Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы пәні бойынша сұРАҚтар



бет11/65
Дата04.08.2024
өлшемі4.11 Mb.
#503097
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   65
МҚТ КІТАПША

Құқықтың пайда болуы.

  • Құқықтың шығуы туралы теориялар.

    Мемлекетке дейінгі кезеңде қоғамдық өмірді әлеуметтік нормалар реттеп отырды. Ол адамдардың өмірлік қажеттіліктерінен пайда болып, дамыды. Әлеуметтік нормалар ру мен тайпаның бірлігін, қоғамның әлеуметтік- экономикасын көрсетіп, оның даму жолдарын анықтады. Єндіріс құрал- жабдығының өз дәрежесінде дамымауы, өндірістің төмен болуы адамдардың қажеттілігін көрсетті.
    Кез-келген қоғамда, оның өз мүшелеріне деген қатынасын реттеу қажеттілігі туды. Міне, соған байланысты әлеуметтік реттеудің қажеттілігі көрінеді. Оны нормативті және жеке деп екіге бөлеміз. Біріншісінің нормалары қоғамның барлық мүшелеріне арналады. Екіншісі, жеке бұйрық түрінде көрінеді. Олар бір-бірімен тығыз байланысты болады. Әлеуметтік реттеу адамзат қоғамының дамуымен басталады. Алғашқы қауымдық құрылыста қоғамдық қатынастарды негізгі реттеуші салт-дәстүрлер болды. Олар қоғамға пайдалы түрлі жағдайдағы мінез-құлық ережелері еді. Салт-
    дәстүрлер атадан-балаға мұра ретінде беріліп отырды. Қоғамға әсер ете отырып, олар өте жай өзгерді. Кейінгі дәуірлерде қоғамдық мораль нормалары мен діни-нанымдар келіп шықты. Олар біртіндеп бірігіп кетіп діни негіздерді қалады.
    Қоғамдағы өзгерістерге байланысты адамдар арасында мүліктік теңсіздік күшейді. Дамып, пайда болып қалыптасқан тап үшін оның мүддесін қорғайтын салт-дәстүрлер қажет болды. Мемлекеттік билікті пайдалана отырып, өздеріне қарсы шыққан, жаман қылық жасаушыларға шара қолдану үшін, мемлекет тарапынан қамтамасыз етілген құқықтық салт-дәстүрді қалыптастырды. Сөйтіп, құқық мемлекетпен қатар дамып, бірін-бірі бекітті.
    Қоғамның, мемлекеттің дамуына байланысты барлық қоғамдық қатынастарды құқықтық салт-дәстүрлер реттей алмады. Міне,осы кезеңде әлеуметтік байланыстарды реттеуді қамтамасыз ету үшін құқық нормаларын бекітетін құқықтың жаңа қайнар көзі:заңдар, заң прецеденті, нормативті келісімдер пайда болды. Құқықтың дамуының негізгі екі бағытын көрсетуге болады. Билеуші мемлекеттік меншіктің негізгі қайнар көзі адамгершілік-діни жағдайдағы жинақтар болды.» Ежелгі Египеттегі Птахотептің өсиеті» Үндістандағы Ману заңы», «Мұсылман мемлекеттеріндегі Құран» т.б. Қажет кезінде оларды басқа салт-дәстүрлермен (мысалы,адат) және нақты (нормативті емес) ережелермен толықтырып отырды. Бұларды монарх немесе мемлекеттік аппараттағы өкілеттікке ие болған чиновниктер бекітті. Жеке меншікке негізделген қоғамда меншік иелерінің тең құқықты болу қажеттілігі келіп туды. Соған байланысты күрделі қоғамдық мүліктік қатынастар жүйесін реттеу үшін азаматтық заң келіп шықты. Соның бірі-Римдік жеке меншік құқығы. Бұл құқық жүйесін адамдар жүздеген ғасырлар бойы пайдалануда, қазіргі күнге дейін өз мәнін жоғалтпаған құқықтардың бірі. Мемлекеттік- ұйымдастырылған қоғамда құқық нормаларынан мемлекет қамтамасыз ететін заң келіп шықты.
    Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу мемлекеттік басқарудағы ең маңызды әдіс. Бірақ құқық пен заң арасында қарама-қайшылық бар. Заң қоғамындағы белгілі-бір топтың ғана мүддесін қорғайды.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   65




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет