Мақсат /не үшін?/ - мазмұн /не?/ - әдіс, құрал /қалай?/ - нәтиже /қандай?/.
Педагогикалық іс-тәжірибені зерттеудің жоспары
№
р/с
|
Тақы-рып
|
Зерттеу мақса-ты
|
Автор
|
Шығармашы-лық жұмыс тобы
|
Жұмыс-тың кезеңдері
|
Жинақтау-дың формасы
|
Тарату форма-сы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жұмыстың кезеңдері:
1 кезең – қыркүйек. Проблема бойынша әдебиеттерді зерттеу.
2 кезең – қазан – қаңтар. Оқу сабақтары мен дидактикалық материалдарға талдау.
3 кезең – ақпан. Материалды жинақтау, педагогикалық озық іс-тәжірибені сипаттау.
Педагогикалық озық іс-тәжірибені сипаттаудың формасы:
1 кезең – қазан. Педагогикалық тәжірибеге ғылыми негіздеме, библиография.
2 кезең – ақпан. Қатысқан оқу сабақтары мен жиналған материалдарға озық іс-тәжірибенің компоненттерін қолдана отырып қорытынды талдау жасауға дайындық.
3 кезең – наурыз. Тәжірибені жазуды аяқтау. Компьютерлік вариантына тұсаукесер. Дидактикалық материалды баспаға тапсыру.
Педагогикалық іс-тәжірибені зерттеу әдісі:
1. Құжаттарға талдау: оқушылардың біліміне жасалған мониторинг негізінде педагогикалық қызметтің нәтижесін зерттеу; автордың бар немесе қазіргі қолданыстағы іс-тәжірибе ұсыныстарымен педагогикалық қызметтің дәстүрлі емес жағын айқындау мақсатында құжаттарын (оқу-әдістемелік, дидактикалық, аттестация материалдары және т.б.) салыстыру.
2. Сауалнама: зерттелетін педагогикалық іс-тәжірибенің әріптестеріне, оқушыларға, ата-аналарға мәні жөнінде социологиялық зерттеу.
3. Талдау: педагогикалық іс-тәжірибенің жалпы белгілері мен құрамындағы бөлімдерінің өзара байланысын нақты бөліп көрсету.
4. Байқау /бақылау/: оқу - тәрбие үдерісі мен құбылыстарды тура және тікелей тіркеу арқылы ақпарат жинау.
5. Салыстыру: зерттеу әдісі.
6. Өзін бағалау әдісі: жеке тұлғаның басқалармен салыстырғанда өзінің шеберлігін, мүмкіндігін, сапасын бағалау әдісі.
7. Әңгімелесу.
8. Диагностика: диагностика жасалатын объктінің жағдайын анықтау /белгілеу/.
Педагогикалық іс-тәжірибенің құжаттарына қойылатын талаптар
Мақсатқа лайықтылығы.
Нақтылығы: автордың педагогикалық қызметтегі іс-тәжірибесінің мысалы ретінде педагогикалық озық тәжірибенің компоненттерін /құрамды бөлігі/ ашу әдісі.
Ғылымилығы: компоненттерді баяндап түсіндірілуінің педагогика теориясының анықтамасымен сәйкес келуі.
4. Толықтығы мен ойға қонымдылығы: нақты педагогикалық тәжірибе компоненттерінің өзара байланысының жүйелі сипатталуы.
Педагогикалық озық тәжірибе құжатының жанры мен таратылу формасын талдап қорыту деңгейіне байланысты: тәжірибелік, әдістемелік, ғылыми.
Педагогикалық озық тәжірибені талдап қорытындылаудың жиі қолданылатын тәжірибелік деңгейі: жұмыстың әдісі мен тәсілін сипаттау және көрсету, жұмыстың нәтижесін көрсету; жұмыстың жүйесін көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |