Мектептегі єдістемелік жумысты жоспарлау мен мазмуны


Қосымша №13 Шығармашылық топ туралы ереже



бет47/61
Дата26.01.2023
өлшемі0.74 Mb.
#468782
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   61
Мектептегі дістемелік ж мысты мазм ны мен оны жоспарлау

Қосымша №13
Шығармашылық топ туралы ереже



  1. Жалпы ереже

    1. Шығармашылық топ ғылыми-әдістемелік және эксперименттік-тәжірибе, ғылыми-зерттеу жұмысын әдістемелік жағынан қамтамасыз етуге бағытталған білім беру мекемесіндегі әдістемелік жұмыстың құрылымдық бөлімі болып табылады.

    2. Өз жұмысында шығармашылық топ Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңын, ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттарын, білім беру мекемесінің Жарғысын, даму бағдарламасын, тағы басқа актілер мен осы Ережені басшылыққа алады.

    3. Шығармашылық топ негізгі міндеттерді іс жүзіне асыратын ғылыми-әдістемелік жұмыстың біртұтас жүйесін құруды қамтамасыз ететін, білім беру мекемесінің шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің эксперименттік-тәжірибе, ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру формасы ретінде жұмыс істейді.

    4. Шығармашылық топ өз қызметін білім беру мекемесінің басқа құрылымдарымен, облыстық (ПКБАИ), қалалық /аудандық/ білім бөлімдерімен, облыстағы ЖОО тығыз байланыста жүргізеді.

    5. Шығармашылық топ туралы Ереже білім беру мекемесінің педагогикалық кеңесінде бекітіледі.

Шығармашылық топтың (ШТ) құрылу мақсаты: ШТ педагогикалық шеберлік пен ғылыми зерттеу және мұғалімнің іскерлік біліктілігін шығармашылық ізденіске қызығушылығын арттыру жолы арқылы оқу-тәрбие процесінің сапасы мен тиімділігін жақсарту мақсатында құрылады.
ШТ міндеттері:
1. Проблемаға байланысты педагогикалық процестің нақты жағдайына талдау жасау;

  1. Осы проблема бойынша педагогикалық ғылым жетістіктерін мектеп жұмысының тәжірибесіне енгізуге көмектесу, әдебиеттерді оқу;

  2. Мектептің оқу-тәрбие процесінің сапасын жетілдіруде мұғалімдердің шығармашылық белсенділігін арттыру;

  3. Мектеп мұғалімдерінің педагогикалық қызметіне зерттеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туғызу.

  4. Жұмысты іс-жүзіне асыру мен жетілдіру процесін жобалау;

  5. Өздері жасаған не басқалар жасаған жобаға не үлгіге эксперименттік апробация /анықтау, мақұлдау/ жасау.

  6. Жобаны енгізудің тиімділігіне талдау.

  7. ШТ-та алынған нәтиже негізінде әдістемелік ұсыныс жасап шығару.

  8. Өз зерттеу жұмыстарын педагогикалық ұжымға талқылауға ұсыну (педагогикалық оқу, ғылыми-практикалық конференция, т.б.).

10. Материалды баспадан шығару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет