Тақырыбы: «Бақшамызда өседі...»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорына (сәбіз, қияр, қызанақ) көкөніске қатысты заттарды білдіретін сөздерді енгізу. Негізгі түстерді бекіту. «Түсі қандай?» сұрағына жауап беруге үйрету. Сын есімнің зат есімге және сан есімге түрленуін (қызыл қызанақ, жасыл қияр) үйлестіруге үйрету.
|
1
|
5
|
Тақырыбы: «Өсімдік әлемі»
Мақсаты: Балаларды айналасындағы ағаштар: ақ қайың, емен, терек және табиғат қойнауында өсетін гүлдер атауымен таныстыру. Негізгі түстерді бекіту.
|
|
6
|
Тақырыбы: «Жыл мезгілдері».
Мақсаты: Балаларды жыл мезгілдерінің атауымен және оның жылы, суық, ыстық негізгі сипаттық белгілерімен таныстыру. Сөйлеу барысында: «Қазір күз мезгілі. Күн жылы (суық, ыстық)» cөзтіркестерін қолдануға үйрету.
|
1
|
7
|
Тақырыбы: «Көлем»
Мақсаты: Заттың көлемін анықтауда қолданылатын (үлкен-кішкентай, ұзын-қысқа, биік-аласа) сөздерді ұғындыру. «Көлемі қандай?» сұрағына жауап беруге үйрету.
|
1
|
8
|
Тақырыбы: «Жеміс-жидек пісіпті, ағаштан үзіліп түсіпті»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорына жемістер (алма, алмұрт, апельсин) атауын енгізу. Сын есімнің зат есімге және сан есімге түрленуін үйлестіруді үйрету. «Түсі қандай?», «Көлемі қандай?» сұрақтарына жауап беру білігін бекіту.
|
1
|
9
|
Тақырыбы: «Ойыншықтар»
Мақсаты: Балалардың сөздік қорына ойыншықтардың атауын және оның түрлерін (жұмсақ, ұлпа, ағаш, қатты, темір) енгізу. Жай сөйлемді қолданып сөйлеуге үйрету. (Бұл - қонжық. Қонжық - ұлпадай жұмсақ).
|
1
|
10
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |