Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
Мотивациялық-қозғаушылық
|
Ю. Тувиманың «Көкөніс» өлеңін талдау.
Үй иесі әйелі базардан не алып келгені туралы еске түсіруге итермелейді
Көкөністері бар себетті бөлуге және оларды қарауға ұсыну. Жеміс-жидектері бар басқа себетке назар аударады.
Жеміс-жидектері бар себетті бөлуге және оларды қарауды ұсыну.
Заттардың құрамы мен сапасын білдіретін сөздермен балалардың тілін байыту (көлемі, түсі, түрі).
|
Өлеңді талдауда қызығушылық таныту (көкөністерді еске түсіріп атайды және өлеңдегі айтылғандарды көкөністердің арасынан теріп алады).
Талқылауға қатысу (сұрақтарға жауап береді, себетте тұрған көкөністер мен жидектерді ажырату үшін тәрбиешіге көмектесу ниетін білдіреді)
Заттарды қарау (екі себеттің ішіндегісін зерттеп қарайды, көкөніс пен жидектерді ұстап анықтайды).
Көкөніс пен жеміс-жидектердің сапасы мен құрамын айту (көлемі, түсі, түрі).
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
«Бау-бақшада» ойынын ойнауды ұсынады.
«Бау-бақшада»
суреттеріне бағдарлай көкөніс және жеміс-жидектерді бөлек қою.
Жалпылауыш сөздерді сөздікке ендіру (көкөніс, жеміс-жидектер).
«Көкөніс пен жеміс-жидектерді ата», «Айтып берші, ол қандай», «Шикілей нені жеуге болады, ал нені пісіріп жейді» ойындарын және ойын жаттығуларын ұсынады.
Кейбір көкөніс пен жеміс-жидектерді, олардың көлемін, түсін екі тілде айтады.
Балаларды қолдайды және мадақтайды.
|
Ойынға қатысу («Бақшада»
суреттеріне бағдарлай көкеніс және жеміс-жидектерді бөлек қояды, «қайда өседі?» сұрақтарына жауап береді, (талқылауға қатысып көкеніс пен жеміс-жидектердің сапасы мен құрамын, оны қалай жеу қажеттігін және қайда өсетінін талқылайды).
Көкөніс пен жеміс-жидектердің түр-түсін екі тілде айтып қайталау.
Көру және әдебиет бейнесінің арақатысын белгілеу.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |