Жырдың зерттелуі
Өткен ғасырдың өзінде-ақ «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»
жырына талай ғалымдар көңіл аударып, бірсыпыра
пікірлер айтқан болатын. Олар жырдың өзін ғана сөз
қылып қоймай, сонымен қатар Қозы Көрпеш пен Баянның
моласы дейтін моланы ескі дүниенің ескерткіш белгісі
ретінде зерттеген еді. Мәселен, Г.Н.Потанин бұл жырды
аса
жоғары
бағалап,
дүниежүзілік
эпостық
шығармалардың қатарына қояды. «Бұл жыр – дүние
жүзіндегі ең қымбат әдебиет мұраларына жататын
шығарма»
199
, – дей отырып, Потанин оны Ромео мен
Джульеттаға теңейді. Өз тұсында Шоқан да «Қозы
Көрпеш» жырын сүйсіне тыңдап, Жанақтан жазып алғаны
мәлім. «Алтын айдар Қозы Көрпеш пен сұлу Баянның
сүйіспеншілігі туралы шығарылған ақындық аңыз», - деп
бағалайды ол
200
.
Академик Радлов пен профессор Березин де «Қозы
Көрпеш-Баян сұлу» жырының ертеден келе жатқан
әдебиеттік мұра екендігін атап көрсетеді. И.Безверхов
деген кісі «Қазақтың өлеңшілері мен ақындары» туралы
жазған мақаласында
201
. «Қозы Көрпеш» жырын жоғары
бағалап, қазақ халқының ерте заманда туғызған ақындық
шығармасы екендігін айтады да, бұл жырды Арыстан
ақынның қалай жырлағанын жазады. Түрік халықтарының
ертедегі өлең құрылысын зерттеген ғалым Ф.Корш «Қозы
Көрпеш» жырына айрықша тоқтап, оның көркемдігін сөз
етеді. Бұл шын мәніндегі халық жыры дейді
202
.
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры жайында пікір
айтқан ғалымдардың екінші тобы Қозы мен Баянның
199
Г.Потанин, В юрте последнего кригизского царевича,
журн. «Русское богатство», 1896, №8 және «Восточные
мотивы…» 1899г.
200
Ы.Дүйсенбаев, жоғарыда аталған еңбегі.
201
«Ақмола Облыстың ведомосы», 1893 г. №16.
202
Записки вост. отд. Русского географич. Общества, 1909
г. том ХІХ, вып. ІІ-ІІІ.
моласы дейтін моланы зерттеген. Орыс ғалымдары
Н.Абрамов, Н.Пантусов, И.Кастанье т.б. өткен ғасырдың
аяқ кезінде бұл моланы зерттей келіп, оны ерте заманның
архитектуралық өнерін көрсететін белгі деп қарайды.
Сөйтіп, Октябрь революциясына дейін «Қозы
Көрпеш-Баян сұлу» жырын көптеген ғалымдардың жоғары
бағалағандығын көреміз. Бірақ та олар бұл жыр жайында
азды-көпті пікірлер айтқаны болмаса, оны арнай зерттеген
жоқ еді. Мұндай зерттеулер тек советтік дәуірде ғана
жазыла бастады.
Советтік дәуірде «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры
туралы үлкен көлемді ғылыми зерттеулер бірден туған
жоқ. Ең алдымен, әр түрлі пікірлер айтылды. Мәселен,
Сәкен Сейфуллин «Қазақ әдебиеті» (1932 ж.) деген
кітабында «Қозы Көрпеш» жырын тек Радлов варианты
бойынша қарастырады да, Қозы мен Баянға байланысты
жырлардың барлығын үстем таптың шығармасы деп
көрсетеді. Және де ол: «Қозы Көрпешті» талай
оқымыстылар мақтайтын еді. Мен мақтарлық ештемесін
таба алмадым», – дейді
203
. Сәбит Мұқанов «Батырлар
жыры» туралы жазған еңбегінде (1939 ж.) «Қозы
Көрпештің»
халықтық
сипаттағы
жыр
екендігін
дәлелдейді. Революцияға дейін қазақ жастарының, әсіресе
қазақ қыздарының, ескі әдет-ғұрып шырмауынан шыға
алмай, ауыр күйге түскендерін бейнелейтін жырдың бірі
деп бағалайды. Осы пікірді Хажым Жұмалиев те өзінің
«Қазақ әдебиеті» деген оқулығында (1944), «Қазақ эпосы
мен
әдебиет
тарихының
мәселелері»
(1958)
монографиясында, Әлкей Марғұлан да (жоғарыда аталған
еңбегінде), Мұсатай Ақынжанов та
204
айтады. Олар
203
С.Сейфуллин, Қазақ әдебиеті, І кітап, 1932ж., 226-бет.
204
А.Ахинжанов, Проблема народности казахских
социально-бытовых поэм, 1953 г.
жырдың әр түрлі варианттарын қарастыра отырып, Қозы
мен Баян жайындағы әңгімелердің негізі халықтық ортада
туғандығын анықтайды.
Бертін келе, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырына
арналған ғылыми еңбектер жазылады. Бұл ретте Мұхтар
Әуезов пен Ысқақ Дүйсенбаевтың зерттеулерін атауға
болады
205
. Мұхтар «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының
қазақ арасына тараған варианттарын зерттейді, жырдың
әдебиеттік жақтарына толық талдау береді. Сонымен қатар
жырдың шығу мезгілін мөлшерлейді. Ол бірсыпыра
деректер келтіре отырып, жырдың XV-XVI ғасырлар
шамасында шыққандығын айтады. Содан бері қарай бұл
жырдың талай өзгерістерге ұшырағанын, жырды әр таптың
өз тілегіне қарай пайдаланғандығын дәлелдеп көрсетеді.
Қазақтың
лиро-эпостың
жырларын
зерттеген
Ы.Дүйсенбаев «Қозы Көрпеш-Баян сұлуды» арнайы
тексереді. Ол бұл жырдың қазақ арасында сақталған
варианттарын башқұрт, ұйғыр, барабын татарлары және
алтай елінде айтылатын түрлерімен салыстыра зерттейді.
Олардың «Қозы Көрпешті» қалай жырлағанын қандай
айырмашылық,
ерекшеліктері
барлығын
көрсетеді.
Мұнымен қатар, ол Шоқан мен Потаниннің және басқа да
ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, жырдың оқиғасы
халықтың аңыз-әңгімелерінен туған дейді. Қозы мен Баян
тарихи адамдар емес, олар халықтың аңыз-ертегілері
жасаған кейіпкерлері деген қорытынды жасайды.
«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» қазақ халқының ерте
заманда шығарған ескі жырының бірінен саналады. Бұл
жырды
көптеген
ақын-жыршылар
айтып
біздің
205
М.Әуезов, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», 1936 ж., «Қазақ
ССР тарихы» (1943, 1957) және «Қазақ әдебиетінің
тарихы», І том; 1960ж. Ы.Дүйсенбаев, Қозы Көрпеш-Баян
сұлу, (жинақ), 1959 ж..
заманымызға жеткізген. Ол өзінің қалыптасу, даму
жолында талай таптық тілектердің елегінен өткен.
Жырдың қай вариантын алсақ та, әр түрлі көзқарастардың
барлығын аңғартады. Мәселен, Шөже, Мұқан айтқан
жырда дін әңгімелері басым келеді, олар жырға дін жайын
ескі наным-сенімдерді көбірек енгізеді.
Радлов жинап бастырған жырда үстем тап
адамдарын, әдет-ғұрып салтты дәріптеушілік орын алады.
Жырдың Кастанье жариялаған нұсқасында көптеген
әңгімелер қиял-ғажайып ертегі түрінде айтылады. Мұның
бәрі жырдың әрбір ортаның тілегіне қарай өзгеріп
отырғанын көрсетеді. Бұдан «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»
жырының барлық варианты халыққа жат деген ұғым
тумайды. Жырдың халық тілегіне сай келетін, әр алуан
қайшылықтарымен қатар, халықтық сипаты барлары да
көп. Бұл ретте біз Жанақ вариантын мысалға алмақпыз.
Достарыңызбен бөлісу: |