|
Туған өлкем
(ІІ апта)
|
Сөйлеуді дамыту
Т: «Біздің еліміз» әңгіме.
М: Шағын әңгімелер айтып беруге үйрету. Туған өлкеге байланысты өлеңдер оқу. Қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері, ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту.
|
ҚМҰҚ
Т: «5-санымен таныстыру»
М:«Алдында - артында, сол жақта – оң жақта» заттардың бағыты мен орналасуын анықтауды үйрету. 5 санымен таныстыру.
Жаратылыстану
Т: «Өсімдіктер әлемі»
М: Өсімдіктер әлемінің өзіндік ерекшелігі және оның тіршілік ортасымен байланысы, кейбір өсімдіктердің өсетін орны туралы түсінік беру. (бау-бақша,саябақ,бақша,орман)
|
Сурет салу
Т: «Моншақ»
М: Дөңгелек пішінді заттарды салу. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер шығармаларымен таныстыру барысында эстетикалық қабылдауын дамыту. Балалардың шығармашылық жұмыстарын бағалау.
Аппликация
Т: «Қошқармүйіз оюы»
М: Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру. Қайшыны дұрыс ұстау және пайдалану дағдыларын жетілдіру.
|
|