Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
- айналадағы ағаштар: шырша, үйеңкі, қайың, шетен, терек; ағаштардың ерекшеліктері: діңі, бұтағы, жапырақтары, тікенектері.
Нені игереді:
- күз құбылыстары туралы түсінік: жапырақтардың түсуі, күннің салқындауы.
Нені біледі:
- ағаштарды жапырақтарына және түсіне қарай ажырату.
Ортаңғы топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
«Қатынас» білім беру саласы
Тіл дамыту
Тақырыбы: «Әжем қонаққа келді» (Әжеге шай беру)
Мақсаты: балаларда шайға арналған ыдыстар, олардың неге арналғандығы жөніндегі білімдерін қалыптастыру;
Қостілділік компонент: әже -бабушка
шай -чай
ыдыс – посуда
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Ермектің әжесі бүгін қонаққа келетінін хабарлау.
|
Балалар әжеге шай беру ниеттері мен дайындыққа қызығушылықта
рын білдіреді.
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
«Шай дастарханын жаямыз» ойынын ұйымдастыру.
«Жаңа сөз ойлап тап» ойын- жаттығуы.
«Әжем қонаққа келді» ғажайып сәті.
«Қайнаған шайнектің дыбысы»
ойын-жаттығуы.
«Шәй демдейміз» ойынын ұйымдастыру.
|
Шайға арналған ыдыстарды, олардың бөліктерін атай отырып, дастархан дайындайды.
Жұрнақтар жалғау арқылы жаңа сөз жасайды. Мысалы: шай+нек=шайнек, сүт құй+ғыш=сүт құйғыш.
Балалар әженің келгеніне қуанып, онымен сәлемдесіп, дастархан басына шақырады (мәдениеттілік пен әдеп).
Шайнектің қайнаған дыбысына салып, уілдейді (у-у-у).
Шайнекке шай салып, қайнаған, ыстық су құйып, шай демдейді. Сосын оған сүт, қант қосады. Әжеге ұсынады.
|
Рефлексивті – түзетушілік
|
Әжемен, балалармен және тәрбиешімен бірге шай ішуді ұйымдастыру.
|
Балалар шай ішіп, әжеге құрмет көрсетеді, бәрінің көңілі көтеріңкі.
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
- шайға арналған ыдыс-аяқтар мен олардың бөліктерін біледі, аттарын атайды. Қызметі мен қолданылуын біледі. Қонақ қабылдау әдебі.
Нені игереді:
- жұрнақтардың көмегімен сөзден сөз тудыру: шайнек, құйғыш.
Нені біледі:
- қонақасы мен шай демдеу кезеңдерін атап, даярлау және көрсету;
- ойын жағдайына айналдыру (құманға шай салып, үстінен ыстық су құю, шайға сүт немесе қаймақ қосып, қонақтарға ұсыну); «У» дыбысын бір деммен ұзақ әрі бірқалыпты айту.
Достарыңызбен бөлісу: |