Мемлекет және қҰҚЫҚ теориясы пәні бойынша сұРАҚтар


Құқықтық мемлекеттің мынадай жалпы белгілерін бөліп көрсетеміз



бет16/65
Дата04.08.2024
өлшемі4.11 Mb.
#503097
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65
МҚТ КІТАПША

Құқықтық мемлекеттің мынадай жалпы белгілерін бөліп көрсетеміз:


  1. конституциялық тәртіпке сай биліктің жоғарғы органы қабылдаған заңның жоғары тұруы;

  2. биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот буындарына бөлінуі;

  3. адам және азаматтың құқықтық қорғалуы;

  4. заң және құқықтық бірлігі;

  5. мемлекет пен жеке адамның теңдей жауапкершілігі;

  6. азаматтық қоғамның орнауы;

  7. қоғамда құқықытық сана және құқықтық мәдениеттің жоғары болуы;

  8. құқықтық мемлекетті қамтамасыз етудің құралы мен моделі ретінде соттардың тәуелсіздігі;

  9. антимонополиялық құрылымдардың күшеюі;

  10. мемлекеттің ішкі заңдарының халықаралық құқық прициптері мен нормаларына дәл келуі;

  11. мемлекеттік билік жүйесінің құқығына және құқықтық ұйымдастырылуына заңдардың сай келуі.

Құқықтық мемлекет туралы идея ежелгі дәуірде-ақ пайда болған. Құқықтық мемлекеттің элементтері мен соған сәйкес идеялар бірте – бірте қоғам дамуына сай қалыптасты. Ежелгі грек архонты Солон барлық азаматтар
үшін заңның билігі туралы, адамның табиғи құқықтары мен мемлекет заңдарының арақатынасы жөнінде Аристотель мен Цицерон да жазып қалдырған. Цицерон «Сот – сөйлейтін заң, ал заң тілсіз сот», «Заңдар – билік басындағылардың бұйрықшысы, билік басындағылар – халықтың әміршісі» деген ойларын «Мемлекет туралы», «Заңдар туралы» ғылыми трактаттарында баяндады. Ежелгі Римде құқықтық мемлекеттің маңызды белгілерінің бірі – билікті бөлу туралы бастамалар жасалды. Құқықтық мемлекет туралы ойлар Платонның «Атлантида туралы» әңгімесінде, орта ғасырда Т.Мордың утопиясында, Низамидің «Ескендір – нәме» поэмасында, қазіргі кезде Н.Рерихтың «Шамбале туралы» армандарында сипатталады.
Құқықтық мемлекеттің басты принципі – билікті бөлу туралы теорияны француз ойшылы Ш.Л.Монтескье өзінің «Заңдар рухы туралы», «Заңдар рухын қорғау туралы» еңбектерінде және ағылшын философы Д.Локк
«Мемлекеттік басқарудың екі трактатында» көрсетеді. И.Кант құқық туралы метафизикалық бастама ілімдерінде құқықтық мемлекет теориясын қалыптастырды. Гегель өзінің «Құқық философиясы» еңбегінде саяси мемлекеттегі билікті бөлу туралы талдау жасады.
Кейін «Құқықтық мемлекет» ұғымы XIX ғасырда неміс заңгерлері К.Т.Велькердің, фон Молдің т.б. еңбектерінде ғылыми негізделді. Құқықтық мемлекет туралы әртүрлі теориялар азаматтық қоғам тұжырымына негізделеді. Азаматтық қоғамның орнауы құқықтық мемлекеттің орнауымен тығыз байланысты. «Азаматтық қоғам» ұғымын Әл-Фараби, Аристотель, Цицерон, Горций, Т.Гоббс, ДЖ.Локк, Гегель, Маркс т.б. қалыптастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет