Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті



Pdf көрінісі
бет23/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

 
Беташар
Жаңа түскен келіншектің тойында айтылатын 
өлеңнің бір түрін беташар деп атайды. Бұл өлеңнің 
мақсаты – жас келіншекті жаңа ағайын-жұртына, қайын 
ата мен қайын енесіне, жаңа қауымға таныстыру, кімнің 
қандай екендігін айту; мұнымен қатар, жаңағы ағайын-
жұртқа жас келіншек жайын түсіндіру, жатсынбай баурап 
ал, ол осы қауымның бір мүшесі болды деп көрсету.
Осындай екі жақты бір-біріне таныстыруды бет ашар 
өлең деп атаған. Мұның өзіне арнап шығарылған өлеңі 
болған. Ол өлеңді, той үстінде, көбінесе, ақындар айтқан. 
Ертедегі салт бойынша, бұл өлеңді айту реті былай: Жас 
келіншектің түсетін үйіне жұрт жиналады. Олардың үстіне 
келіншекті енгізгенде бетін жеңіл желекпен бүркеп 
әкеледі. Шоқан Уәлихановтың (жоғарыда аталған 
еңбегінде) айтуына қарағанда, жас келін үйдің босағасын 
алғаш рет аттап енгенде, отқа май құйып ырым жасайды. 
«Мұндай ырым, – дейді Шоқан, – ертедегі шамандық 


дәуірінен қалған, ол кездегі адамдардың отты жарылқаушы 
күш есебінде түсінгендігінен туған».
Жаңағыдай ырымдары жасалу үстінде жыршы-ақын 
бет ашардың өлеңін айтуға кіріседі. «Келін, келін, келіп 
тұр» деп бастайды да, жиналған жұртқа келінді 
таныстырады, келін атынан сәлем береді. Сәлем соңында, 
келіннің айтайын деген сөзі деп әркімге арнаулы тілек 
білдіреді; көрімдікке, еншіге деп мал сұрайды. 
Нар берсеңіз, мая бер, 
Үстіне кілем жая бер. 
Жылқы берсең – биеден, 
Кем болмасын түйеден. 
Сиыр берсең, қызылдан, 
Шұбалаң құйрық ұзыннан. 
Қой берсең, үлкен ағынан, 
Егіз болсын қозысы, 
Болмасын жалқы дағынан.
59

деп, түйеден бастап ешкі-лаққа дейін төрт түлікті атап 
шығады. Сөз арасында жыршы-ақын төрт түліктің 
қайсысында қандай қасиет барлығын да, қайсысына 
келіннің көңілі толатындығын да әзілмен ескертіп қояды.
Бұдан ары қарай беташар өлеңінің екінші бөлімі «айт 
келін» басталады. Бұл жаңа түскен жас келінге арналған 
үгіт-өсиет сөздер болып келеді. Онда келіннің үй 
шаруасындағы міндеті, атқаратын қызметі, құлық-мінезі, 
жүріс-тұрысы 
қандай 
болу 
керектігі 
айтылады; 
патриархалдық тұрмыстың, ескі әдет-ғұрыптың салттарын 
бұлжытпай орындау шарт екендігін ескертеді.
«Айт келін» өлеңдерінде халықтық пікірлер (еңбек 
ет, әдепті бол, өтірік-өсек айтпа, салдыр-салақ болма) 
болумен қатар, халық тілегіне жат, консервативтік және 
феодалдық қауымның көзқарасын білдіретін жақтары да 
59
С.Сейфуллин, сол кітабында. 


бар. Әсіресе, әйелдердің правосын төмендетуі, ерлермен 
тең емес деп көрсетуі, үй ішінің барлық ауыр салмағын 
әйелдерге жүктеуі феодалдық қауым тілегінен, соның 
көзқарасынан, әдет-салтынан туған. Сондықтан біз 
бұларды «айт келін» өлеңдерінің қайшылық, кертартпалық 
жақтары барлығын түсіну үшін сөз етеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет