Мектепішілік бақылаудың негізгі бағыттары



бет7/13
Дата05.03.2024
өлшемі57.13 Kb.
#494366
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
3.2.3-ресурс-МІБ бағыттары

IV. Оқу-зерттеу қызметі
Білім алушылардың оқу-зерттеу және жобалау қызметін ұйымдастыруға мектеп әкімшілігі мен педагогтер тарапынан басымдық беріледі.
Оқу-зерттеу қызметін тиімді ұйымдастыру үшін жалпы білім беру ұйымы қызметінің осы бағытын іске асыру бойынша мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжымның іс-қимыл алгоритмін ойластыру қажет.
Келесі іс-қимылдар міндетті басқару қадамдары болуы керек:
– мектептің барлық педагогтерін білім алушылардың оқу-зерттеу және жобалау қызметін педагогикалық қолдап отырудың әдістері мен нысандары бойынша оқыту;
– мектеп және басқа ұйымдардың өмірінде білім алушылардың жобалау және оқу-зерттеу қызметінің нәтижелерін практикалық пайдалану үшін жағдай жасау;
– жобаны дайындау процесінің және оқу-зерттеу жұмысының мониторингі;
– жобаны және оқу-зерттеу жұмысын қорғауды ұйымдастыру;
– білім алушылардың жобалау-зерттеу қызметі дағдыларының қалыптасу деңгейін бағалау бойынша диагностикалық құралдарды әзірлеу;
– оқушылардың жобалау-зерттеу қызметін психологиялық қолдап отыруды ұйымдастыру.
Оқу-зерттеу қызметі білім алушылардың ақиқатты игерудің әмбебап тәсілі ретінде зерттеудің функционалдық дағдысын игеру, ойлаудың зерттеу түріне қабілеттілігін дамыту, белгілі бір оқушы үшін жаңа және тұлғалық маңызды болып табылатын дербес алынған білім негізінде білім беру процесінде оқушының жеке ұстанымын жандандыру болып табылады. Оқу-зерттеу қызметінің негізгі нәтижесі зияткерлік өнім болып табылады.
Қазіргі жағдайда оқу-зерттеу қызметі білім беру сапасын арттыру құралы болып табылады. Үлгілік оқу бағдарламасында ұсынылатын зертханалық жұмыстар білім алушыларға пән бойынша жаңа білім алуға ғана емес, сонымен қатар зерттеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретіндей етіп іріктелген. Зертханалық жұмыстарды орындау кезінде білім алушы алынған мәліметтер негізінде жаңа білімді меңгереді, табиғат заңдылықтарын өз бетінше табады. Тәжірибе жүргізу кезінде өз зерттеуін жоспарлау және оның сұрағына жауап беру мақсатында зерттеу жұмысын жүргізуді үйренеді.
Білім беру ұйымдарында білім алушылардың жобалау және оқу-зерттеу қызметін ұйымдастыру ұйымдастырушылық-басқарушылық, оқу-әдістемелік, кадрлық, ақпараттық, дидактикалық және психологиялық-педагогикалық міндеттерді шешуде ғылыми негізделген тәсілді талап етеді. Бұл міндеттер педагогтердің кәсіби даярлығының белгілі бір деңгейін, білім алушылардың жобалау және оқу-зерттеу қызметі негізінде әдістер мен технологияларды меңгеруді талап етеді.
Бұл ретте жалпы білім беру ұйымының басшысы үшін білім алушылардың жобалау және зерттеу қызметінің маңыздылығын, оқушылардың жобалау-зерттеу жұмысының жетекші мұғалімдерін оқыту, жобалау-зерттеу қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес беру үшін мектепке ғылыми саладағы мамандарды тарту, білім беру мекемесінің жобалау және оқу-зерттеу қызметін дамыту жөніндегі кіші бағдарламасы мен жұмыс жоспарын әзірлеу қажеттілігін түсіну маңызды.
Мектеп директорының орынбасары үшін жоба немесе оқу зерттеуі орындалатын пәндер бойынша мұғалімдердің жұмыс бағдарламаларын келісу, келесі бағыттар бойынша сабақтағы және сабақтан тыс іс-әрекет шеңберінде оқу-зерттеу және жобалау қызметін ұйымдастырудың негізгі тәсілдерін әзірлеу маңызды: зерттеу, инженерлік, қолданбалы, ақпараттық, әлеуметтік, ойын, шығармашылық, мектептің ерекшеліктеріне, сынып ерекшеліктеріне, ОТП міндеттеріне сәйкес.
Жобалау-зерттеу қызметі білім алушылардың жеке басын дамытудың бірегей құралы, педагог пен оқушының дамуына ықпал ететін, білім берудің жоғары деңгейін қалыптастыратын білім беру процесінің пәрменді факторы болып табылады. Белгілі болғандай, жобалау және оқу-зерттеу қызметі оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Демек, білім беру ұйымдары әкімшілігі мен педагогикалық ұжымының басты міндеті білім алушылардың оқу-зерттеу және жобалау қызметін сауатты ұйымдастыру және кәсіби психологиялық-педагогикалық қолдап отыру болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет