«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет54/238
Дата05.01.2023
өлшемі1.5 Mb.
#468161
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   238
«мектепке дейінгі балалы ша » республикалы орталы ы мектепке д

Сөздік қор
Балалармен сөйлескенде немесе қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейткенде тіл үлгісі ретінде (зат есім, етістік, сын есім, үстеу) әртүрлі сөздіктер қолдану қажет.
Баланы жаңа материалдармен және объектілермен таныстырғанда, аттарын атап, мағынасын түсіндіру қажет.
Қоршаған ортадағы және әдебиет мәтініндегі жаңа сөздерді тыңдауға, оларды бөліп көрсетуге мүмкіндік жасау.
Бала үшін маңызды және түсінікті олардың өмірі жайлы әңгімелерге қатыстыру қажет.
Ойында, тұрмыста заттардың (киімдер, ойыншықтар) бөліктерін, сапасы мен қасиеттерін дұрыс атауға және ажыратуға үйрету.
Балаға заттардың сапасы мен қасиетін суреттеуге қажетті сөздер таңдайтын, заттың тобын қолданатын, синоним және антонимдерді білдіретін сөздерді таңдай алатын жағдайларды құру.
«Бұл туралы не айтуға болады?», «Қандай сөз таңдап алуға болады?» сұрақтарына ойланып жауап беруге мүмкіндік беру.
Шығармалар оқу, әңгімелесу барысында жаңа сөздерді түсіндіріп, қызығушылықтарын тудыру.
Бала адамдардың көңіл күйі мен жағдайына байланысты сөздерді қолдануына жағдай құру (көңілді, жабырқау, мейірімді адам).
Жаңа сөздермен эксперимент жасау үшін жағдайлар жасайды.
Бала тілін әзіл-оспақ, ұйқас сөздер, өлең-тақпақтар арқылы байыта отырып, сауатты болуына қол жеткізеді.
Тілдің грамматикалық құрылымы
Сөздердің көпше, жекеше түрде, септіктерде байланысу үлгілерін көрсету.
Бала өз тілінде жануарлардың және олардың төлдерінің атауларын (қой - қойлар, қошақан — қошақандар) білдіретін зат есімдерді жекеше және көпше түрде, сонымен бірге таныс заттар мен ойыншықтарды барыс септігінде көпше түрде (боталарға, текшелерге) қолдануы үшін ойын жағдайларын құру.
Сөз қосымшаларын дұрыс түсіну және қолдану үшін ойындар өткізу. Мысалы: «Не қайда жатыр (тұр, ілініп тұр)?».
Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін дұрыс пайдалана білуде сөздік ойын ұйымдастыру (Мен жейдені, шалбарды, шұлықты киемін).
Балаларды дұрыс грамматиканы қолдана отырып, жауабы бір немесе бірнеше сөзден тұратын, аяқталған ойды білдіретін сөйлемдер құрастыруға тарту.
Әңгімелесуде, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаға сұрақ қоя отырып, жауап беру үшін жеткілікті уақыт берген дұрыс, өйткені кейбір балаларға сұрақты түсіну үшін көбірек уақыт қажет.
Өз жауаптарында дұрыс грамматикалық құрылымдар жасап, жаттыға отырып, күн бойында баланы әңгімеге тарту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   238




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет