мектептегі оқыту әдістері



бет2/4
Дата11.12.2022
өлшемі21.49 Kb.
#467008
1   2   3   4
7-8

1.Индукция және дедукция әдістері – жалпы оқыту әдістерінің әрқайсысының логикалық жағын көрсетеді. Әңгіме, әңгімелеу және дәріс оқу индуктивті (жалқыдан жалпыға) немесе дедуктивті (жалпыдан жалқыға) түрде құрылады. Яғни, алдымен жалпы тұжырымдар жасалып, одан кейін оны растайтын фактілер келтіріледі немесе керісінше алдымен фактілер келтіріліп, одан кейін (оқушыларды қатыстыра отырып) қорытынды жасалып жалпыланады. Оқу материалдарын индуктивтік тәсілмен беру, негізгі мектепте (7 – 9 сыныптарда) дедуктивтік әдіспен беріледі. Себебі, қазіргі кезде танып – білуде және ғылыми зерттеулерде физикалық теория мен математикалық есептеу әдістері, эксперименттік әдіспен бірдей деңгейде қолданылады.
Қазіргі кездегі жаңа физика – эксперименттік және теориялық ғылым. Бұл жағдай физиканы оқытудың жоғарғы сыныптарында дедуктивтік әдісті қолдануды күшейте түседі.
2.Бақылау әдісі. Бақылау нысананың немесе құбылыстың өзіне тән қасиетін және ерекшелігін жоспарлы түрде алдын – ала танып білу. Бақылаушы табиғаттағы өтіп жатқан процеске әсер етпейді, оның қорытындысын кесте, график түрінде жазып алып белгілі заңдылықтар мен теориялар арқылы түсіндіреді.
Мысал ретінде броундық қозғалысты бақылауды алып қарастырайық. Микроскоп арқылы оқушылар сұйықта (немесе газда) қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысын бақылайды. Бұл бөлшектердің бейберекет қозғалыста болатынын және бұл қозғалыстың тоқталмайтынын байқайды. Бөлшектердің қозғалыс траекториясын көре отырып, бірдей уақыт аралықтарында жүргізілген жолдардың бірдей еместігін көреді. Температура жоғарылаған сайын, оның қозғалысының интенсивтілігі артады. Қорытындысында броундық қозғалыс молекулалардың бар және үнемі қозғалыста болатынын дәлелдейді.
Бақылау кезінде зерттеуші бақыланып отырған процеске ықпал жасай алмайды. Сондықтан да бақылау әдісінің бірнеше кемшіліктері бар.
1. Қарастырылып отырған құбылысты, басқа денелердің әсерінен бөліп алып бақылауға болмайды. Мысалы: денелердің еркін түсу құбылысын бақылай алмаймыз, себебі ауаның кедергі күші әсер етеді.
2. Құбылысты оқып – үйрену үшін оны қайталауға болмайды, тек оның өздігінен қайталануын күту керек. Мысалы, аспан денелірінің қозғалыс траекториясын бақыласақ.
3. Құбылысты әртүрлі жағдайларда бақылауға болмайды. (Жан – жақты зерттеуде бұл өте керек).
Осы кемшіліктер зерттеушінің бақылаудан, экспериментке көшуіне мәжбүрлейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет