Жас мұғалімдер мектебі жұмысының негізгі бағыттары
3.1. Бейімделу жұмысы:
Жас мұғалімді мектеппен, педагогикалық ұжыммен таныстыру.
Жас мұғалімге тәлімгерді бекту.
Педагогикалық шеберлік өсуінің диагностикалық картасын жасау.
Сауалнама жүргізу.
Бос әдістемелік күн беру.
3.2. Кәсіби қатынасты ұйымдастыру.
Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру.
Мұғалім жұмысындағы мектепішілік құжаттарды жүргізу жұмысы.
Жас маманның әдістемелік сүйемелденуі;
әкімшілікпен, ұстаздармен, әдістемелік бірлестіктегі әріптестерімен қатынасы;
тақырыптық және сабақ жосапрларын құрастыру барысында көмек көрсету, сабақтарға қатынасу, бақылау жұмыстары үшін бірлесе материалдарды дайындау, нәтижелерді талдау және түзету.
3.3. Өз бетінше білім алу.
әдістемелік тақырыпты белгілеу;
жас мамандарға арналған курстық дайындақ;
педагогикалық жаңалықтармен танысу;
ашық сабақтарға қатысу;
семинар, фестиваль, байқауларға қатысу.
3.4. Психологиялық қолдау.
Психолог жас мұғалімдерге кеңес береді, семинарлар өткізеді.
Жас мұғалімдер мектебінің сабақтарын ұйымдастыру
4.1. Жас мұғалімдермен өткізілетін жұмысты іске асыру үшін тәжірибелі педагогтар, әдіскерлер, психологтар тартылады.
Жұмыс семинар, дәріс, кокференция, жеке кеңес, байқау түрінде өткізіледі.
4.2. Рефераттың мектеп немесе тамыздық аудандық (калалық) әдістемелік пәндік бірлестік отырыстарында қорғауы немесе жас мұғалімдердің шығармашылық есептері «Жас мұғалімдер мектебі» жұмысының қорытындысы болып табылады. Бұл жас мамандарға есеп беруге, әріптестер табуға, өз жұмысына жауапкершілікпен қарауға және өз тақырыбын қорғауға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |