6- слайд
Мектепке дейінгі мекеменің міндеттері:
-салауатты өмір сүру салтының құндылығына балаларды қатыстыру;
-эмоционалдық аман-саулығын қамтамасыз ету, әр түрлі көркемдік іс-әрекет түріне жағдай жасау;
-талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту;
-айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру;
Бастауыш мектептің міндеттері:
-салауатты өмір сүру салтының құндылығын қалыптастыру және өзінің тәртібін осыған сай реттеу;
-қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынас дайындығын дамыту. (эмоционалды, интеллектуалды, коммуникативті және іскери)
-мектепте оқуға үйрену деген тілегін қалыптастыру;
-әр түрлі әрекетте бірлесе жұмыс істей білуі мен өздігінен жұмыс істеуін дамыту;
-мектепке дейінгі мекемедегі жетістігін жетілдіру, мектепке дейінгі мекемеде дамуында қалыптаспаған сапасына арнайы көмек көрсету;
-мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сыныптың сабақтастық бойынша жұмысын ұйымдастыру:
-мектепте оқып үйренуіне жағдай жасау;
-мектепте оқуға психологиялық дайындығын қалыптастыру;
-бала дамуының үдіксіз білім беру жүйесін құру.
Мектепке дейінгі мекеменің мақсаты:
-денсаулығын сақтау, нығайту;
-психологиялық дамуына жағдай жасау (есте сақтау, ойлау, қабылдау)
-мектепте оқуға дайындау (мектеп, мектеп ережесі, қоңырау, үзіліс)
Бастауыш мектептің мақсаты:
-денсаулығын сақтау нығайту;
— қабілеттерін, ойлауын дамыту;
-ерік, жігер сезімін дамыту.
7-слайд
Екі ұйым арасындағы әрекет:
Мектепке дейінгі мекеме-танымдық әрекет-мағлұмат алады, талдайды, ойнайды, білім алып, тәжірибе жасайды. Бастауыш сынып-оқу әрекеті-оқи алуға үйренеді, оқығысы келеді, жаңа мазмұнды меңгереді, жаңа түсініктер қалыптасады. Мектеп пен мектепке дейінгі мекемедегі сабақтарды салыстыра отыра келесі ұқсастықтарды атап айтуға болады: Бір маңыздылық: балалардың танымдық әрекетін басқару, білім және білікпен қаруландыру бірмезетте жан-жақты тәрбиелеу. Оқыту мектепте де, мектепке дейінгі мекемеде де бағдарлама бойынша өткізіледі. Айқын және қатаң ұйымдастыру: әрқашан, әр уақытта нақты сабақ кестесі, әр баланы оқыту міндеті, педагогтың барлық балалармен ұжымдық жұмыс жүргізуі.
Достарыңызбен бөлісу: |