Мектепішілік бақылаудың негізгі бағыттары


Мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды бақылау бағыттары



бет9/13
Дата05.03.2024
өлшемі57.13 Kb.
#494366
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
3.2.3-ресурс-МІБ бағыттары

Мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастыруды бақылау бағыттары:
– мектептегі әдістемелік жұмыстың жай-күйі мен нәтижелілігі;
– әдістемелік жұмысты басқарудың тиімділігі мен пәрменділігі;
– мұғалімнің кәсіби құзыреттілік деңгейі;
– инновациялық жұмыстың жай-күйі мен тиімділігі;
– мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін ашу;
– оқу кабинеттерінің материалдық базасын құру.
Деректер әдістемелік қызмет басшысы құрған белгілі бір жүйе бойынша жиналады және жіктеледі. Кестелер, желілік графиктер, педагогикалық ұжымның даму процесін бақылау диаграммалары терең талдау жасауға және кемшіліктерді жоюға бағытталған түзету жұмыстарын уақтылы жүзеге асыруға ықпал ететін дерекқор болып табылады.
Әдістемелік жұмыс пен мектеп әкімшілігінің маңызды бағыты біліктілікті арттыру курстық жүйесі арқылы мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін үнемі жетілдіру және мектеп педагогтерін аттестаттауға ынталандыру болып табылады.
Педагог кадрларды аттестаттау - кәсібилік пен олардың жұмысының сапасын бағалаудағы өте маңызды рәсім. Сайып келгенде, аттестаттау арқылы білім беру ұйымдарының жоғары кәсіби кадрлық құрамын қалыптастыру қамтамасыз етіледі, бұл білім беру сапасын арттыруға әкеп соғатыны сөзсіз.
Педагогтерді аттестаттау «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және 30 кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін 130 педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдарды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығымен өзгерістер енгізілді) сәйкес жүргізіледі.
Аттестатталушылар үшін олардың құқықтары, міндеттері мәселелері, аттестаттау процесінің нормативтік негіздері бойынша топтық және жеке консультациялар өткізіледі, білім беру ұйымдарында кадрларды аттестаттауды дайындау және өткізу практикасы зерделенеді және талданады.
Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы шеңберінде берілген тапсырмасын орындау мақсатында педагогтердің біліктілігін кемінде үш жылда бір рет арттыруға қатысты Қазақстан Республикасының «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» Заңдарына өзгерістер енгізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет