Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы пәні бойынша сұРАҚтар



бет15/65
Дата04.08.2024
өлшемі4.11 Mb.
#503097
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65
МҚТ КІТАПША

Мәжбүрлеу әдісі. Мемлекеттік мәжбүрлеу дегеніміз мемлекеттік жүйенің жеке адамға психологиялық, материалдық немесе физикалық күш көрсету арқылы мәжбүрлеуі. Оны екіге бөлеміз: 1-сі, құқықтық мәжбүрлеу; 2-сі, құқықтық емес мәжбүрлеу. Біріншісі, құқықтық нормаларда анықталған және арнаулы іс жүргізу шеңберіндегі мемлекеттік мәжбүрлеудің түрлері мен шаралары. Екіншісі, мемлекеттік органдардың зорлық-зомбылығы.

Мемлекеттік билікті іске асырудың әдістерінің түрлері өте көп. Бірақ, олардың барлығы тек құқықтық және қоғамдық – пайдалы мақсатқа негізделуі тиіс. Мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі мемлекеттің мәнін түсіндіру. Мемлекеттің мәні мемлекеттің мазмұнын, мақсатын, қызмет істеу бағыттарын анықтайтын құбылыс. Мемлекеттің әлеуметтік мәні кең мағынада қоғамдағы саяси-билікті ұйымдастыру, заңға сүйенген адамдардың бірлестігі ретінде анықталыды. Осының нәтижесінде жария-билік құрылымы құрылады, мемлекеттік-құқықтық институттар мен құқықтық қатынастар қалыптасады. Тар мағынада мемлекеттің басқару аппараты, жария биліктің әртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде анықталуы. Бұл қоғамдағы таптар мен әлеуметтік топтардың, жалпы қоғамның мүддесін қорғайды.

Осыған байланысты мемлекеттің мәнінің екі жағын көрсетеміз.


  1. оның формалдылығы, кез-келген мемлекетте саяси билікті ұйымдастырудың жолдарының бар екендігі;

  2. оның маңыздылығы, осы ұйымдардың кімнің мүддесіне қызмет ететіндігінде;

Мемлекет мәнінің мынадай тәсілдерін анықтауға болады:


  1. таптық тәсіл, мұнда мемлекет билік етуші таптың саяси билігін ұйымдастырушы ретінде көрінеді;

  2. жалпы әлеуметтік тәсілде, мемлекет әртүрлі таптардың және әлеуметтік топтардың мүддесін қорғауға жағдай жасайтын саяси билікті ұйымдастырушы ретінде анықталды.

Сөйтіп, мемлекеттің мәні дегеніміз таптық қоғамда қалыптасқан, мемлекеттік саяси билік аппаратының көмегімен қоғамның біртұтастығын қамтамасыз
ететін, дамыған саяси ұйым ретінде мемлекеттің тиісті жұмыстарының атқарылуы.
Жеке адам мен билік арасындағы қарым – қатынастарды «қоғамдық келісім» түріндегі конституциямен реттейтін және жеке адам мен қоғам мүддесін қорғайтын, құқық принциптеріне негізделіп құрылған мемлекеттің түрі. Мемлекетте заңның шын мәнінде бәрінен жоғары тұруы, оны орындау барлық адамдар мен мемлекеттік органдар, мекемелер үшін міндетті шарт екендігінде.
Заң алдында барлық азаматтар тең және олар бірдей жауап беруі керек. Құқықтық мемлекет адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз ету үшін жағдай жасаушы саяси билік ұйымы. Мемлекеттік билік құқықты пайдалана отырып, құқық бұзушылыққа жол бермейді. Жеке адамдар арасында құқықтық ынталандыру тәртібін құрайды. Заңмен тыйым салынғаннан басқаның барлығына рұқсат етіледі. Бұл принцип құқық субъектілерінің бәріне тән. Әсіресе, адамдарға, заңды тұлғаларға, шаруашылық субъектілеріне т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет