Әдістемелік кеңес жұмысын ұйымдастыру
әдістемелік кеңес өзінің отырыстарын қажет болған жағдайда білім ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес өткізеді;
әдістемелік кеңес демократиялық, жариялылық, сыйластық негізінде және педагогикалық ұжымның барлық мүшелерінің мүдделерін есепке ала отырыпөз жұмысын жүргізеді;
әдістемелік кеңестің екі немесе үшеуден кем емес мұшелері болған жағдайда, әдістемелік кеңестің отырыстары құқылы болып есептеледі;
әдістемелік кеңестің барлық отырыстары ашық деп жарияланады, онда кеңестік дауыс беру құқығына ие білім ұйымдары өкілдері қатыса алады;
әдістемелік кеңес қабылдаған шешімдер туралы білім ұйымдарының директорларына, әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларына үнемі хабар беріліп отырады;
қажет болған жағдайда әдістемелік кеңестің шешімі бұйрықпен расталады.
Қосымша №15
Сараптамалық кеңес туралы ереже
Жалпы ережелер
Аудандық (қалалық) сараптамалық кеңес білім бөлімі жанынан педагогикалық инновацияларды жедел басқару үшін құрылады.
Кеңес өз қызметін «Білім туралы» ҚР Заңына, осы ережеге және басқа нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.
Кеңестің құрамы келісім-шарт немесе басқа жағдайлар бойынша жұмысқа тартылған ғылыми кадрлар, директорлар, әдіскерлер, білім бөлімінің мамандары, аудандық (қалалық) педагогтары қатарынан қалыптасады.
Аудандық (қалалық) сараптамалық кеңестің қызметі мен мәртебесі
Аудандық (қалалық) сараптамалық кеңес келесі қызметтерді атқарады:
2.1. Білім мекемелерінің тәжірибелік зерттеу жұмысын ғылыми және ақпараттық қамтамасыз етілуін зерттейді.
2.2. Тәжірибелік – эксперимент жұмыстарын ғылыми қамтамасыз етілуін қалыпқа келтіру және білім технологияларын игеру мақсатында жаңашыл білім ұйымдарының ЖОО –мен өзара әрекет жасауға ықпал етеді.
2.3. Педагогикалық бастамалардың талдауын жасайды.
2.4. Тәжірибелік педагогикалық бастамалар жобаларының сараптамасын өткізеді.
2.5. Облыстық деңгейдегі педагогикалық бастамаларды қолдау туралы шешім қабылдайды.
2.6. Шығармашылық педагогикалық зертханаларды ашу туралы ұсыныстарды қабылдайды.
2.7. Авторлық бағдарламалардың сараптамасын ұйымдастырады және өткізеді.
2.8. Сараптамалық кеңес мүшелерінің маңызды қасиеттері – тәуелсіздік, құзырлылық, нақтылықтың болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |