Мәлік Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті



Pdf көрінісі
бет94/101
Дата11.11.2022
өлшемі2.53 Mb.
#464606
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   101
1ТОМ. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ-2014. т

Қыз бен жігіт айтысы 
Бұл айтыс халықтың әдет-ғұрып салтына байланысты 
ойын-сауықтар кезінде айтылған және ол ойын-сауыққа 
жиналған жұртты көңілдендіру, күлдіру, ән мен өлең 
қызығына батыру негізінде туған. Мұның алғашқы 
үлгілерін белгілі ақын қыздар мен жігіттер шығарған. 
Оларды осы айтыстағы өлеңдерін кейіннен өлең айтуға 
икемі бар, бірақ өздерінің ақындық өнері жоқ жастар 
жаттап алып, ойын-сауық кезінде айтып жүретін болған. 
Бұл айтысты көбінесе қыздар мен жігіттер бастап, солар 
айтатын болғандықтан, халық оны «қыз бен жігіт» айтысы 
деп атаған. 
Қыз бен жігіт айтысы, әдетте, екі жастың 
амандасуынан басталып, әзіл-оспақ, әдемі қалжың ретінде 
айтыла береді. Онда ақындар айтысындағыдай үлкен 
әңгімелер қозғалмайды, ойын-сауыққа лайықты жеңіл-
желпі күлдіргі жайлар сөз болады. Айтыстың өлеңі ертеде 
шығарылған және жұртқа таныс, үйреншікті, жаттамалы 
болғандықтан, оны ойын-сауық үстінде өлең айтуға икемі 
бар жігіт пен қыздың қайсысы болса да орындай береді. 
Бұл айтыстың мысалы төмендегідей болып келеді. 


Жігіт: 
Көгілдірік, ендеше, көгілдірік, 
Көк дөненге жарасар өмілдірік. 
Осындай бірме-бірге кез келгенде
Айта гөр өлеңіңді төгілдіріп. 
Қыз: 
Асыл қайрақ, замандас, асыл қайрақ, 
Бау ағашта тұрады бұлбұл сайрап. 
Құдай айдап осындай кез келгенде, 
Өлеңіңді айта гөр, тәуір сайлап
229
, –
деп, айтысқа түскен қыз бен жігіт бір-бірін өлеңге 
шақырады. Бұлардың айтысы осылай басталып, үдей 
береді, жұртты күлдіру үшін әр нәрсені әдемі әзіл, 
қалжыңға айналдырады. Бұл ретте айтысушылар бір-
бірінің бойындағы мін-кемшіліктерді де өлеңмен күлкі 
ететіні болады. Мәселен: 
Қыз:
Қызға барған ел білсін атағыңды, 
Түзетіп ки мұнан соң шапаныңды. 
Қыздан көңілі қалмаған қу көкірек, 
Қырғызсаңшы бір қап жүн сақалыңды… 
Сақалыңды айнаға көрші қарап, 
Ту құйрықтан маңызды төр-бес қадақ. 
Аулыңдағы бақалға күзеп сатсаң, 
Алты сабын береді, жеті тарақ
230
, –
деп жігіттің қаужиған сақалын күлкіге айналдырады. Бірақ 
жігіт оған дау айтып – «Сөздің көркі – мақал, адамның 
көркі – сақал», – дегенді дәлел етеді. Және өз тарапынан 
қыздың да мінін айтып, әзіл етеді. 
Айтысқа түскен қыз бен жігіт кейде қөңіл сырын, бір-
бірін ұнататындығын да білдіріп отырады. «Бұдан былай 
229
“Айтыс” жинағы, 1941 жыл. 41-бет. 
230
“Айтыс” жинағы, 1941 ж., 58-59 беттер. 


таныс болып, көрісіп жүрелік» – дегендерді де өлеңге 
қосады. Айтысып отырған бір қыз жігітке: «Кешке таман 
қозы қараған кісі болып, келіп-кетіп жүр», – дейді. Оған 
жігіт: 
…Қозы қарап, мезгілсіз бара берсем, 
Итін қосар қу әкең сорым қайнап, –
дейді. Жігіттің бұл сөзіне қыз: 
…Ит түгілі қасқырдан қорықпас ем, 
Дәл өзіңдей, дариға, болсам жігіт, –
(Сонда, 57-бет),- 
деп жауап қайырады да, жігіттің намысына тие сөйлейді. 
«Қыз 
бен 
жігіт 
айтысы» 
ойын-сауыққа 
жиналғандарды көңілдендіріп күлдіру, қызыққа батыру 
тілегінен туғандықтан, айтысқа қатысушылар, бір-бірін 
жеңу, жүлде алу мақсатын көздемейтін секілді. Ойын-
сауық дүкенін қыздыра беру үшін, олар өлеңді жанынан 
шығарумен қатар, ел арасында айтылып жүрген халық 
өлеңдерінің сөздерін де пайдаланатындығы байқалады. 
Мұны «Айтыс» атты жинаққа енген «Қыз бен жігіт 
айтысы» бөлімінен көреміз. Онда «Қаратаудың басынан 
көш келеді», «Қаратау кейде қарлы, кейде қарсыз», немесе 
«Әуеде ай болмаса, адасады» сияқты халық өлеңдері де 
қыз бен жігіт айтысына айналғандығын аңғарамыз. 
«Қыз бен жігіт айтысының» өлеңдік құрылысы 
көбінесе халыққа белгілі он бір буынды өлең түрінде 
келеді. Және қазақ өлеңдерінің алғашқы түрлерінде 
кездесетін қайталау дәстүрін көбірек қолданып отырады. 
Әсіресе, өлеңнің бастапқы екі жолын жігіт те, қыз да 
қайталай отырып, өздерінің айтайын деген негізгі ойын 
өлеңнің үшінші-төртінші тармағымен білдіреді. 
Қорыта келгенде, халықтың әдет-ғұрып ойын-сауық 
салтына байланысты туған «қыз бен жігіт айтысы» қазақ 
ауыз әдебиетінде «айтыс» жанрының алғашқы үлгілерінің 


бірі болып табылады. Ол кейіннен үлкен «айтыстың» 
шығуына негіз салған жанрдың бірінен саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   101




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет