Мемлекет және азаматтық қоғам


Мемлекеттің белгілері мен қызметтері



бет2/5
Дата08.12.2022
өлшемі172.1 Kb.
#466787
1   2   3   4   5
Мемлекет және азаматтық қоғам

Мемлекеттің белгілері мен қызметтері

Мемлекеттің тұрпаты әр түрде көрініс беруі мүмкін. Мемлекеттің түрі деп оның ішкі құрылысын, ұйымдастырылуын және мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілін айтады. Оның үш жағы бар: 1) басқару турі, 2) саяси тәртібі (режим), 3) мемлекеттік құрылысы. Басқару түрі жогарғы үкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді. Соған байланысты мемлекет монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді.

Монархия деп - мемлекеттің жоғарғы үкімет билігі жеке - дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мүра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, император, король деп атауы мүмкін. (Монарх мемлекет басшысы болған кезде оған сол елдің король, император, ұлы герцог, сияқты құрметті атағы бірге беріледі).

Монархиялардың түрлері:

  • Абсолюттік монархия (шектеусіз) — мемлекеттегі жалғыз жоғарғы орган болып табылатын монархы бар мемлекет. Бүткіл мемлекеттік биліктің құзыреті монархтың қолында болады (Сауд Арабиясы, Оман, Катар). Тағы бір ерекше бір түрі теократиялық монархия (Ватикан) болып табылады.
  • Шектеулі монархия — монархтан бөлек басқа да мемлекеттік басқару органдары бар мемлекет, ал мемлекеттік билік барлық жоғарғы билік органдарына жүктелген, сондай-ақ монархтың билігі белгілі бір арнайы дәстүрдің немесе Конституция актісінің негізінде шектелген. Өз кезегінде шектеулі монархия келесідей бөлінеді:
  • Сословиелік-өкілдік монархия — монархтың билігі белгілі бір сославиенің дәстүрлерінің негізінде шектелетін монархия түрі (Ресейдің Земский соборы, Испаниядағы Кортестер)Қазіргі кезде жок.
  • Конституцилық монархия — монархтың билігі белгілі бір арнайы Конституция актісінің негізінде шектелген монархия. Өз кезегінде конституциялық монархия екіге бөлінеді:

Дуалисттік монархия — монархтың қолында барлық атқарушы биліктің құзыреті болатын, сондай-ақ заң шығару және сот істеріне өкілеттілігі бар монархия түрі. Бұл мемлекеттерде монархтың қолында өкілдік органдары тарату, қабылдағалы жатқан актілерін бұзу сияқты абсолютті вето құқыққа құқылы (Иордания, Марокко).

  • Дуалисттік монархия — монархтың қолында барлық атқарушы биліктің құзыреті болатын, сондай-ақ заң шығару және сот істеріне өкілеттілігі бар монархия түрі. Бұл мемлекеттерде монархтың қолында өкілдік органдары тарату, қабылдағалы жатқан актілерін бұзу сияқты абсолютті вето құқыққа құқылы (Иордания, Марокко).
  • Парламенттік монархия — монарх тек дәстүрдің құрметі ретінде және белгілі өкілеттілігі жоқ монархы бар мемлекеттер (Ұлыбритания, Жапония, Дания).
  • Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір ауқытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады.Республика президенттік және парламенттік және аралас болып бөлінеді.
  • Президенттік республикалар — бұл мемлекеттерде президент парламентаризммен қатар мемлекет және үкімет басшысының өкілеттігін қоса атқарады. Үкіметті тарату немесе құру тікелеу президенттің қолында болып саналады, бұл жағдайда парламент үкіметке әлеулі әсер тигізе алмайды (Қазақстан, АҚШ, Эквадор).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет