Үздіксіз білім беру жүйесіндегі ғылыми - әдістемелік және
тәжірибелік семинарлар
Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мен үздіксіз білім берудің бір формасы ретінде ғылыми - әдістемелік семинарлар мына міндеттерді атқарады:
Мұғалімдерге оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі технологияларын, жеке әдіс, озық педагогикалық тәжірибе, психологиялық және педагогикалық ғылымның жаңа жетістіктері, дидактика туралы ақпарат беру /хабарлау/.
Білім беру өзгерістері шеңберінде эксперименттік тәжірибе жұмысын жүргізуге мұғалімді дайындау.
Оқушыға толық сапалы білім беруді қамтамасыз етудің тиімді жолдарын жасау мен іздеуге бағытталған ынталандыру өісін тудыру.
Ғылыми - әдістемелік семинардың қызметі
Қазіргі білім беру үдерісінен талап ететін нормативтік – құқықтық, әдістемелік, әдістемелік нұсқаулық талапты шығармашылықпен ұғыну.
Қызметте қолданылатын білім көлемі мен іскерлікті қалыптастырудың артуы.
Мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі технологиясын, жеке әдісті, дидактиканы, озық педагогикалық тәжірибені, психологиялық және педагогикалық ғылымның жаңа жетістіктерін табысты қолданудың тиімді жағдайын жасау.
Ұжымды топтастыру, бірлігін нығайту. Мектептің даму және білім беру бағдарламасын іс жүзіне асырудың біріңғай тәсілін /әдісін/ тауып, біріңғай педагогикалық сенім тудыру.
Педагогикалық ойлаудың қазіргі стилін қалыптастыру.
Педагогикалық техника дағдысын, орындау шеберлігін жетілдіру.
Кәсіби қызметтің шығармашылық бағытын дамыту.
Семинар құрылымының жобасы
1.Семинарды ұйымдастырушының қарастырылатын проблеманың өзектілігі негізде қысқаша кіріспе сөзі.
2. Семинарға қатысушылардың ғылыми баяндама мен хабарламалармен сөз сөйлеуі. Сөйлеушілер озық іс тәжірибенің авторы, шақырылған ғалымдар, білім беру үдерісімен тікелей айналысатын қызметкерлер мен әдіскер мамандар.
3. Семинар басталардан 2 апта бұрын қарастырылып, талқыланатын мәселелер бойынша сұрақтар мен тапсырмаларды семинарға қатысушыларға беру. Талқылау формасы: «дөңгелек стол», іскерлік ойын, пікірталас.
4. Семинар жұмысының қорытындысын шығару. Әдістемелік нұсқау жобасын дайындау.
Достарыңызбен бөлісу: |