Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің көлемі
1
|
Тақырыбы: «Таныс болыңдар, балабақша» (балабақшаға саяхат: топ, асхана, кір жуатын бөлме)
Мақсаты: Балаларды балабақша қызметкерлерінің еңбегімен таныстыруды жалғастыру. Балаларға қамқорлық көрсететін ересектердің еңбектерін қадірлеуді тәрбиелеу.
|
1
|
2
|
Тақырыбы: «Менің отбасым» (отбасы туралы фотосуреттерді, суреттерді қарау)
Мақсаты: Балаларды өзінің отбасылары, сүйіктілері, олардың мейірімі мен жанашырлығы туралы әңгімелеуге талаптандыру. Отбасы бұл бірге тұратын, бірін-бірі сүйетін, бір-біріне қамқор болатын адамдар деген түсінікті қалыптастыру, жақындарына қамқорлық көрсету ниеттерін тәрбиелеу, өзінің отбасы үшін мақтаныш сезімін дамыту.
|
1
|
3
|
Тақырыбы: «Мен кіммін, мен қандаймын» (әңгіме мен практикалық жаттығулар)
Мақсаты: Өзі және өзінің жай-күйі туралы түсінігін кеңейту. Өзін өзі тану талаптарын мадақтау (дене мүшелерін, көру, есту, дәм, иіс сезімдер, тактильді түйсіну мүшелерін, эмоцияларын). Басқа балалардың сыртқы келбеттерінен, жүріс-тұрыстарының, әдеттерінің ерекшеліктері бойынша ажырата білуін дамыту. Бір-біріне ілтипатты болуды тәрбиелеу.
|
1
|
4
|
Тақырыбы: «Адам – тірі жан» (видеороликтерді көру, практикалық жаттығулар)
Мақсаты: Өзін адам әлемінің өкілі ретінде алғашқы түсінігін кеңейту. Адамдардың бір-біріне ұқсастығы және айырмашылығы болатынын түсінуге үйрету (сыртқы түрлерінде, әдеттерінде, әр түрлі сезімдерді бастан кешіреді, көңіл күйлері әр түрлі болады). Өсу үшін адамға су, жарық, жылу, ас, қимыл мен демалыс, күтім мен махаббат қажет. Адамдар бірдей сезім бастан кешеді: қуаныш, ауру, реніш. Ересектер мен құрдастарына ақ ниетті болуды тәрбиелеу.
|
1
|
5
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |