6.Болжау.Ойша эксперимент.Болжау әдісі – белгілі фактіге сүйене отырып, бақыланған құбылысқа немесе заңдылыққа болжам жасау. Болжау ескі және жаңа фактіні жинақтап қоймай, оларға түсініктер беруге тырысады. Мысалы, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесін жасағанда кейбір химиялық эксперименттердің атомдық массасы дұрыс есептелмегені айтылған еді. Кейіннен экспериментте бұл болжамның дұрыс екендігі анықталды.
Ойша эксперимент әдісі - шындығында жасалмайтын, эксперименттік жағдайға теориялық талдау жасау. Ойшаэксперимент әдісі физиканың бүкіл даму тарихында жаңа физикалық құбылыстарды түсіндіруге, жаңа заңдарды ашуға, ғылыми теориялар жасауға арқау болады. Мысалы Ньютонның бірінші заңын қарастырғанда ойша экспериментке жүгіндік(мұз алаңындағы шайба қозғалысы). Галилей әртүрлә арбашалар мен шарлардың горизонталь көлбеу жазықтарда (үйкеліс күші жоқ деп қарастырып) қозғалысын қарастырып инерция заңын ашты.
Достарыңызбен бөлісу: |