Тақырыбы: «Құстар алаңында»
(ойын, суреттерді және бейнефильм қарау)
Мақсаты: Үй құстары: тауық, үйрек, қаз туралы түсінігін анықтау. Балаларды себеп-салдарлы сипатта сұрақ қоюға ынталандыру. Үй құстарын күту ерекшеліктері туралы түсінігін кеңейту.
|
1
|
13
|
Тақырыбы: «Не қайда өседі»
(ойын, суреттерді және бейнефильм қарау)
Мақсаты: Балаларға өсімдік әлемінің түрлілігі және оның тіршілік ету ортасымен байланысы, сонымен қатар кейбір өсімдіктердің өсу орындары (бақша, саябақ, бау бақшада, орманда) туралы түсінік беру.
|
1
|
14
|
Тақырыбы: «Анашым естісін»
(ойын, суреттерді және бейнефильм қарау)
Мақсаты: Балаларға жануарлар өз баласын қалай қорғайтыны туралы білім беру: қоректендіреді, қамқорлық көрсетеді, әдеттерін үйретеді, індерін әзірлейді. Жануарлар және олардың балалары туралы білімдерін бекіту. («Не, ненің баласы»).
|
1
|
15
|
Тақырыбы: «Ызғарлы қыс келді» (табиғатқа саяхат жасау)
Мақсаты: Табиғатта, ауа райында, өсімдік әлемінде, адамдардың киімінде қарапайым өзгерістерді байқауға үйрету. Себеп-салдарлық сипатта сұрақ қоюға тәрбиелеу, қоршаған ортаға деген қызығушылығын ояту. Балаларға табиғатта ауа райының жағдайын (қырау, қар) бақылауға және табиғат күнтізбесінде белгілеп отыруға үйрету.
|
1
|
16
|
Тақырыбы: «Шөлдала кемесі» (суреттерді және бейнефильм қарау)
Мақсаты: Қазақстанның үй жануарлары, оларды қамтамасыз ету ерекшеліктері туралы түсінігін кеңейту. Түйемен таныстыру. Тіршілік ету ортасы, сипатты ерекшеліктері, қозғалу әдістері, қосалқы шаруашылықта қолдану ерекшеліктері туралы білім беру.
|
1
|
17
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |