Мектептің ішкі тәртіп ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Конституциясы. ҚР «Білім туралы»


Ата-аналар (заңды өкiлдерi) мiндеттерi



бет4/5
Дата30.09.2024
өлшемі35.38 Kb.
#504175
түріКодекс
1   2   3   4   5
ІШКІ ТӘРТІП ориг. №1.НШБ оқуш.мінд

5. Ата-аналар (заңды өкiлдерi) мiндеттерi:
5.1. Өз балаларының тәрбиесiне жауаптылық алуға, олардың негiзгi орта және жалпы орта (толық) бiлiм алу үшiн жағдай жасауға, оқушылардың сабақтарға күнделiктi қатысуларын қадағалау;
5.2. Жетiстiкте оқыту және тәрбиелеу үшiн қажетті құралдармен камтамасыз етуге
жауаптылық алу, оның iшiнде спорттык форма, ауыстыратын аяқ киiм, еңбекке баулу ушiн формамен қамтамасыз ету;
5.3. Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртiбiн үйретуге тиiс;
5.4. Кез-келген дiни, басқа да жарамсыз әсер ететiн ұйымдардан қорғауға мiндеттi;
5.5. Қолданыстағы қарастырылатын заңнамалармен, оқушымен мектеп мүлкiне
келтiрiлген шығынды орнына толтыруга көмек көрсетуге мiндеттi;
5.6. Шақырту шарасы бойынша жалпы мектептiк ата-аналар жиналысына және сынып жиналысына педагогтер, әкiмшiлiк шақыртулары бойынша мектепке келулері міндетті.
5.7.Оқушыны сабақтан босату тек қана денсаулығына байланысты дәрiгердiң анықтамасы бойынша рұқсат етiледi:
5.8. Туған күндердi мектепте өткiзуге және соған байланысты дастархан жаюға тыйым салынады:
5.9. Мектеп мұғалімдерiне кымбат сыйлық жасауға тыйым салынады;
5.10. Окушының мекен-жайы, байланыс телефоны өзгерген жағдайда уақытында сынып жетекшiге хабарлауға мiндеттi;
5.11. Ата-аналар комитетiнiң iс-шараларына катысып және мектеп әкiмшiлiгi және педагогикалық ұжыммен бiрiгiп жұмыс жүргiзуге мiндеттi;
5.12. Мектеп кызметкерлерi құқығы мен еңбегiн құрметтеуге, дөрекелік танытпауға мiндеттi;
5.13. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларына автокөліктерді және тағы басқада заңмен рұқсат етілмеген техникаларды жүргізуіне қатаң тиым салып бақылауға міндетті;
5.14. Жолда жүрү, суда шомылу, өрт қауіпсіздік, өмір қауіпсіздік, техника қауіпсіздік ережелерін үнемі ескертіп, үйретіп отыруға міндетті;
5.15. Мектеп алды даярлық тобындағы, 1-4 сыныптағы оқушы балаларын мекетпке әкеліп әкетуге міндетті;
5.16. Оқу жылының басында бір жағы мектеп, екінші жағы ата-ана болып жасалған кеілісім шартты («Келісім-шарт») орындауға міндетті; 4
5.17. Бала еңбегінің алдын алу бойынша ата-аналар өзінің баласының тәрбиесіндегі жауапкершілікті өз мойнына алу міндетті;
5.18. Әр ата-ана ҚР қолданыстағы заңнамалары нормаларын, осы Ережелердi және Жарғы талаптарын орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет