Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті



Pdf көрінісі
бет27/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

Жарапазан
Қазақтың өткен кезде дін салтына байланысты туған 
шығармаларының бір түрі – жарапазан (жарамазан) 
өлеңдері деп аталады. 
Жарапазан айту салты қазақ арасында ислам діні 
енгеннен кейін туған. Ислам діні бойынша, оны 
қабылдағандар үшін жылына отыз күн ораза ұстау, күніне 
бес рет намаз оқу, сондай-ақ, қайыр-садақа беру т.б. міндет 
саналған. Олай етпесе, адам өлгенде жұмаққа бармай, 
тамықтың отына күйіп жанады деп қорқытқан. Міне, 
мұның бәрін халыққа түсінікті етіп, үгіт түрінде айту үшін 
дін иелері поэзияны пайдаланған. (Б.Кенжебаев. Қазақ 
әдебиеті, 1 том, 1948ж, Алматы) 
Өйткені, дін сөзі деп қожа-молдалар айтатын араб 
тілін қазақтар түсінбеген. Сондықтан да олар дін үгітін 
халыққа ұғындыру үшін өлеңді қолайлы көрген. 
Екіншіден, қазақ халқының сауықшыл, өлеңшіл, өлең сөзге 
құлақ түргіш келетіндігін ескерген. Осы негізде жарапазан 
өлеңдері туған. 
Жарапазан ораза кезінде айтылады. Мұның өлеңдерін 
ақындық өнері шамалалар немесе қайыр сұраушылар 


жаттап алып айтқан. Бұл өлеңді айтушылар сөзін бай 
үйлерге арнаған, солардан қайыр-садақа сұраған. Мысалы: 
Айтамын, байлар, сізге жарапазан
Молдалар ертең ерте айтар азан. 
Айтқанда жарапазан қайыр берсең, 
Барғанда ахиретке болмас жазаң
75
, –
деп бастайды да, қайыр-садақа берген кісі жұмаққа барады, 
бермеген адам тамыққа түседі, азап шегеді деп қорқытады. 
Бұл, әрине, тек қайыр сұраушылардың ғана сөзі емес, ол 
ислам дінін үгіттейтін, қараңғы халықты сол діннің 
айтқанынан шығармай, оған табынуды көздеген дін 
иелерінің, қожа-молдалардың да сөзі болып табылады. 
Жарапазан арқылы айтылатын бұл үгіт, қараңғы 
адамдарды қорқыту түрінде ғана келмейді. Ол исламды, 
құдайды мақтап, жарылқаушы деп көрсету арқылы да дін 
үгітін таратады. Мұны жарапазанның батасынан көруге 
болады. Қайыр-садақа берген байға арналған бата-
өлеңдерінде, «осы садақаның есесін құдай қайырады, 
жақсылыққа жарытады, жарылқайды; жұмаққа барасың
төрт түлікке кенелесің» деген секілді сөздер айтылады; 
ислам дінінің шарттарын орындаған адам «құдайдың 
сүйген құлы» болады деп, оны құдай жарылқайды деп дін 
үгіттерін жүргізеді. Сөйтіп, дін иелері қараңғы халықты, 
бір жағынан алдау, қорқыту арқылы діни ұғымдарға 
көндіруді көздесе; екіншіден, оларды мақтау, дәріптеу 
арқылы діни үгіттерін жүргізіп отырған. 
Ораза кезінде айтылатын жарапазан өлеңдерінен тек 
дін үгіті ғана көрініп қоймайды, сонымен қатар, бұл 
өлеңдерден сол кезде үстем таптың езуіне ұшыраған, 
қаналған, қайыршылық жағдайға душар болған адамдардан 
да тұрмыс-күйі, ауыртпалық өмірі елестейді. Жарапазанды 
айтушылардың көпшілігі өздерінің неліктен садақа сұрауға 
75
С.Сейфуллиннің сол кітабынан. 


түскенін, тұрмыс-тіршілігінің ауыртпалығын зар етеді, 
қайыр тілеп бір елден екіншісіне қаңғып жүргендігін 
айтады. Мұны: 
Ассалаумағалайкүм, ақтан келдік, 
Ауылы арғын-найман жақтан келдік. 
Жарапазан айтумен үміт қылып, 
Балалардың азығы жоқтан келдік
76
, –
дегеннен көруге болады. 
Өлеңдік жағынан алғанда, жарапазан қарадүрсіндеу
айтылып, ажарсыз, айшықсыз келеді. Мұнда әдемі көркем 
сөз, адамды тебірентіп әсер ететін теңеулер болмайды. 
Сондықтан мұндай өлеңдерді ақындық өнері шала адамдар 
шығарғанға ұқсайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет