәйкестігі

ОТП шарттары



Фронталды

Бақылау, талдау, әңгімелесу, құжаттаманы тексеру


Директордың ӘШБ жөніндегі орынбасары, медбике

Директор жанындағы кеңес

Анықтама, ұсынымдар

Тоқсан сайын



2

Мектеп оқушыларының оқулықтармен қамтамасыз етілуі

Оқушыларды әлеуметтік қорғау

Мектеп кітапханасының оқу-әдістемелік базасы

Тақырыптық

Талдау, құжаттаманы тексеру, әңгімелесу
хронометраж




Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог

Директор жанындағы кеңес

Анықтама

Тоқсан сайын

3

Жеңілдікті оқушылардың тегін тамақпен қамтамасыз етілуі

Оқушыларды әлеуметтік қорғау

Жеңілдікті тамақтанумен қамтылған оқушылардың тізімдері

Тақырыптық

Талдау, құжаттаманы тексеру, әңгімелесу
хронометраж




Директордың ЖТЖ жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог

Директор жанындағы кеңес

Анықтама, педагогикалық консилиум

Ай сайын

4

Үйде және инклюзивті оқытуды ұйымдастыру

Балаларды үйде және инклюзивті оқытумен қамту

Бұйрықтар,оқумен қамтылған оқушылардың тізімдері, журналдар және күнтізбелік жоспарлау

Тақырыптық

Тиісті құжаттаманы тексеру




Директордың ЖЕЖ жөніндегі орынбасары

Директор жанындағы кеңес

Бұйрық

Тоқсан сайын

5

Оқушылардың медициналық тексеруін ұйымдастыруды бақылау

Оқушылардың денсаулық жағдайын анықтау

Оқушыларды медициналық тексеру нәтижелері, оқушылар тізімі

Тақырыптық

Оқушыларды профилактикалық тексеру, талдау, құжаттама, әңгімелесу




Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог

Директор жанындағы кеңес

Жалпыға бірдей оқыту жөніндегі штаб отырысы

Тоқсан сайын

6

«Мемлекеттік қызметтер туралы» ҚР Заңының орындалуын бақылау

Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету

Мемлекеттік қызметтер стандартын орындау

Тақырыптық

Құжаттаманы талдау, тексеру




Мектеп әкімшілігі

Әкімшілік кеңес

Анықтама

Ай сайын

7

Оқу жылының басында мектепте ҚТ ұйымдастыру

ҚТ сақтау бойынша жаңа оқу жылына дайындық дәрежесі

Мектептің ҚТ құжаттамасының жай-күйі

Тақырыптық

Құжаттаманы талдау, тексеру




Еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық инспектор, Директордың ӘШБ жөніндегі орынбасары

Әкімшілік кеңес

Анықтама

Жоспар бойынша

8

Білім беру процесіне қатысушылардың «КҮНДЕЛІК» ААЖ жүргізуін ұйымдастыру

«КҮНДЕЛІК» жүйесін жүргізу бойынша нұсқаманы сақтау

Электрондық сынып журналдары

Тақырыптық

Электрондық сынып журналдарын тексеру




Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары

Директор жанындағы кеңес

Анықтама, бұйрық

Тоқсан сайын

9

КТЖ мазмұнының мектеп ЖОЖы-ның орындалуына сәйкестігін бақылау

ЖОЖ-дың толықтығы және орындалу сапасы

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар, сынып журналдары

Фронталды

Құжаттаманы тексеру, талдау




Директордың ЖЕЖ жөніндегі орынбасары

Директор жанындағы кеңес

Бұйрық, ұсынымдар

Тоқсан сайын

10

Қосымша білім беруді (үйірмелер, секциялар) жоспарлаудың мазмұны, журналдарды толтыру

Күнтізбелік жоспарларға сәйкестігі

Үйірмелер журналы, қосымша білім беру педагогтерінің жұмыстары, жоспарлары

Тақырыптық

Құжаттаманы талдау, тексеру




Директордың ТЖ жөніндегі орынбасары

Директор жанындағы кеңес

Анықтама

Тоқсан сайын


ІІ. Оқу процесінің сапасын бақылау
Білім беру процесін бақылау лауазымды тұлғалардың функционалдық міндеті болып табылады және бақылау іс-шараларын жүргізу үшін тартылатын қолбасшылықтың (басқарманың), педагогикалық құрамның мақсатты және үйлестірілген қызметінің жүйесін білдіреді. Ол кемшіліктерді уақтылы анықтау және жою, озық тәжірибені зерделеу, қорыту және тарату, қолда бар резервтерді іздеу және шебер пайдалану арқылы білім беру ұйымдарының қызметін жетілдіру жөнінде объективті ақпарат алу және жедел шаралар қабылдау мақсатында жүргізіледі.
Оқу процесін және мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыруды жүзеге асыру үшін білім беру ұйымының әкімшілігі үшін мынадай нормативтер ұсынылады (2-кесте).
2-кесте. Мектепішілік бақылауды тиімді жүзеге асыру үшін білім беру ұйымдарының әкімшілігіне келесі нормативтер ұсынылады.



Бақылау нысандары

Нормалар

1

Сабаққа қатысу, бақылау және талдау

- директордың орынбасарлары үшін айына кемінде 8 сабақ; - білім беру ұйымының директоры үшін айына кемінде 4 сабақ; - 1 сабаққа қатысу ұзақтығы – 45 минут

2

Қысқа мерзімді және орта мерзімдіжоспарларды тексеру

мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес.

3

Электронды сынып журналдарын тексеру

мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес

4

БЖБ және ТЖБ-ның жүргізілуін тексеру

мектептің бекітілген кестесі бойынша.



5

Оқыту процесінде педагогтердің қашықтан оқыту технологиялары мен ЦБР қолдануы.

мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес.

Сабаққа қатысу білім беру ұйымының басшысы алдын ала бекіткен және міндетті түрде ашық қолжетімділіктегі кесте бойынша жүзеге асырылады. Сабаққа жоспардан тыс қатысуға педагогке оның кәсіби өсуі мен дамуы үшін нақты әдістемелік көмек көрсету мақсатында ғана жол беріледі.


Білім беру ұйымы әкімшілігінің сабаққа қатысу қорытындылары бақылау парақтарында тіркеледі.
Сабаққа қатысу мақсаттары білім беру ұйымының мақсаттарына, міндеттері мен ерекшеліктеріне байланысты айқындалады.
Мектепішілік бақылаудың мақсаттарына байланысты сабақты бақылау парағы әзірленеді.
Сабақтарды бақылау, зерттеу және талдау нәтижелері оқыту процесін жақсарту, педагогтің кәсіби өсуі мен дамуы, сондай-ақ білім алушылардың білім сапасын арттыру үшін негіз болып табылады.
Сабақтарды бақылау нәтижелері пәндік әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің отырыстарында жүйелі түрде тыңдалуы тиіс.
Сабақты талдау (ауызша жүргізілуі мүмкін):
– педагогтің сабақты өздігінен талдауын;
– сабақтың жағымды және проблемалық аспектілерін бөлуді;
– педагогке ұсынымдар беруді көздейді.
Педагогтердің сабаққа жүйелі түрде өзара қатысуы ұсынылады.
Карантиндік және шектеу шаралары кезеңіндегі оқу жағдайында мектепішілік бақылау онлайн-форматта жүргізіледі.
Электрондық журналдарды тексеру нормаларын тоқсанына 1 рет айқындау ұсынылады.
Педагог дәптерлерді, жазбаша жұмыстарды тексеру нәтижелері бойынша білім алушыға кері байланыс береді (түсініктеме, орындалған жұмыстың олқылықтарын түсіндіру және т.б.).
Педагогтердің тиімді жұмысын ұйымдастыру үшін әр мектепте «мұғалімдер бөлмесі» болуы керек.
Білім беру ұйымының әкімшілігі білімнің іріктемелі тақырыптық бақылау кесілімдерін өткізуді, білім алушылардың жазбаша жұмыстарын (эссе, диктант, мазмұндама және шығарма) тексеруді жоспарлайды.
Мектептердің білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесі өзара байланысты және өзара шарттасқан элементтерді қамтиды:
1) ішкі жүйені жобалау және білім сапасын басқаруды жоспарлау (орта білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін нормативтік, ұйымдастырушылық, әдістемелік және өзге де құжаттарды әзірлеу және бекіту);
2) процестерді басқару: оқу-тәрбие, ұйымдастырушылық, әдістемелік (қажеттіліктерді зерделеу, ресурстармен қамтамасыз ету, сапаны бақылау және т.б.);
3) процестердің мониторингі және түзету (сапа көрсеткіштері мен индикаторларына қол жеткізу бойынша бағалау және талдау, мүдделі тараптармен кері байланыс, басқару жүйесі мен қызметіне білім беру қызметтерін көрсету ретінде түзету іс-әрекеттерін енгізу (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 23 маусымдағы № 292 бұйрығы).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет