Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті



Pdf көрінісі
бет2/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

5. 3. 42. 
Бұдан керемет бір інілік ізеттілік өнегесін көресің. 
Мәлік Мұхтар Әуезовке ерекше сағына, жақын тартып, 
мархаббатпен сырын ақтарады. Мұхтар да Мәлік інісіне 
жан өзегін суырып беретіндей еді. 
М.Әуезов – М.Ғабдуллинге 
Сүйікті інім Мәлік! 
Мен соншалық көп заман хат жазбай, саған неше 
түрлі күдік бітіріппін... Әдетте, кейде бір үлкен ауыр 
жұмыста отырған кезде менің бір жаман әдетім сол, 
жұмыстан басқа бірде-бір көлденең тартуға мұрсам 
келмейтіні болады... Осы жолы дәл солай болды. Бір жағы 
пленум болады деген дақпырт бар. Екіншіден, сол 
болғанша бір үлкен іс бітіріп кетем деп асықтым. 
Сонымен, «Қарақыпшақ Қобыланды» деген үлкен 
патриоттық пьеса жаздым. Өзін өлеңмен жазып ем. 
Сондықтан бар уақыт та соған кетті. Арасында драма 
аударып, оқумен, түзеумен тағы талай өзгерттім. Осы 
күнде пьесаны Украинаның Франко театрының бастығы, 
худрук Гнат Юра және Алматыдағы Завадский театры 
(Мәскеу Советінің театры) өздерінде қоямыз деп, 
көңілденіп, алмақшы боп жүр. 
Жазушылар арасында ғана менімен таласы бар 
кейбіреулер фантазияны азайтып, тартысқа жақындатып, 
реалистік етіп жазса дейді. Эпос өзі әрі фантазия, әрі 
реалистік синтез шығарма, мен соның рухына қайшы 
жазғам жоқ. Сондықтан менікі жаңалық (драма үшін) және 
дұрыс деп жүрмін. Сол айтыстар кесір болмаса, үлкен 
театрлар қатты тосып отыр. Міне, осы іспен болып, 
сендердің бірде-біріңе хат жаза алмай, аса айыпты болдым. 
Сен мұны пьеса туралы өкпеледі деп топшыладың. 
Бауыржан да солай депті, мүлде қате. Мен сендердің 


хаттарың кеп жатқанда, бірде-бір сәт бір кішкентай да 
наразылық ретінде селт еткен емеспін. Ренжімеймін деген 
уәдемнен (ол өз көңіліме айдан аян) бір мезгіл ауғаным 
жоқ. Бірақ бұған қарап сындарың аумаған дұрыс, бәрін тап 
еткізіп біліп айттыңдар демеймін. Ол үлкен даулы 
мәселелер, әдебиеттің, кең еркін даудың мәселелері. 
Көрісеміз, керісеміз, дауласа жүріп ұғысамыз, не ұғыспай 
қалысамыз, ол өз бетіндегі тең праволы нәрселер. Сендер 
факті мен документке тартасыңдар. Біз ол оншалық шарт 
қажет емес дейміз. Екеуінің де дұрыстығы бар, екеуінің де 
терістігі бар жайлар. Жалпы сендердің және жалпы үлкен 
тілек қоятын жұртшылықтың дұрысы неде. Онысы бұл 
соғыста қазақ халқының партия – Ленин, Сталин 
тәрбиелеп өсірген ұрпақтары Октябрь жемісін бұл күнге 
шейін өз елінің тарихында болмаған саналылықпен, ерлік
азаматтықпен қорғады ғой. Бұл қазақ тарихы көріп-
білмеген қасиет еді ғой, осыған сай үлкен шығарма неге 
тумайды деген талап шыны бұл заңды, орынды талап. Оған 
осы шамада жауап бере алғамыз жоқ. Олар бір күнде 
беріле қоятын оңай да жауап емес. Соғыс біткен соң 
кейіндеп барып қалуы мүмкін... 
Жақында аса бір жақсы пленум өткіздік, барлық 
жұртшылығымыз ерекше бейіл беріп, үлкен ілтипат 
көңілмен өткерісті. Жаңалықты жақсы жаза алмаған
мінімізді де жеткізе айтты. Алға қарай үлкен нысаналар 
белгілеп бергендей болды. Табысты айтқанда жазушылар, 
сыншылар, ірі мәдениетті Сәтбаев сияқты оқушылар да 
соны ірі бағалайтындарын көп-көп айтты. Пленум және 
басшы жұртшылық та Абайдың екінші кітабын биыл 
жазып бітіруді міндет етті. Сондай ынталы іске отыруды 
шарт етті. Екінші бір тың романды жазуыма да бет берісті, 
басты өз талабым еді. Абаймен қатар пландап бітіріп, кейін 
шұғыл қолға алатыным 17-18-19 жылдарда Октябрьдің 


ұлтшылдықты жеңіп, қазақ аулына жетуі жайындағы 
роман – міне іс осы.
Сағынып хат жазушы Мұхтар 
Мәлік Совет Одағының Батыры атанып соғыстың 
қаһарлы күндерін басынан өткеріп жүрсе де, Қазақстан 
өмірімен, оның әдеби процестерінен қол үзбейді. Газет-
журналдарға мақала жазды. Майдандағы қазақтар 
арасында Мұхтар Әуезов сынды ұлы тұлғаның «Абай» 
романының алғашқы томы жөнінде әңгімеледі. Оған 
Мәкеңнің мына бір хаты куә. 
...«Абайды» өзім оқып шыққаннан кейін, солдаттарға 
беріп оқытып жатырмын. Жұрттың бәрі де романды зор 
табыс деп қуанышпен қарсы алды. Роман жайында 
«Социалистік 
Қазақстан» 
үшін 
бір 
(мақала) 
ұйымдастырып жіберсек қайтеді деген ойым да бар. 
Редакция баса ма, жоқ па деп бөгелудемін. Шамасы 
солдаттардың пікірін жаздырып, өзіңізге жіберемін-ау 
деймін. Солай ету дұрыс та болар... 
28.ІХ.42 Мәлік 
Міне, осындай от кешіп, қан жұтып жүрсе де Мәлік 
Ғабдуллин қазақ солдаттарын патриоттық рухқа шақырды. 
Заманға үн қосты. Аты Одаққа танымал Мәлік 
қазақстандық кейбір «қаламгерлерге» жақпайды. Мұның 
сыры неде? Байыптап қарасақ, сол Мәліктің қазақилығы 
мен қазақты сүюінде екен. Бұған бірнеше дерек келтірелік. 
Мәлік Ғабдуллиннің 1944 жылғы 26 сәуірде Бауыржан 
Момышұлына жазған хатынан: 
Қадірлі Бауке! 
Сіз Алматыға барғанда көп еңбек істегеніңізді естіп 
қуандым, өте жақсы іс жасағансыз. Ол еңбектер халқыңыз 
үшін өте бағалы, аса асыл қазына деп білемін. Мұндай 
еңбек қазақ халқының атағын шығару, абыройын көтеру, 
адамдарын таныту жолында көп қызмет атқаруы сөзсіз. 


Шындығында, халыққа қызмет етуден артық не бар? Бірақ 
осы қызмет ету дегенді теріс ұғынатын дорақтар да жоқ 
емес. Олар көп. Ондайлардың ойынша қара қарның 
қамписа, қара басыңның бабы келіссе, үсті-басың дұрыс 
болса – бұл халыққа қызмет еткендігі болады деп қарайды. 
Нағыз мещандық осы ғой. Құдай сақтасын мұндайлар ел 
басқармасын. Елді де, ерді де ондайлар езеді. Езбесе, езуге 
тырысады. Мұндай адамдар ұлт дегенді теріс ұғады. Одан 
қашады, тіпті қорқады. Национальная гордость дегенге 
теріс қарайды.(ҚРОММ. 1432-қор. 2-тізімдеме. 92-іс. 21-п.) 
Бұл бұл ма, Мәлік сол кездегі кейбір қазақ зиялылары 
ұсынған көзқарасқа мүлдем қайшы пікірде еді. Мына 
сөздерге назар салып көрелік: 
«Қазақ жастарының істерін елге таныстыруды елге 
еңбек сіңіру деп білем. Сөз сарыны мынадай ғой: қазақ-
қазақ болғалы көп ғасыр өтті. Батырлық салты бүгін ғана 
пайда болған емес. Ол ертеден келе жатыр. Кешегі батыр 
бабаларымыз батырлықтың тамаша үлгілерін көрсетті ғой. 
Ал, бүгінгі қазақ жігіттері сол батыр бабаларының 
дәстүрін ілгері дамытуда. Бұдан былай біз бұрын кедей 
едік, жарлы-жақыбай едік деп қырту керек емес, бұрын да 
батыр болғанбыз, қазір де сондаймыз деп айтамыз. Былтыр 
мен елге барғанда қазақпыз дегенді баса айттым», - деп 
жалғастырады (сонда.) 
Иә, Отан үшін от кешкен тұста қазақтың ұлы 
қасиеттері айқын көрінді. Қазақ қыз-жігіттері теңдессіз 
ерлік жасады. Кеудесімен дзотты жапты, Днепрді 
өткелдетті, Мәскеуді қорғады. Қазақ ұлтының ержүрек, 
батыр екенін дәлелдеді. Рейхстагқа ту тікті. Осыны Мәлік 
Ғабдуллин дәріптеп, кітап етіп шығарғысы келеді. 
Қолжазба 
Алматыға 
жіберіледі. 
Бірақ 
ізім-қайым 
жоғалады. Бұл Мәлік батырдың зығырданын қайнатты. Ол 
соғыс стратегі, майдандас ағасы Бауыржан Момышұлына 
жансырын ағытып, хат жазды. Екі хаттан үзінді келтіре 


кеткенді жөн көрдім. «Қазақ жігіттерін жұртшылыққа 
таныстырып жүрмін. Майданда ерлік жасап жүрген қазақ 
жігіттерін көргенде оны жазбауға дәтім шыдамады. 
Шынында да бұл жазғандарым әдебиет үшін емес, ел үшін, 
халықтың тарихы үшін керек деп білем. Журналистер көп. 
Солар бүлдіріп жүр. Айта берсең, пәле салып, сені ұлтшыл 
етіп көрсетуге тырысады (ҚРОММ. 1432-қор. 2-тізімдеме. 
21-22-п.) 
Ұлтшылдық Мәлік Ғабдуллиннің иығына шапан 
секілді ілінді де, қыр соңынан қалмады. Тағы да жан 
сырын хатқа түсірді. Мәкең бұл хатты Баукеңе 1945 
жылдың 24 ақпанында жазыпты... 
«Ардақты 
Бауке!.. 
менің 
былтырғы 
қолжазбаларымның хабары қызық болып келеді. Оны 
өткен жылы март айында баспаға берген екен. Баспада 
теріледі, сонан соң Әбдіхалықұлының аппаратына түседі, 
рецензия алу үшін. Ал, Әбдіхалықұлының кейбір 
адамдары қазақшасын оқымай, оны орысшаға аудартып 
оқиды да: «Мұның өзінде көркемдік жоқ екен және қазақ 
жігіттері жайында көп жазылған екен», - деп қорытынды 
жасайды». (Мұхамеджан Әбдіқалықов сол кездегі 
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің үгіт және 
насихат жөніндегі хатшысы болатын. – У.Қ.) Сонымен ол 
материал жатыр. Осыған байланысты көп әңгімелер бар 
көрінеді. Оның біразын өзіңіз де білесіз ғой. Бізді «...шыл» 
деп өсек айтушылар бар көрінеді, мен осының бәрінен 
қорытынды жасап, жақында Жұмабайға (Қазақстан 
Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы 
Шаяхметов – У.Қ.) үлкен хат жаздым. Қаныш та оқып 
«дұрыс» деді». 
Мұндай хатты қалай тебіренбей оқисың. Сырт көзге 
Мәлік батыр атанған соң бар тағдыры алақанға салынып, 
аяланған шығар деген ойың мүлдем қате екенін сезінесің. 
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қолдағанмен, Қазақстан 


Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы 
Жұмабай Шаяхметовтің өзі саяси шешім шығара алмайды. 
Мәлік Ғабдуллиннің «Майдандас достар» атты 
кітабы теріліп бітіп, басуға дайын тұрғанда шашылып, 
кітап шықпайды. Бұл туралы журналист Құрманбек 
Сағындықов 1945 жылдың 2 наурызында досы Бауыржан 
Момышұлына жазады. «Қазақты көп айтады дейтін 
көрінеді, не деген ессіздер! Әуезов туралы да «бықсық» 
сөздерді шататындар бар секілді». («Егемен Қазақстан». 
№324. 23.12.2000ж.) 
Әрине, Мәлік Ғабдуллиннің қазақшыл рухты көтеруі 
«жоғары жаққа» жақпағанмен қаламгерлер арасында 
біршама қолдау тапты. Бұл ретте сырбаз жазушы Ғабит 
Мүсіреповтің Мәлік Ғабдуллинге 1945 жылдың 28 
ақпанында жазған хаты дәлел болса керек. Ол: «Бауыржан 
екеуіңе 
қатты 
ризамын. 
Мемлекет, 
жалпы 
жұртшылығымыз да сондай риза. Ешкім еске салмай-ақ, 
ешкім баспайтынын біле тұра, әділ сөздеріңді айттыңдар. 
Ұлы да ер, қызы да ер елдің басқа жөндеуге жұпыны 
көрінетін себеп сөз жоқ өзімізде. Бастау мен қостау ісіндегі 
топастығымызда. Бұл жөнінде аянбай алысатын істер 
толып жатыр. Сенің Сәбит, Мұхтар үшеумізге қадай 
айтқан сөзіңді осы тұрғыдан түсінгім келеді.» (ҚРОММ. 
2140-қор. 1-тізімдеме. 346-іс. 12-12-п.) 
Бұдан атақты суреткердің азаматтық көзқарасы 
айқын көрінбей ме? 
Иә, Мәлік Ғабдуллин тағдыры күрделі де қызықты 
еді. 1943 жылғы 30 қаңтардағы ССР Жоғарғы Советінің 
Жарлығымен Совет Одағының Батыры атағын алған Мәлік 
Ғабдуллин есімі аспандады. Орыс жазушысы Борис 
Полевой «Эпостың тууы» атты «Правда» газетінде очерк 
жариялады. 
Қобыланды 
батырдың 
рухы 
Мәлік 
Ғабдуллинге қонғандай еді. Сол жылы Алматыда Мәлік 
ағаға арнап жинақ құрастырылып шығарылды. Мәлік 


Ғабдуллин туралы Сәбит Мұқанов, Қажым Жұмалиев, 
Есмағамбет Ысмайылов, Бейсембай Кенжебаевтың тағы да 
басқа қаламгерлер мен ақын-жазушылардың мақалалары, 
өлең-жырлары топтастырылды. 
Мәлік Ғабдуллин әскерден 1946 жылдың көктемінде 
біржола 
босап 
келді 
де, 
Республика 
Ғылым 
академиясының Тіл және әдебиет институтына жұмысқа 
кірді. Институт директорының орынбасары бола жүріп, 
1947 жылы «Қобыланды батыр» жырын зерттеу 
мәселелері» атты тақырыпта филология ғылымдарының 
кандидаттығына диссертация қорғады. Ол өзінің сүйікті 
фольклорына қайта оралды. Одан иститут директоры 
болып абыройлы еңбек етті. 1958 жылы «Қазақ халқының 
дәстүрлі ауыз әдебиеті» атты еңбегі үшін филология 
ғылымдарының докторы атағын алды. Міне, осы институт 
қабырғасындағы он жыл ұлы Мұхтар Әуезов пен Совет 
Одағының Батыры, фольклорист-ғалым Мәлік Ғабдуллин 
арасын жақындатты әрі сызат түсірді. Бұған себеп 1947 
жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Компартиясы Орталық 
Комитетінің Қазақ ССР Ғылым академиясының «Тіл және 
әдебиет институты қызметіндегі өрескел саяси қателер 
туралы» және 1951 жылғы 10 сәуірдегі «Қазақстан 
тарихын маркстік-лениндік тұрғыда зерттеу туралы» 
«Правда» газетіндегі мақала туралы» қаулылары қазақтың 
рухани 
әлеміне 
кесел 
болып 
тиді. 
Қ.Сәтбаев, 
Е.Бекмаханов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, С.Кеңесбаев, 
Қ.Мұхамеджанов, 
Б.Сүлейменов 
сынды 
қазақ 
интеллигенциясының өкілдері алашордашыл, ұлттық-
буржуазияның өкілдері ретінде сынға алынып, қудаланды. 
Осы кезең талай қазақ зиялыларының арасын ашты. 
Компартия оларды бір-біріне айдап салды. Осындай 
қарым-қатынас М.Әуезов пен М.Ғабдуллинді де айналып 
өтпеді. Бұған 1953 жылғы Қазақ ССР ҒА Президиумы мен 
Қазақстан Жазушылар Одағының сәуір айында 5 күнге 


созылған біріккен пікірталасын жатқызуға болады. Бұл 
қазақ эпостарының халықтығын айқындау мақсатымен 
ұйымдастырылғанымен, оның аржағында қазақ эпостарын 
репрессиялау және оның халықтығын қолдайтындарды 
қудалау саясаты тұрған-ды. Мұның алдында 1951 жылы 
ұлы Абай творчествосына коммунистік жүйе ауыз салды. 
Ол Абайдың поэтикалық мектебін жоққа шығаруға 
бағытталды. Осылай Абайдың өзі ұлтшыл-буржуазиялық 
ағымның өкілі ретінде айыпталды. Сондықтан да бүгінгі 
күннің биігінен сол кезеңді ақтау да, даттау да қиын. Бірақ 
шындық қын түбінде жатпайды. Сол келмеске кеткен 
уақыттың М.Әуезов пен М.Ғабдуллин тағдырындағы 
сызын егемен елдің жас ұрпағы білуге тиіс. Сондықтан да 
сол бес күндік дискуссия туралы дереккөздерді, яғни 
стенограммаларды 
сөйлетейік. 
Дискуссия 
негізінде 
орысша өткендіктен, оны жолма-жол, мазмұндап аударып 
бергенді жөн көрдім. Осы дискуссия туралы Мәлік 
Ғабдуллин «Мұхтар Әуезов тағлымы» деген кітапқа 
жазған естелігінде былай дейді: «Содан былай Тіл және 
әдебиет институтында Мұқаңмен бірлесе көптеген ғылыми 
жұмыстар жүргізе бастадық. Сөйтіп жүрген шақта, 
Мұқаңмен арамызда бір кикілжің жағдай туа қалды. Мені 
өзінің ет бауыр жақынындай, туған інісіндей жақсы 
көретін, қатты қадірлейтін Мұқаң, 1953 жылдың апрелінен 
былай қарай маған қырын қарап кетті. Ол маған деген 
өкпесі, көңілінің кірбіңі бар екенін білдірді. Бірақ, ол 
көңіліндегі кірбіңін ашып айтпаса да, маған ренжулі екенін 
сездірді. Тіпті дұрыстап амандаспайтын, берген сәлемімді 
ықыласпен қабылдамайтын болды».(Мұхтар Әуезов 
тағлымы. А. Жазушы. 1987ж. 67б.) 
Әрине, бұл Мәлік Ғабдуллиннің «Қазақтың батырлық 
эпостарының 
халықтығы 
мәселелері 
туралы» 
баяндамасынан кейінгі жағдаят туралы еді. Өйткені бұған 
дейін М.Әуезов Мәлік Ғабдуллиннің диссертациясын өз 


сөзімен айтқанда: - «...Менің «Қобыланды батыр» атты 
ғылыми жұмысыма аса көп көмек көрсетті және еңбектің 
жазылған бөлімдерін оқып, өзінің ақыл-кеңестерін айтып 
отырды. ...Диссертациямды қорғап шықтым. Бұған 
диссертанттан гөрі Мұқаң қатты қуанды». (сонда.67 б.) 
Мәлік Ғабдуллиннің естелігіне қарағанда, осы 
пікірталасқа баяндаманы жасауға М.Әуезов қарсы 
болыпты. Баяндамашы болғаннан гөрі пікірталасқа 
шығуды сұрап, Орталық Партия Комитетінен рұқсат 
алыпты. 
Мәкең баяндаманың жоспарын жасап, Мұхтар 
Әуезовтің үйіне барып, ұзақ әңгімелеседі. Мұқаң 
«Батырлар жырын» зерттеуде көбіміздің жіберген қате-
кемшілігіміз бар, оларды әділ сын айтам деп сыңаржақ 
кетпе, сының өткір де дәлелді болсын. Дәлелсіз дау айтпа. 
Батырлар жырын зерттеуде қате жіберген адамдарды 
жолдастық көңілмен сына, «ұр да жыққа» барма. Біз өзіміз 
байқамаған қасиетімізді түсініп, түзейтін болайық. Құр 
айғаймен ғылым жасалмайды», - дейді. (Сонда. 72б) 
Мәкеңнің осы жазғаны шындыққа саяды. Әңгіме 
барысында Мұқаң да партияның қаһарынан қорқатынын 
байқатады. «Батырлар жырын» түгелдей жамандау немесе 
халықтық деп мақтау ғылымы теріс болады» деп еді дейді 
Мәлік Ғабдуллин өз естелігінде. Содан кейін екеуара 
мынандай әңгіме өрбиді. 
– Баяндамамда Сізді де сынамақпын, оған ренжімессіз. 
– Пәлі, осы да сөз болып па? Әділ сын болса, оған 
ешкім де ренжімесе керек... Егер дұрыс сынасаң, 
ренжімеймін. Құп аламын. Ал, қара дүрсінмен кетсең, 
оныңа дау айтатын боламын... (сонда. 72-73бб). 
Әңгіме ауанына қарағанда Мәлік Ғабдуллинді Қазақ 
ССР Ғылым Академиясының вице-президенті Нығмет 
Сауранбаев шақырып алып, баяндаманы оқыпшыққанын, 
бірақ «сыныңыз әлі де болса әлсіз екен» дейді. 


Мәлік 
Ғабдуллин: 
− 
Мен 
айыптаушы 
емеспін, 
баяндамашымын. 
Осы кезде Н.Сауранбаев Жоғарыдағы жолдастар 
жазған ескертпелер деп баяндаманың көшірме нұсқасын 
М.Ғабдуллиннің қолына ұстатады. Сонымен, баяндама 
жасалды. «Репрессияланған эпостар» деген зерттеуімде 
бұл мәселеге біраз талдау жасағанмын. Сондықтан да мен 
М.Ғабдуллиннің М.Әуезовке қатысты айтқан сындары 
туралы тоқтала кетпекпін. 
М.Ғабдуллин баяндамасынан: 
...Профессор 
М.Әуезов 
қазақ 
эпостарының 
тарихилығын зерделеу және зерттеумен ширек ғасырдан 
бері айналысып келеді. Осы мерзім ішінде ол бұл 
мәселелер туралы ауқымды жұмыстар жүргізді. Алғашқы 
және соңғы күндердегі зерттеу жұмыстарына сараптама 
жасаған кезде, орысқа қарсы, консервативті-реакцияшыл 
және пантюркистік көзқарас тұрғысынан алғанда қазақ 
эпосы туралы буржуазияшыл ұлтшылдар көзқарасы 
жағынан, қазақ халқының өткен патриархалды өмірін 
дәріптеуді насихаттау жағынан келгенде М.Әуезов 
жоғарыда аттары аталған әдебиеттанушыларға қарағанда 
көбірек кінәлі. Мысалы, «Қазақ әдебиетінің бүгінгі кезеңі» 
деген мақаласында ол өткен хандық-феодалдық уақытқа 
тамсанады. Ол «қазақ батырларының басты мақсаты 
ұлтшыл және діншіл адам болу» деп тұжырымдайды. 
Бұл 
эпосты 
турасын 
айтқанда 
алашордаша 
насихаттаудың өзі емес деп кім айта алады. 
М.Әуезов «Қобыланды батыр» атты тағы бір 
мақаласында феодал ақын Марабайдың халыққа қарсы 
және реакцияшыл нұсқасын дәріптейді... 
...1932 жылы М.Әуезов республикалық баспасөзде 
өзінің 
буржуазияшыл-ұлтшылдармен 
қоштасқанын 
мәлімдеп еді... Соңғы кезеңдердегі М.Әуезовтің әдеби-
зерттеу еңбектерін байыптаған, қараған кезде оның өзінің 


бұрынғы 
буржуазиялық-ұлтшылдық 
көзқарасын 
насихаттап жүргенін байқайсың. Ол бұрынғысынша қазақ 
эпосының мәселелерін халық тарихы мен таптық күрес 
тұрғысынан бірлікте қарастырмай, өткеннің мәдени 
мұраларын әлеуметтік-таптық бірлікте зерделемейді. 
...М.Әуезовтің жалпы редакциясымен жарық көрген 
«Қазақ әдебиеті тарихының» 1-томы өрескел саяси 
қателерге толы. Бұл кітап Қазақстан Компартиясы 
Орталық Комитетінің 1947 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақ 
ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институты 
жұмысындағы өрескел саяси қателер туралы» қаулысынан 
кейін 
шығып 
отыр. 
Бірақ 
М.Әуезов 
Қазақстан 
Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысынан тиісті 
қорытынды жасаудың орнына, бұл қаулыны мансұқ етті. 
Ол кітаптың бас редакторы бола тұрып, оның жұмысына 
«халық 
жаулары» 
Ысмайылов 
пен 
Жұмалиевті 
қатыстырды. Бұл олардың буржуазияшыл-ұлтшыл және 
антисоветтік көзқарастарын таратуға мүмкіндік берді. 
М.Әуезов олардың көзқарастарын қолдамаса, бұлай 
болмас еді. «Қазақ әдебиеті тарихы» 1-томының 
авторларының бірі ретінде, ол қазақ халқының жендеттері 
Кенесары мен Наурызбайды, Қорқыт туралы феодалдық-
хандық аңызды дәріптеді... 
...М.Әуезов кемшіліктері кездейсоқ емес. Мұның 
тамыры қазақ әдебиетіндегі оның «алашордашыл» идеяда 
болған кезеңінде жатыр. Мұндай контрреволюцияшылық 
партия талқандалғаннан кейін М.Әуезов ұлтшыл-
буржуазиялық көзқарастан ашық кетуге мәжбүр болды. 
Міне, сол кезде өз «қателігін» мойындау дүниеге келді, 
дегенмен талдау М.Әуезовтің ашық болмағанмен бұрынғы 
буржуазияшыл-ұлтшылдық 
көзқарасын 
бүркемелеп 
отырғанын көрсетіп отыр. 
Стенограмманы 
оқып 
отырғанда, 
профессор 
Бейсембай Кенжебаевтың осыдан 43 жыл бұрын айтқан 


әңгімесі қайтадан еске оралды. Осы пікірталас үстінде 
Мәлік Ғабдуллин Мұхтар Әуезовке «бұрынғы қазақ 
халқының орыстарға қарсы, Иван Грозныйға қарсы күресі» 
туралы ескі «концепциясын» қайта жаңғыртып жүр деп 
сын айтады. (сонда. 18б). 
Қазір Егемен елдің тарихы қайта қаралып, зерттеліп, 
зерделеніп жатыр. Тарихшылар Қобыланды батыр 
шайқасы Ғазан ханға қарсы болды ма, әлде Қазанды басып 
алған Иван Грозныйға қарсы көтерілді ме? Міне, осыған 
тарихи деректерді, орыс жылнамаларын салыстыра 
отырып, жауап берер деп ойлаймын. Мүмкін сол кездегі 
«орысқа қарсы сөз айтуға» болмайтын заманның саяси 
үрейінен қорыққандықтан Ғазан хан деп айтуға мәжбүр 
болулары да мүмкін. Әу баста, М.Ғабдуллин де осы 
концепцияны ұстанып, кейін Бейсекеңнің ескертпесіне 
сәйкес, өз көзқарасын өзгерткен ғой. Қалай болғанда да, 
осылардың бәрінен қызыл партияның қанды шеңгелі 
көрініп тұр. 
...Міне, осындай айыптаулар М.Әуезовке ұнасын ба? 
Ол сол жиында сөз сұрауға мәжбүр болды. Және осыдан 
ширек ғасыр бұрынғы көзқарасы соңғы жылдардағы 
зерттеулеріне қатысы жоқ екенін айта отырып, өзінің 
ертеректегі көзқарасы туралы сын айтқан М.Ғабдуллинге 
қосылатынын мәлімдейді. 
Және өзінің ұлтшыл әрі реакцияшыл-пантюркистік 
бағытта болғанын мойындайтынын және олардан баяғыда-
ақ ажырағанын мәлімдейді. Және кейбір айыптауларға 
келіспейтінін айтады. Исмаилов пен Жұмалиевтің бұл 
кезде Тіл және әдебиет институтының қызметкерлері 
болғанын және осы кітапты шығару барысында 
М.Ғабдуллиннің 
әуелі 
институт 
директорының 
орынбасары кейін директоры болғанын айтып, бірінші 
кезекте Ғабдуллин кінәлі емес пе? – дейді. 


М.Әуезов: – Мен М.Ғабдуллиннен маған тағылған 
айыпты ал, болмаса жеңілдет деп сұрамаймын. Оны мен 
М.Ғабдуллиннің ұятына қалдырдым. 
Пікірталас 
соңында 
М.Ғабдуллин 
қайтадан 
М.Әуезовке жауап беріп, ол туралы көзқарасын 
өзгертпейді. 
Стенограммаға 
жүгінелік. 
Мұнда 
М.Ғабдуллин бұл жерде әңгіме жазушы Әуезов туралы 
емес, ғалым, академик Әуезов туралы болып отырғанын 
айтады және сөзін былай деп тұжырымдайды. 
М.Ғабдуллин: Мен өз баяндамамда профессор 
Әуезовтің ғылыми-зерттеушілік жұмысының барлық 
кезеңін зерттей келе Әуезов бұрын да, қазір де қазақ 
әдебиеттануына өзінің бұрынғы буржуазияшыл-ұлтшыл 
көзқарастарын насихаттап, тықпалап жүр деп айтқанмын. 
Және сол сөзімнен қазір де таймаймын... (Беті аулақ, бұл 
қайталанбасын. Это не должно повториться. Стенограмма. 
ТОО «Полиграф» - сервис. Алматы, 2007ж. 14-19б., 29б. 
Құрастырушы ф.ғ.докторы, профессор Файзолла Оразай) 
Тағы да Мәлік Ғабдуллиннің «Мұхтар Әуезов 
тағлымы» атты жинақтағы естелігіне оралайық. «Мен 
баяндамамда батырлар жырын зерттеген жолдастарға 
«ярлык» тақпауға, бірақ олардың еңбектерінде жіберілген 
қате-кемшіліктерді ашып айтуға тырыстым. Осы ретте 
Мұқаңды «әдейі қате жіберген» деп айыптамай, оның 
батырлар жырын зерттеуге арналған еңбектерінде елеулі 
қате-кемшіліктердің орын алғанын айттым». (сонда. 75-
бет.) 
М.Ғабдуллиннің 
естелігі 
мен 
баяндамасы 
қаншалықты үйлесімді екенін көзі қарақты оқырман өзі 
ажыратып алар. Бірақ М.Ғабдуллиннің осы пікірталастан 
кейін пікірі өзгергені рас еді. Өйткені қанша өзін-өзі 
ақтамақ болғанмен, жүрегін өкініш кернегені рас. Сан 
тарам ой, толғақ сезім Мәкеңді екіұдай сезімге жетектеді. 
Біріншісі – «сын айтып, сынады екен деп осынша бұлан-


талан болғаны қалай?» Екіншісі «Бұл болмайтын іс. 
мұқаңмен тіл табуым керек, табысуым керек». 
Осындай ойтолғақта жүріп жүрегі жылы, жаны нәзік 
Мәлік Ғабдуллин М.Әуезовке хат жазуға отырды. Оны 
үйіне емес, мекемеге емес, «Қазақ әдебиеті» газетіне 
жазғанды дұрыс деп шешті. Осылай «Мұхтар Әуезовке 
хаты» жарияланды. Алыстан орағытып, қазақ поэзиясының 
жай-жапсары туралы айта келіп, әңгіме аяғы былай деп 
тұжырымдалады: 
«Қазақ әдебиетінің шешілмей жатқан мәселелері өте 
көп қой. Оларды бірлесе, ынтымақтаса, бір-біріміздің қате-
кемшіліктерімізді жолдастық ниетпен сынаса отырып 
шешуге тиістіміз. Бұл айтылған жайлар соңғы күзге дейін 
болмай келді ғой. Бір асыра сілтеген жеріміз болды. 
Ондайымыз үшін кешірім етуіңізді сұраймын». (ҚӘ. 
1955ж. 25 октябрь.) 
«Жақсының өкпесі шәйі орамал кепкенше». Хат 
газетке жарияланысымен Мәлік Ғабдуллин жүрегіне 
ыстық, көңіліне жақын таныс дауысты естіді. 
– Мен Мұхтармын ғой... 
Түс әлетінде Мұқаңның Төлебаев көшесіндегі шуақты 
шаңырағында мынандай әңгіме болып еді. 
Мұхтар: Мен сені жақсы көретін, сүйсінетін едім... 
сөйткен сенің, өткендегі айтыста бет-жүзге қарамай 
сынағаныңа қатты өкпеледім. 
Мәлік: - Ойбай, Мұқа-ау, қызық екенсіз?.. жағдай 
солай болды ғой. 
Мұхтар: - Пәлі, сынау керек, сынағаның жөн, бірақ 
сынды сабау құралына айналдыруға болмайды... 
Мәлік: - Оныңыз дұрыс. Ол кездгі жағдай солай 
болды ғой... мұны Сіз жақсы білесіз... 
Мұхтар: - Жарайды, оны білем... Разы болғаным – 
сенің газет арқылы хат жазып, кешірім сұрағаның. Сен 
кешірімді маған келіп, менен ғана сұраған жоқсың, оны 


пәленбай мың оқушы жұртшылықтың алдында газет 
арқылы сұрадың ғой. Міне, мұның нағыз жігіттік. 
Осыныңды асыра жоғары бағалаймын. Біреуден біреудің 
кешірім сұрауы бір басқа, ал сол кешірімді көпшіліктің 
алдында сұрау бір басқа. Сені кешірім сұрады деп 
кішірейтпеймін, қайта оныңды білгендік деп түсінем. 
(Мұхтар Әуезов тағлымы. 77 б). 
Ұлылардың ұғысуы қандай жақсы. Мүмкін, «ұлық 
болсаң, кішік бол» деген осындайдан шыққан болар. 
Мұқаң «Қазақ әдебиеті» газетінде Мәлік інісіне жауап 
жазды. Және «Абай жолының» жаңа шыққан кітабының 
ішкі бетіне «Кірбіңі кеткен көңілден...» деп қолтаңба 
жазды. 
Мұхтар 
Әуезов 
те, 
Мәлік 
Ғабдуллин 
де 
қазақтыңқасиетті бойтұмары. 
*** 
Мәлік Ғабдуллин қайраткер тұлға. Ол оншақты жыл 
АГУ-дің ректоры болды, СССР Жоғарғы СоветіII-IV 
шақырылымының депутаты болып сайланды. Ал ғылымда 
да мол мұра қалдырды. Соның ішінде «Қазақ халқының 
ауыз әдебиеті» атты оқу құралы фольклористика 
саласындағы күні бүгінге дейін таптырмайтын құнды 
еңбек болып табылады. Бұл кітап 1958 жылы жарық 
көрген болатын. Одан 1964 жылы қайта басылып шықты. 
Содан бері жарты ғасыр өтті. Заман өзгерді, қоғам өзгерді, 
бірақ фольклордың базалық құндылықтары өзгерген 
жоқ.Осыған орай, институт ұжымы биыл қазақтың ұлы 
қайраткер ұлының туғанына 100 жыл толуы қарсаңында 
кітапты қайта шығарып, ғылыми айналымға қосты. Ал 
қалған мұралары ше? 
Міне, осы ретте «М.Ғабдуллин музейі» мемлекеттік 
қазынашылық ұйымы атқарған жұмысты ерекше атап 
өткім келеді. Музей қызметкерлері академик, ғалым, 


қайраткер М.Ғабдуллиннің әдеби мұрасын жинастырып, 
оны 
баспаға 
дайындады. 
Көптомдықтың 
бірінші 
томына«Қазақ халқының ауыз әдебиеті», екінші томына 
«Қазақ халқының ауыз әдебиеті (хрестоматия)», үшінші 
томға «Қазақ халқының батырлар жыры», төртінші томға 
ғалымның 1936-1941 жылдардағы ғылыми жұмысының 
шыңы, «Қобыланды батыр» зерттеуі мен «Қазақ әдебиеті 
оқулығы», бесінші томға «Ата-аналарға тәрбие туралы 
кеңес» атты педагогикалық кітабы мен «Қазақ әдебиеті» 
оқулығы, алтыншы томға «Майдан әңгімелері» атты 
публицистикалық еңбектері, жетінші томға «Майдан 
әңгімелері және бейбіт заман естеліктері», сегізінші томға 
«Фронтовые очерки», тоғызыншы томға әдеби-сыни 
еңбектері, оныншы томға «Литературно-критические 
труды» атты еңбектері топтастырылған. 
Көптомдықтағы 
еңбектерді 
саралай 
қарағанда 
академик М.Ғабдуллиннің жан-жақты ғылыми қарымы мен 
азаматтық тұлғасы асқақтай көрінеді. Бұл көптомдық 
замана келбетін, замана ерекшелігін екшеуге мүмкіндік 
береді. 
«Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» дейді 
халық даналығы. Бұл М.Ғабдуллинге жарасымды 
үйлесетін теңеу. М.Ғабдуллин халқымен, қазағымен бірге 
жасайтын мәңгілік тұлға! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет