Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы пәні бойынша сұРАҚтар


Мемлекеттің пайда болуының негізгі себептері мыналар



бет9/65
Дата04.08.2024
өлшемі4.11 Mb.
#503097
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65
МҚТ КІТАПША

Мемлекеттің пайда болуының негізгі себептері мыналар:


-қоғамнан көпшілік биліктің бөлінуі;
-салық түрлерінің енгізілуі;
-тұрғындардың аумаққа бөлінуі;
-қоғамда мәжбүрлеу аппараттарының пайда болуы.

Мемлекеттің шығуы туралы түрлі теориялар бар.


      1. Теологиялық ( діни ) теория, мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуын құдайдың құдіретінен, яғни «барлық билік құдайдан» деп түсіндіреді. Діни мазмұнына қарамай бұл теория шындықты көрсетті. Ежелгі ( Иудейде ) теократиялық алғашқы мемлекетте билік абыздардың,храмның қолында болды. Олар діни және әкімшілік орталық ретінде билікті бөліп алды. Әсіресе, бұл теория орта ғасырда кең тарады. XVI-XVIII ғасырларда теократиялық теорияны монархтың билігін қамтамасыз ету үшін пайдаланды.

      2. Патриархалды теорияда мемлекеттің пайда болуын кедейленген отбасымен, монархтың билігін әкенің өз отбасы мүшелеріне билігінен пайда болды деп көрсетеді. Бұл теория патшаның, монархтың шексіз билігіне негізделді. Оның негізін қалаған б.д.д. IIIғ.Аристотель болды. Қазіргі уақытқа дейін бұл қағида өмір сүруде.

      3. Органикалық теория бойынша мемлекет адам организмі сияқты дамиды. Ол мемлекет заңдарын адам психикасы процестерімен салыстырды. Бұл теория б.д.д. IV-III ғасырлардағы ежелгі грек ойшылдары идеяларында, соның ішінде Платонның еңбегінде көрініс тапты. Бұл теория өкілдері Блюнчли,

Г.Спенсер, Вормс, Прейс т.б. болды.

      1. Келісім - шарттық теория, мемлекеттің пайда болуын келісім нәтижесіндегі адамның саналы еңбегінің жемісі ретінде түсіндіреді. Мемлекет-адамдардың саналы түрде келісім-шартпен бірігуі және олардың өздерінің бостандығы мен билігінің бір бөлігін ерікті түрде мемлекетке беруі.

Бұл теория ерте буржуазиялық ойшылдардың еңбегінде XVII- XVIII ғасырларда кең түрде дамыды. Бұл теорияны жақтаушылар Г.Гроций,Б.Спиноза,Т.Гоббс,Д.Локк,Ж.Ж.Руссо,А.Н.Радищев болды.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет