«Қазақстан Тұтынушылар Одағы агробизнес және экономика колледжі» мекемесі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ұлттық мұраны, қазақ тілін ұлықтау»
2ВФ-21, 3ВФ-13 топтары
Топ жетекшісі: Әділханова Д.С
Семей қаласы
«Қазақстан Тұтынушылар Одағы агробизнес және экономика колледжі» мекемесі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным»
2ВФ-21, 3ВФ-13 топтары
Топ жетекшісі: Әділханова Д.С
Семей қаласы
Тәрбие сағат тақырыбы: 25 - қазан Республика күні
Тәрбие сағат мақсаты: Студенттерді туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру.
Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.
Құрметті студенттер бүгін сіздердің назарларыңызға «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстаным!
» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Алысқа жолаушылап кетіп, туған жеріне оралған сәтте тауы да, тасы да саған ыстық болып тұрады. Адамзаттың парызы - туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.
Ұлы ағартушы, халқымыздың рухани көсемі А. Байтұрсынов: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан өссін»деген екен. Біз сіздерге тек перзентіміз емес, еліміздің ертеңі, нұрлы болашағы деп қараймыз. Мұхаммед Пайғамбарымыз «Жастық шақта алған білім - тасқа ойылған нақыш» деген екен. Ендеше сендер бала кезден бастап терең білім меңгеруге тиіссіңдер. Туған еліміздің биікке ұшар сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болыңдар дегім келеді.
ӘНҰРАН
Елін, туған жерін сүйетін, елінің өткені мен бүгінін, тарихын тебірене де тереңдей оқып, тарихтың зерделі де шежірелі беттеріне үңілген ұландарымыз өздерінің жүректерінен шыққан ойларын ақ қағаз бетіне түсірген екен. Кезекті осы ұландарға берейік.
Журналдың бірінші беті «Елім менің»деп аталады.
Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын белгіледі.
Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақ терең түсініп, оны қастерлей білу керек.
Мақтансаң мақтан елім деп,
Тани біл, елдік таңбаңды.
Елтаңба, Туың, Әнұран -
Шырқатты биік арманды.
Тәуелсіздікке тән белгі -
Қасиетті осы рәміздер -
Еліме рух, мән берді,
Иесі оның – мына біздер.
Журналымыздың келесі бетін ашайық. Ол «Еліміздің нышандары» деп аталады.
Мемлекеттік ту - алтын күн алаулаған зеңгір көк аспан түстес. Сол зеңгір аспанның аясында баяу қалықтаған дала бүркіті. Арман арқалаған алтын бүркіт қазақтың қыран көңілін шырқау биікке алып шыққандай көрініс береді. Мемлекеттік туды даралайтын тағы да бір белгісі - оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті қошқар мүйіз жолақ. Ол - көшпелі әлемнің, дарқан дал рухының тынысы. Ту ортасындағы алтын күн - халқымызға нұр болып шапағатын шашып тұр. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтеріп, ұшып бара жатқан ақиық қыран құс - ерліктің белгісі.
Туымызды қастерлеу - халқымызды қастерлеу.
Елтаңба - әлемде сирек кездесетін Елтаңба. Қазақ өмірінің ұлы белгісі шаңырақтан тараған. Таң шапағындай уықтар арасындағы ай мүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар халқымыздың болашаққа ұмтылған асқақ арманының бейнесіндей болып көрінеді. Қос пырақ ортақ шаңырақты қанатымен қорғап тұр. Қанат - асқақ арман нышаны. Ел белгісінде көк аспан, шаңырақ, жарық жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары бейнеленген. Аспан көк - кеңшілік, тыныштық, биіктік белгісі.
Мемлекеттік Әнұран - еліміздің музыкалық поэтикалық эмблемасы, әдеби сазды төл құжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлем хат сынды.
1. 1992 жылы маусым айының 4 - інде қабылданған Қазақстан
Достарыңызбен бөлісу: |