Мектептегі єдістемелік жумысты жоспарлау мен мазмуны


Қосымша №17 Озық тәжірибе мектебі туралы ереже



бет54/61
Дата26.01.2023
өлшемі0.74 Mb.
#468782
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   61
Мектептегі дістемелік ж мысты мазм ны мен оны жоспарлау

Қосымша №17
Озық тәжірибе мектебі туралы ереже
Жалпы бөлім
Озық тәжірибе мектебі (ОТМ) – ол мұғалімді ғылыми-психологиялық-педагогикалық не әдістемелік бір проблема бойынша дайындауда ғылыми-теориялық, ғылыми әдістемелік және практикалық жағынан мүмкіндік туғызатын педагогикалық алқалық ұйым.

    1. Озық тәжірибе мектебі педагогикалық технологияның жаңаруына әсер етуге қабілетті, проблеманы шешуге ынталы мұғалімдер бірлестігі.

    2. Озық тәжірибе мектебі мектепте нақты педагогикалық бастаманың тууына бейім /әуес/ (оқыту мен тәрбиенің жаңа әдістері мен жаңа технологиялары) және оны іс жүзіне асырып, әрі қарай дамытуға қабілетті.

Озық тәжірибе мектебінің мақсаты мен міндеттері
Озық тәжірибе мектебінің мақсаты – проблеманың мазмұнын зерттеу, ұжымның педагогикалық жәжірибесіне оны енгізудің жолдарын белгілеп, ұсыну.
Міндеттері:

  • оқытылатын пән ерекшелігінің контексінде белгілі проблеманың теориялық негізін зерттеу;

  • өзінің педагогикалық тәжірибесіне сүйене отырып проблеманың мазмұнын түсіну;

  • дайындалған материалды пайдаланып өзінің педагогикалық технологиясын жаңарту;

  • оқушының жеке басын дамытуда жоғары нәтижеге жету.



Озық тәжірибе мектеп мүшелерінің міндеттері мен құқықтары

    1. Озық тәжірибе мектеп мүшелері құқылы:

  • проблеманы зерттеуде өз орнын анықтауға;

  • осы проблеманы тәжірибеде іс жүзіне асыру мақсатымен әріптесінің сабағына қатысуға;

  • жұмыстың нәтижесі мен әдістемесін демонстрациялау мақсатымен көрнекі сабақ өткізуге;

  • қарастыратын проблема бойынша эксперименттік сыныпты анықтауға және эксперимент жүргізуге;

  • ғылыми конференцияға белсенді қатысуға.

    1. Озық тәжірибе мектеп мүшелері міндетті:

  • өздері жасаған жұмыс нәтижесі туралы әріптестерін хабардар етуге;

Озық тәжірибе мектеп жұмысын ұйымдастыру:

  • озық тәжірибе мектебі өз отырысын айына бір рет өткізеді;

  • озық тәжірибе мектебі өз жұмысын демократиялық принципте, сыйластықта, жариялылықта және озық тәжірибе мектебінің барлық мүшелердің қызығушылығын ескере отырып құрады;

  • озық тәжірибе мектебі өз жұмысының нәтижесі туралы тұрақты педагогикалық кеңес пен ғылыми- әдістемелік кеңесте есеп береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет