Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті


VI ТАРАУ  АЙТЫС ӨЛЕҢДЕРІ



Pdf көрінісі
бет92/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

VI ТАРАУ 
АЙТЫС ӨЛЕҢДЕРІ 
Ертеде жазу өнері болмаған кезде қазақ халқының 
жасаған ауыз әдебиетінің негізгі бір саласы – айтыс 
өлеңдері. 
Қазақтың айтыс өлеңдері жайында үлкенді-кішілі 
зерттеу 
еңбектер 
жазған 
С.Мұқанов, 
М.Әуезов, 
Е.Исмайылов, 
Х.Жұмалиев, 
Т.Нұртазин 
228
тағы 
басқалардың айтуына қарағанда, «айтыс» деген сөз 
бірнеше мағынада қолданылған. Айтыс екі адамның сөз 
қағыстыруы, сөз жүзінде тартысуы, дауласуы, жарысуы, 
сынасуы, өнер салыстыруы деген ұғымды қамтыған. Және 
де «айтыс» қара сөз түрінде де, өлең түрінде де болған. 
Әдебиет көлеміне енетіндері және әдебиеттік жанрдың бірі 
болып табылатыны да – осы өлең түрінде айтылған 
айтыстар. 
Белинскийдің жоғарыда келтірілген пікіріне сүйенген 
және оны қуаттаған қазақ әдебиетшілері, айтыс өлеңдері 
халықтың жазу өнері болмаған кезінде туғандығын 
дәлелдей түседі. «Бір кезде көшпелі тұрмыс құрған 
елдердің, - дейді Сәбит Мұқанов «айтыс» туралы жазған 
еңбегінде, - сауаты аз болды, оқуы, мектебі жоқтың қасы 
еді; мектебі, оқуы жоқ елде ақынның күші аузына түсіп, 
басқа жанрлар сықылды, «айтыс» жанрын ауызша 
тудырды, ауызша айту жолымен өркендетті». 
Демек, қазақтың айтыс өлеңдері халықтың қоғамдық 
өміріне, тұрмыс тіршілігіне байланысты және жазу өнері 
болмаған кезінде туып, қалыптасқан. Оны тудырғандар да, 
228
С.Мұқанов, Айтыс, 1941ж., Алматы; М.Әуезов, Айтыс 
өлеңдері (қазақ әдебиетінің тарихы, І том, 1960) және 
«Жамбыл айтыстағы өнері» (АН КазССР, № 6, 1948); 
Е.Исммайылов, Ақындар, 1956; Х.Жұмалиев, қазақ 
әдебиеті, 1949; Т.Нұртазин, Айтыс өлеңдері (диссертация). 


дамытқан да ақындар болған. Бұл жағдай тек қазақта ғана 
емес, ол қазақпен ағайындас және бір кезде тұрмыс-
тіршілігі, шаруашылығы, қоғамдық өмірі ұқсас келетін 
қырғыз, түрікпен, қарақалпақ т.б. халықтарда да «айтыс» 
болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет