Педагогикалық кеңесті дайындау алгоритмі
Педагогикалық кеңестің мақсаты мен міндеттері.
Педагогикалық кеңесті дайындауға шығармашылық топ қалыптастыру.
Педагогикалық кеңес мүшелеріне оқу үшін ұсынылатын нормативтік, ғылыми-әдістемелік, дидактикалық әдебиеттерді іріктеу мен бекіту.
Шығармашылық топ мүшелерінің күшімен педагогикалық кеңес шешімі жобасының алғашқы материалын талқылау.
Педагогикалық кеңесті өткізу жоспарын жобалау.
Педагогикалық кеңесті өткізу тәртібі туралы ұжымның әр мүшесіне уақытында хабарлау.
Қарауға ұсынылған проблеманың диагностикалық құралын жасау.
Сауалнама мәліметтерін өңдеу және талқылау. Диагностика мәліметін ескере отырып материалды түзету.
Мектеп әкімшілігінің, тәжірибелі ұстаздар мен шығармашылық топ мүшелерінің сабаққа және сабақтан тыс сағаттарға қатысуы, оның қарастырылатын проблемаға байланысты талдауы.
Қарастырылатын мәселеге байланысты алдын-ала /оза/ талқылау мақсатында кеңес сабақ, ӘБ отырысы, шығармашылық зертхана, семинар, т. б. өткізу.
Соңғы материалды жүйелеу және бекіту.
Педагогикалық кеңесті өткізуге қажетті дайындықты жүргізу (орын, электрондық құрал, көрнекілік және олардың деңгейі.
Педагогикалық кеңес шешім жобасының дайындығы.
Педагогикалық кеңес жұмысының қорытындысына талдау.
Педагогикалық кеңесті дайындау мен өткізуге қатысқан мұғалімдерді марапаттауға бұйрық шығару.
Әдістемелік кабинетке педагогикалық кеңес материалдарын жинақтап, өңдеп тапсыру.
Педагогикалық кеңес шешімінің орындалу жағдайын бағалаудағы шығармашылық топтың жұмысы.
Озық іс тәжірибені жинақтау және ұсыну формасы
Әдістемелік жұмыста ең өзекті, негізгі мәселелердің бірі педагогикалық іс тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату.
Педагогикалық іс-тәжірибені қандай сипаттамаларымен ерекшеленеді?
Педагогикалық іс-тәжірибе тарихи - білім беру саласы тарихында жинақталған педагогикалық теория мен тәжірибенің нәтижесі; жаппай (көпшілік, бұхара) - көптеген мұғалімдердің тәжірибесінде кең қолданылатын педагогикалық теория мен тәжірибенің нәтижесі; озық (алдыңғы) – мұғалімнің педагогикалық үдерісті оптималды ұйымдастырып және бар құралдарды жетілдіре отырып жоғары нәтижеге жетуімен сипатталады; жаңашыл -жаңалық ашу, автор болу, жаңалықтың элементі бар, жаңадан ойлап табу.
Бұл жағдайда ең жақсы - қолайлы /оптимальный/ - деп үдеріске қатысқандардың аз уақыт пен күш жігері арқасында жоғары нәтижеге жетуі, ал нәтижелі /эффективный/ - деп педагогикалық әректтің тиімділігін ескере отырып қойылған мақсатқа жету деңгейі.
Баланы оқыту мен тәрбиелеуде педагогикалық озық іс-тәжірибенің міндетті көрсеткіші - жоғары нәтиже.
Педагогикалық іс-тәжірибені зерттеу сипаты жағынан арнайы білімді, жоғары деңгейдегі кәсіби педагогикалық шеберлілікті талап ететін, тікелей педагогикалық үдерісті бақылауды талап ететін, қарастырып отырған педагогикалық құбылысты ғылыми тұрғыда ұғынып, нәтижені талдап салыстырып, нақты мысалдар арқылы автор тәжірибесін дәлелдеуді талап ететін зерттеу әрекетіне жатады.
Жұмыстың кезеңдері: айқындау – зерттеу - жинақтау – тарату.
Педагогикалық іс-тәжірибенің авторын айқындағанда негізгі бағалау критерийі жоғары тиімділік пен нәтиженің тұрақтылығы.
Педагогикалық іс-тәжірибені зерттеп, жинақтау жұмысын жүргізетін әдіскердің жоспарлау формуласы төмендегідей болады:
Достарыңызбен бөлісу: |