Егер алғашқы және сыртқы кілттердің мәні сәйкес келсе, онда олар бір-бірімен байланыста деп есептеледі. Кестедегі жазбаларды байланыстыру үшін алғашқы кілтті пайдалану керек
Егер алғашқы және сыртқы кілттердің мәні сәйкес келсе, онда олар бір-бірімен байланыста деп есептеледі. Кестедегі жазбаларды байланыстыру үшін алғашқы кілтті пайдалану керек.
Байланыстың негізгі екі мақсаты бар:
Мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету. Байланысқан кестелер арасындағы мәліметтердің үйлесімін қамтамасыз ететін механизм мәліметтер тұтастығы деп аталады Мәліметтер тұтастығын қамтамасыз ету үшін, екі кесте арасындағы байланысты орнатқанда тұтастық шарттарын қамтамасыз ету жалаушасын белсенді ету керек. Мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз ету жалаушасын енгізу бір кестеден жазбаларды жою жағдайларынан қорғануға мүмкіндік береді, олармен байланысқан басқа кестелердің мәліметтері байланыссыз қалады.
2) Мәліметтер қорына қызмет ету міндеттерін автоматтандыру, яғни бір кестені өзгерткенде бірнеше кестеге өзгеріс енгізуді автоматтандыру. Байланысқан жазбаларды каскадтық өшіру басты кестеден жазбаларды өшірген кезде бағыныңқы кестеден барлық жазбалар өшіріледі. Олардағы байланысқан өрістердің мәні өшірілетін мәнмен тура келеді.
Кесте аралық байланыстарды құру үшін оларда кілттік өріс болуы керек, сондықтан әрбір кестеге кілттік өріс тағайындау қажет.
Кесте аралық байланыстарды құру кезінде өрістерді байланыстыратын кілттерді бастапқы немесе сыртқы кілттер деп те атайды.
Байланыстың үш түрі бар.
Бір кестедегі бір объекті басқа кестедегі бірнеше объектілермен байланысуы мүмкін, бұл байланыс “Бір-көпке” қатынасы деп аталады. Бұл тәжірибеде ең таралған байланыс типі болып табылады.
2) Бір кестедегі бірнеше объектілер басқа кестедегі объектілермен байланысады. Бұл “Көпке-көп” қатынасы деп аталады.
3) Бір кестедегі әрбір жазба екінші кестеде бір жазбадан артық байланыста болмайды. Бұл қатынасты “Бірге-бір” қатынасы деп атайды. Қатынастың мұндай типін көп жағдайда қолдана бермейді.