Мектепішілік бақылаудың негізгі бағыттары


Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың негізгі көрсеткіштері



бет5/13
Дата05.03.2024
өлшемі57.13 Kb.
#494366
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
3.2.3-ресурс-МІБ бағыттары

Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың негізгі көрсеткіштері:
1) пәннің оқу бағдарламасы бойынша біліміндегі олқылықтар;
2) оқу-танымдық іс-әрекетіндегі олқылықтар;
3) оқуға қажетті өзіндік жеке қасиеттерінің даму деңгейінің жеткіліксіздігі;
4) эмоционалды қолайсыздық.
Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасау алгоритмі:
1) бірнеше педагогтің сабақтарды, оқыту процесін бірлесіп жоспарлауы (олқылықтардың орнын толықтыру үшін оқу материалын қайталау, бекіту, оқу тапсырмаларының минимумын орындау, қателерді талдау және жою бойынша оқу әрекетін реттеу және т.б.);
2) оқу іс-әрекеті барысында қолдау көрсету және кеңес беру;
3) бірінші сыныптың білім алушылары мен осал топтың балаларын психологиялық бейімдеуді қамтамасыз ету;
4) оқу іс-әрекетін ынталандыру (көтермелеу, табысты жағдаяттарды туғызу, оқу процесіне белсенді қатысуға ынталандыру және т.б.).
5) оқушының оқу іс-әрекетінің және оқу жетістіктерінің мониторингі (білім алушыларға жүйелі сауалнама жүргізу, оқу тапсырмаларының орындалуын тексеру, кері байланыс, өзін-өзі бағалауда белсенділікті арттыру және т.б.);
6) қосымша сабақтарды және өзара көмек беруді ұйымдастыру;
7) білім алушыға қолдау көрсету бойынша ата-аналармен жұмыс;
8) өздігінен орындайтын тапсырмалар үшін қашықтан оқыту жүйесін пайдалану.
Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасау алгоритмі:

  • академиялық үлгермеушілік себептерін анықтау;

  • білімдегі кемшіліктерді жою бойынша жеке жұмыс жоспары.

сынып жетекшісі:

  • сынып журналы бойынша білім алушылардың үлгерімін уақытылы бақылау ;

  • ата-аналарды уақтылы хабардар ету;

  • сабаққа қатысуды бақылау;

  • оқыту үшін қажетті жағдайларды жасау бойынша ата-аналармен жұмыс.

педагогке:

  • білім алушының артта қалу себептерін, оның оқу жетістіктерінің деңгейін және біліміндегі олқылықтарды анықтау;

  • жеке қолдау көрсету үшін білім алушының қажеттіліктерін зерделеу;

  • жеке тапсырмаларды таңдай отырып, оқытудың жеке жоспарын әзірлеу;

  • жүйелі кері байланысты ұйымдастыру ұсынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет