Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті


Қазақ ауыз әдебиетінің жиналуы



бет9/89
Дата23.12.2023
өлшемі0.68 Mb.
#487655
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   89
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

Қазақ ауыз әдебиетінің жиналуы
Қазақ ауыз әдебиетінің жиналуы және зерттелу жайы кітаптың келесі бөлімдерінде, әр жанрдың өз тұсында сөз болатындықтан, біз бұл жерде ол мәселені жалпы шолу түрінде ғана қарастырмақпыз.
Әдебиетші Б.Кенжебаевтың зерттеуіне қарағанда17: «Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері ел арасынан ХІХ ғасырда жинала бастаған. Бұған себеп болған жағдайдың бірі Қазақстанның Россия мемлекетіне қосылуы еді», – дейді ол. Патша үкіметі Россияға қосылған елдерді билеу үшін, олардың экономикасын, тарихын, тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын т.б. білуді мақсат етеді. Бұл үшін ел арасына арнаулы экспедициялар шығарады, оның жұмысына орыстың тарихшы, әдебиетші ғалымдары да қатысады. Және де бұл жұмысқа 1845 жылы Петербургте құрылған және өз кезінің ғылыми орталығы болып танылатын Россиялық география қоғамы да араласады. Осы қоғамның бөлімшелері Орынборда, Омбыда ашылады.
Россиялық география қоғамының арнаулы экспедициялары және жеке адамдары қазақ ауылдарында бірсыпыра ғылыми жұмыстар жүргізеді. Олар қазақ халқының шаруашылығы, тарихы, қоғамдық тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, мәдениетімен танысады, көптеген материалдар жинайды. Мұнымен қатар, олар ел арасынан қазақ ауыз әдебиетінің әр түрлі үлгілерін жинап, жазып алады. Егер Россия мемлекетіне қосылғанға дейін қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері жөнді жиналмаса, хатқа түспесе, Россияға қосылғаннан кейінгі жерде бұл іске айрықша көңіл бөліне бастайды. Ел арасынан ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жазып алу ісіне белсене араласушылар, оған басшылық етушілер – Россияның алдыңғы қатарлы әдебиетшілері, тарихшылары, ғалымдары, яғни Россиялық география қоғамының мүшелері болады. Ауыз әдебиетін ұқыптап жинау ісін ең алдымен солар қолға алады.
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинауда көрнекті еңбек еткендер – Россиялық география қоғамының мүшелері: Ш.Уәлиханов, В.Радлов, И.Березин, А.Васильев, А.Алекторов, Г.Потанин, Н.Ильминский, Ә.Диваев, А.Харузин, П.Мелиоранский, В.Катаринский, Н.Пантусов т.б. Олар қазақтың ауыз әдебиетін аса бай мұра деп бағалаумен қатар, сол мұраны ел арасынан көптеп жазып алуға зер салады, жинаған материалдарын қазақ (сөзі қазақша, жазуы орысша) және орыс тілінде жеке кітапша етіп шығарады, екі тілде газет-журналдарға бастырады. Қазақ тілінде жазып алу мүмкіндігі болмаған жағдайда, жинаған материалдарының мазмұнын орыс тіліне аударып бастырып отырады (Бұл әдісті Г.Потанин көбірек қолданған). Бұлардың қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы игілікті істері ХІХ ғасырдың аяқ кезінде күшейе түседі және бұл жұмысқа О.Әлжанов, Б.Дауылбаев, Ж.Айманов, М.Бекімов сияқты қазақ жастары белсене араласады.
Ауыз әдебиеті үлгілерін жинап жазып алу ісіне Абай мен Ыбырай Алтынсарин де қатысады. Халық әдебиетін жоғары бағалаған Абай өзінің шәкірттеріне, жолдастарына тапсырма беріп, ел арасынан асыл мәдени мұраны жинатып отырады, оны халыққа таратуға мән береді. Ыбырай Алтынсарин де осылай етеді, ол ауыз әдебиетінің ең жақсы үлгілерін өзінің «хрестоматиясына» енгізіп, баспа жүзіне шығарады.
Жоғарыда аталған адамдардың ішінде қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін жинау, баспа жүзіне шығару жөнінде Ш.Уәлихановтың, В.Радлов пен Г.Потаниннің қызметі айрықша еді. Сондықтан олардың әрқайсысына қысқаша тоқталып өтелік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   89




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет