Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті



Pdf көрінісі
бет75/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

Әзімбай 
Жырдағы жағымсыз кейіпкердің бірі – Әзімбай. Ол – 
кісі еңбегімен мал жиған, соған масаттанған, бірақ 
қиыншылық іс түскен кезде қолынан ешнәрсе келмейтін 
қорқақ адам. Әзімбай образы халық жырында екі түрлі 
мәселенің бетін ашу үшін алынған. Біріншіден, Әзімбай 
арқылы халық жыры езуші мен езілушінің арасындағы 
таптық жайларды елестетуді, оның ерте заманнан келе 
жатқандығын аңғартуды көздейтіндігі байқалады.
Басқа жырларға қарағанда, таптық қарым-қатынас 
«Қамбар батыр» жырында ашығырақ көрінеді. Мұны ол ең 
алдымен Әзімбай образы арқылы, оның халықты 
менсінбеушілігі мен тәкаппарлығын суреттеу арқылы 
елестетеді. Езуші таптың өкілі ретінде алынған Әзімбай 
байлық, сән-салтанатына масаттанады, еңбекші халықты 
менсінбейді, оған жиіркене қарайды. Ол Келмембетке 
айтқан сөзінде: 
Ертелі, кеш шұбырып, 
Қонады мейман ағылып, 
Кедейлер мені көрмесе
Қалады, - дейді, - сағынып; 
Отымның басын бермейді, 
Іздеген жоғы табылып, (Сонда, 437- бет.) –
деп, халықты кеміте, жамандай сөйлейді. Бұдан езуші 
таптың еңбекші халыққа қалай қарағандығы айқын 
көрінеді. 
Екіншіден, Әзімбайды халық жыры «екі талай күн 
туғанда» елге пана болатын кім екендігін көрсету үшін 
алады. Әзімбайлар байлығына сүйеніп гүпілдегенімен де, 
қамауға алған шақта қатты сасады, қайрат көрсетіп қарсы 


тұрарлық күш таба алмайды. Қайта, жаудың аяғына бас 
ұрып жалына бастайды, жан сауғалайды. Мұндай жағдайда 
ерлік жасайтын тек халықтың өзі болады. Қандай 
қиыншылықтар болса да, қандай жау келсе де оларға төтеп 
беретін, талқандап жеңетін халық, оның қаһарлы күші 
екендігін жыр тарихи шындық тұрғысынан баяндайды. Бұл 
ретте, жыр еңбекші халықты езуші тапқа қарама-қарсы 
қойып, салыстыру жасайды да, халықтың сарқылмас 
күшін, батырлық бейнесін сипаттайды, қоғам тірегі 
халықтың өзі деген қорытынды шығарады; Әзімбайлардың 
қолынан ондай ерлік іс келмейтіндігін бейнелейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет