ҚМҰҚ
Топтарды салыстыру негізінде сандық мәндерді дұрыс талдап қорыта білуді дамыту. Шаршымен таныстыру.
Құрастыру
Табиғи материалдардан жануарлар жасауға үйрету. Материалдарды ұқыпты, үнемді падалануға тәрбиелеу.
|
Сурет салу
Түстерді, композицияны сезуді дамыту. Жануарлардың суретін, тұлғасының горизонталды қалпын және денесінің мүшелерінің құрылымын көрсетіп, салуға үйрету.
Мүсіндеу
Бірнеше бөліктерден заттарды мүсіндеу, оларды орналастыру, пропорцияларды сақтау, бөліктерді біріктіру дағдыларын қалыптастыру. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Музыка
Музыкалық шығармаларды соңына дейін тыңдауға, оларды тануға үйрету. Бір қарқында дыбыстаудың бірдей күшімен ән айтуды жетілдіру. Музыканың сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау дағдыларын қалыптастыру.
|
|
|
Құстар – біздің досымыз
(ІІІ апта)
|
Дене шынықтыру
1. Түрлі қимылдарды түрлі қарқында музыкалық сүйемелдеу: ырғақты жүру, жеңіл жүгіру. Мұзды жолдармен өздігінен сырғанау. Екі аяқтың ұшымен итеріліп, орташа биіктікке секіру.
2. Шашырап жүру және жүгіру. Екі аяқтың ұшымен итеріліп, орташа биіктікке секіру. Алақан мен табанға сүйеніп төрт тағандап еңбектеу.
3. Орта жылдамдықпен жүруді кезектестіре отырып, 40-50 метрге жүгіру. Алақан мен табанға сүйеніп төрт тағандап еңбектеу. 2 метр арақашықтықта допты бір-біріне төменнен лақтыру.
|
Сөйлеуді дамыту
Тілдің қарқынын өзгерту біліктерін бекіту. Құстар туралы тақпақ оқу. Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Көркем әдебиет
Сурет бойынша құстар туралы шағын әңгіме құрастыру.
Құстарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |