Мектепке дейінгі мекеме мен мектептің ерекшеліктері:
Балаларды мектепке даярлау кезеңінде назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады:
-баланың дене бітімімен бірге, саусақ сүйектерінің дамуы мен көру қабілеті т.б.
-іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыра білуі;
-құрбыларымен, үлкендермен қарым-қатынасы;
-қоршаған ортасын қабылдау бейімі т.б.
8-слайд
КМҚК «Жазира» бөбекжайының Б.Қыдырбекұлы атындағы орта мектебімен сабақтастық жұмысының жоспары
Мақсаты:Педагогикалық үдерістің байланысы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету, балалардың білімдерін мектепте сәтті жалғастыруға дайындау.
№
|
Шаралар
|
Жұмыс мазмұны
|
Мерзімі
|
1
|
Мектепаралық байланыс туралы ортақ отырыс
|
Балабақша мен мектептің бірлескен жұмыс жоспарын талқылау және бекіту
|
Қыркүйек
|
2
|
Балабақша түлектері – мектепте
|
Жылдық есеп мәліметіне енгізу: Балабақша түлектерінің 1 сынып, мәліметтерін алу.
|
Қазан
|
3
|
«Менің – болашақ» мектебім
|
Саяхат: №1 саяхат жасау болашақ мектептеріне деген жағымды сезім қалыптастыру.
|
Қараша
|
4
|
«Тәсіл –негізі тәжірибеден»
|
Мектеп және балабақша педагогтарының өзара сабақтарға, ертеңгіліктерге, спорттық шараларға, «Ашық есік күндеріне» қатысуы
|
Тоқсанға бір рет
|
5
|
«Қысқы ойындар»
|
Мектепалды дайындық топ балалары арасында спорттық кеш ұйымдастыру
|
Ақпан
|
6
|
«Менің – болашақ» мектебім
|
Саяхат: №2 саяхат жасау болашақ мектептеріне деген жағымды сезім қалыптастыру.
|
Наурыз
|
7
|
Бірлескен сурет көрмесі
«Әлем-балалар көзімен»
|
Мектепалды дайындық топ балаларының бірлескен сурет көрмесі
|
Сәуір
|
8
|
Балалардың мектептегі оқуға дайындығы туралы мониторинг
|
Балалардың мектептегі оқуға дайындығы туралы мониторинг жүргізу, нәтижесін талдау
|
Мамыр
|
9-слайд
Мектепалды дайындық тобының мұғалімдері мен тәрбиешілері «Баланы мектепке даярлау» мақсатында балаларды партаға отырғызып, мектептік типте сабақтар жүргізеді. Мұндай жерде көбіне балалардың негізгі қызметі ойын екені естен шығарылады. Тек танымдық, дамытушылық ойындардың көмегімен білім негізі қалыптаса бастайды. Осылайша, қазіргі заманда сабақтастықтың құрылымы табиғи жолмен емес, жасанды түрде жүзеге асады, себебі бастауыш мектептегі әдіс-тәсілдер, балалармен жұмыс түрлері мектепалды дайындық топтарында кең қолданылады. Сондықтан да бұл мәселені бірден 2 жақты қарастырған жөн. Ал, ұйымдастыру жоспарында мәселені шешудің мынадай жолдары қарастыруға болады:
Біріншіден, балалардың мектепалды дайындық тобында қалыптасқан білім, білік, дағдыларын бағалау қажет емес, олардың даму деңгейін бағалау қажет деп ойлаймын. Екіншіден, бастауыш мектеп мұғалімдері білім беру мен тәрбиелеу үрдісінде мектепалды дайындық тобына сай ойын әдістерін тиімді қолдана білсе.
Сонымен қатар бұл шақта баланың көрнекі-әрекеттік және бейнелі-ойлау түрлерін де жетілдіруді қажет етеді. Өкінішке орай, көптеген әріптестеріміз ойлаудың бұл екі түрін көп елемей, тез арада сөздік-логикалық ойлауды дамытуға кіріседі. Алайда, бала ойлауының жоғарғы формаларының жетік қалыптасуы нақ осы көрнекі-әрекеттік, көрнекі бейнелілік түрлерін берік қалыптастырып, сөздік логикалық ойлау түрлерін біртіндеп дамытуға байланысты жұмыстар жүргізілуі қажет.
Көрнекі-әрекеттік ойлау-нақты заттарды пайдаланып, белгілі мақсатты көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында өзінің іс-әрекетін саналы басқару және бақылау, бағыттап, ойластырып әрекет ету қабілеті дамытылады. Көрнекі-бейнелілік ойлау-заттардың бейнелерімен ойда әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында мақсатқа жетудің әртүрлі жолдарын, бағыттарын, әдіс-тәсілдерін табу қабілеті дамиды.
Сөздік-логикалық ойлау-сөз немесе белгі арқылы бейнеленген ұғымдармен нақты ережелерге бағына әрекет ете отырып, белгілі мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында пайымдау және сол пайымдау арқылы берілген шарттан ауытқымай нақты қорытынды шығара білу қабілеті дамиды. Осындай жұмыстарды бірлесе отыра атқаратын істер сабақтастық мәселесін шешудің тиімді бағыты деуге болады.
Сабақтастық мәселесін шешуде ата-аналармен жұмыс жүргізу бала дамуының бірыңғай кеңістігін жасаудың белсенді бағыты ретінде де қаралуы тиіс. Өйткені, ата-аналардың көпшілігі бала тәрбиесіндегі педагогикалық талаптардан бейхабар болуы мүмкін. Сондай-ақ баланың физиологиялық-психологиялық даму ерекшелігінен де назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады. Сондықтан педагог қауымның алдына қойған қосымша-ата-аналармен жұмысты одан әрі жетілдірудің тың жолдарын қарастыра отырып, ортақ мақсатқа жетудің ұтымды сәттерін жіберіп алмау.
Мектепке дейінгі мекеме, бастауыш буын мен ата-ана арасындағы сабақтастық сақталғанда баланың мектепке жалпы, арнай және психологиялық жағынан қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, бастауыш сыныптағы оқыту мен тәрбие беру жұмыстарының негізі қаланып, мектепке дейінгі балалық шақтан жүйелі оқытуға кедергісіз көшу үшін жағдай жасалады. Қорыта айтқанда, жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша елімізде ауқымды іс-шараларды жүзеге асыру қолға алынуда. Тәрбие-білім беру әрбір баланың мектепке келуге және жетістіктерге қол жеткізуге деген қызығушылығын арттыру үшін жағдай туғызуға, білім алуға үнемі алға басуына кепілдік беріп отыруы қажет.
Білім беру әр бала, әр оқушы үшін тұлғалық мазмұндығын қамтамасыз етуге және ол үшін өз ісінеде, өз өмірінде жеке тұлғалық ойын, құруға, өзіндік қорғану, өзіндік тәрбиелеу механизмін қалыптастыруға және адамдардың адаммен, табиғат, өркениет, мәдениет пен қауіпсіз қарым-қатынас жасауын қамтамасыз етеді. Білім беру баланың жеке тұлғасында адамдық экологияны сақтап, тәрбиелеуге, өмір маңыздылығына, жеке бас бостандықтарына адамгершілікке тәрбиелеуде адамның қалыптасу функциясын қалыптастыру керек. Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі мақсатымыз ізгі іспен көмкеріліп, үзіліссіз жүйемен өріліп жатса, еліміздің әрбір азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |