Сәндік жапсыру
Тақырыбы: «Тақияны әшекейлеу»
Мақсаты: Балаларға шеңберлерді шаршының бұрыштарын дөңгелету арқылы қиюға, кескінде түстерді кезектестіріп, оюды құруға (шеңберлер - «Күн») үйретуді жалғастыру. Қайшымен және желіммен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру және бекіту. Эстетикалық қабылдауды дамыту.
|
1
|
8
|
Сюжетті жапсыру
Тақырыбы: «Шыршаға моншақтар»
Мақсаты: Шеңбер және сопақ пішіндері туралы білімдерін бекіту. Пішіндерді домалақ және сопақ моншақтарды алу үшін тікбұрыштардың және шаршылардың бұрыштарын кесуге; пішіндері әр түрлі моншақтарды кезектестіруге, мұқият, түзу, парақтың ортасына жапсыруға үйрету.
|
1
|
9
|
Сюжетті жапсыру
Тақырыбы: «Арбадағы ойыншықтар»
Мақсаты: Балаларға қайшымен қолдануға үйрету: доларды дұрыс ұстау, қағазды түзу кесу, шеңберді алу үшін шаршының бұрыштарын дөңгелетуді үйрету. Бөліктерді дұрыс орналастырып және оларды мұқият жапсырып, суретті құруға үйрету. Олардың ынтасын дамыту.
|
1
|
10
|
Заттық жапсыру
Тақырыбы: «Аққала»
Мақсаты: Балаларға шеңбер және сопақ пішіндерді алу үшін бұрыштарды біркелкі дөңгелетіп кесуге; композицияны құруға үйретуді жалғастыру.
|
1
|
11
|
Сюжетті жапсыру
Тақырыбы: «Жайлауда»
Мақсаты: Дайын кесілген суреттерді қолданып (таулар, ағаштар, киіз үйлер), ұжымдық жұмыстарды орындауға және жырту тәсілді қолданып, оларды ұсақ бөлшектермен (гүлдер, қойлар, бұлттар) толықтыруға үйрету.
|
1
|
12
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |