Казуальды талқылау арнайы талқылаудың түрі ретінде нормативтік-қүқықтық актілерге арнайы түсініктемелерді нақтылы оқығанға қатысты береді және негізгі мақсаты сол істі дүрыс шешу болып табылады.
Арнайы емес талқылау заңды міндетті емес, көріну нысандарына байланысты ауызша болуы мүмкін (азаматтарды қабылдау кезінде түсіндіру, адвокатпен, сотпен, прокурормен берілуі мүмкін). Ол күнделіктіге бөлініп, (азаматтарға, түрмыста, күнделікті өмірде берілетін талқылау, кәсіби (белгілі қүқық мамандарымен, адвокаттармен, заң кеңесшілерімен, т.б.) доктриналық еңбектерде: ғылыми мақалаларда, монографияларда, коментарийлерде берілетін түсініктемелер.
Пысықтау сұрақтары:
1. Құқық нормаларын талқылау түсінігі
2 Құқық нормативтік құқықтық актілердің түрлері
22-Тақырып. Құқықтық сана
Мақсаты: Құқықтық сана оның құқық үшін маңызы алатын орны
-
Құқықтық сана түсінігі және ұғымы
-
Құқықтық сана түрлері
1.Қүқықтық сана — ойлар мен сезімдердің жиынтығы, әлеуметтік қүрылымдардың (таптардың, ұлттардың, халықтардың) әрекеттегі және қажет ететін қүқыққа қатынасын көрсетеді.
Адамның қүқықтық шындыққа субъективтік реакциясына байланысты, қүқықтық сана, бір жағынан, қоғамдық сананың (түрі) нысаны (өнегелілік, саяси, діни және эстетикалықпен қатар), ал екінші жағынан, құқық жүйесінің маңызды элементі.
Қүқықжәне қүқықтық санатығыз байланыстаболады. С. С. Алексеев көңіл аударғандай, қүқықтық сана — қүқықтың қүтыла алмайтын серігі. Шын мәнісінде қүқық тәртіптің интеллектуалды — еріктегі тәртіптің реттеушісі, онда қалыптасу және қызмет жасауы адам санасымен және еркімен жанасуы міндетті.
Тарихи жағынан қүқықтық сананың қалыптасуы мемлекет пен қүқықтың пайда болуымен қатар, екеуінің қайсысы бүрын пайда болды деген даудың еш негізі жоқ. Әйтсе де, нақтылы қүқықтың типіне (кейпіне) қатысты, мысал социалистікке сай, қүқықтық сана қүқықтан бүрын болған (қүқықтық идеялар түрінде, марксизм еңбектерінде айтылғандай).
Әлеуметікке бөлінген қоғамда қүқықтық сана біржақты емес. Мысал ретінде қызмет ететін тапқа бөлінген қоғам. Ондай қоғамда заң шығарушы ең алдымен, экономикалық жағынан күшті таптың қүқықтық санасын есепке алады.
2.Құқықтық санада дәстүрлі жағдайға байланысты элементтер ретінде қүқықтық идеология және қүқықтық психологияга бөлінеді.
Қүқықтық идеология — адамдардың әрекеттегі және қажетті қүқыққа қатынастықты көрсететін идеялар, теориялар, сенімдер, түсініктер және көзқарастар.
Қүқықтық психология — адамдардың қүқық туралы, не болмаса қүқықтың кейбір көріністері туралы қандай жағдайда болатындығы жөніндегі сезімдер, уайымдар: заң нормаларын шығару, оларды іс жүзіне асыру, заңдылық, т.б. Былайша айтқанда, қүқықтық психология — қүқық сезімі және заңдылық.
Қүқықтық санада басты және белсенділік рөл қүқықтық иде-ологияға жатады, ол жүйеленген, ғылыми негізделген қүқықтық шындықты теориялық негізде көрсетілгендік.
Қүқықтық идеологияның негізін сол қоғамда қабылданған (жалпылай қабылданған) саяси және қүқықтық идеялар жатады —мемлекеттік — қүқықтық идеология. Бүл проблема Қазақстанға қазіргі кезде ерекше өзекті болып табылады.
Қүқықтық идеология заң ғылымдарымен тығыз байланысты, себебі, идеологияға теориялық, жүйелілік сипат береді.
Қүқықтық психология стихиялық түрде қүрылады және жүйеленбеген нысанды емес сипатта болады. Сонымен бірге, қүқықтық санада ол біріншілік сипатта, себебі қүқықтық сезім және сезімділік қүқықтық идеядан ерте пайда болады. Қүқықтық психология үйреншікті қүқықтық аядағы субъектілердің бағалылық бағдарламасын белгілейді.
Әлеуметтік деңгейдегі көзқарасына байланысты үйреншікті қүқықтық сана кәсіби заңгерлердің қүқықтық санасы және ғылыми (қүқықтану). Жалпылық көзқарас түрғысынан — көпшілік (таптар, үлттар, халық), топтық (үжымдық көріну, нысанды және нысанды емес топтар), жекелеген қүқықтық сана (нақтылы адамды айтамыз).
Қүқықтық сананың қүқықтық жүйе үшін жалпы маңызы бар және оның барлық элементтерінің әрекетін шығарып салады.
Қүқықтық сананың негізгі функциясына танымдық, бағала-ушылық және реттеушілік жатады. Әдебиетте тағы да мына функцияларды атайды: қүқықтық үлгілеу, тәрбиелеу.
Қүқықтық сананың реттеу рөлі адам мен қүқыққа сай қылықтар жасағанда көрінеді, тіпті сол, не басқа нақты қүқықтың үйғарымның жоқтығына байланысты. Қүқықтық сана категориясы жеке адамның жалпы нормативтік бағдарламасын береді.
Қүқықтық сана қүқықтық-шығармашылықпен және қүқықты қолданумен тығыз байланысты.
Пысықтау сұрақтары:
-
Құқықтың сана түсінігі
-
Құқықтық идеология
23 тақырып. Құқықтық мәдениет және құқықтық нигилизм: түсінігі және нысаны
Мақсаты: Құқықтық мәдениет және құқықтық нигилизм түсініктері ашу
-
Құқықтық мәдениет және оның жіктелуі
-
Құқықтық нигилизм оны алдын алу
1.Құқық қоғамдық дамудың нәтижесі ретінде қоғамды түтасымен сипаттайды. Құқықтық мәдениет — жалпы алғанда, адам баласы мәдениетінің бір нысаны.
Латын тілінен аударғанда «сиһига» дегеніміз, тәрбие, сауаттылық. Толығымен мәдениет қоғамдық-тарихи тәжірибе процесінде қүрылған және қүрылатын материалдық және рухани бағалылықтың жиынтығы және қоғамның дамуындағы жеткен деңгейді сипаттайды.
Мәдениет материалдық және рухани болып бөлінеді. Мүндағы негізделген сипаттағы түсінікке «бағалылық» категориясы жатады.
Құқықтық мәдениет қоғамның рухани мәдениетіне жатады (басқа мынандай көзқарас болса да, яғни қүқықтық мәдениет, қоғамдық мәдениеттегілердің ешқайсысымен сәйкес келмейді және оларды рухани және материалдық компоненттері болса да), ал құқық — ең маңызыды қоғамдық бағалылық — мәдениеттіліктің элементі.
Қүқықтық мәдениет — қүқықтық сананың жағдайы, заңдылық, заңдарды және заңды тәжірибені жетілдіру, ол қүқықты дамыту және бекіту әлеуметтік бағалылық ретінде, яғни өзінше қоғамның «заңды байлығы» (профессор С. С. Алексеев).
Профессор В. В. Лазарев айтқандай, қүқықтық мәдениетті төрт түрге бөлуге болады: құқықтық идеялар, қүқықтық нормалар және институттар, құқықтық қылықтар, құқықтық мекеме. Қүқықтық мәдениеттің көрінуі, шын мәнінде оның әрекет аясы.
Тұтасымен қүқықтық мәдениетті бағалау мүмкіндігі, жалпы мәдениет ретінде оның деңгейіне сай, яғни, ең алдымен, қүқық жүйесінің даму компоненттерінің деңгейімен белгіленеді.
Мүнда бағаланатыны:
а) қоғамдық және жекешеленген қүқықтық сананың деңгейі, оған қоса заң ғылымының және заң сауаттылығының деңгейі;
ә) заңдылық деңгейі;
б) заңдарды жетілдіру деңгейі;
в) заңдылық тәжірибені жетілдіру деңгейі, ең алдымен, сот тәжірибесін, яғни қоғамдағы әділ сот жағдайы.
Берілген деңгейлерді қүқықтық мәдениеттің элементтері ретінде бағалауға болады.
Қүқықтық мәдениеттен жалпы адамдық және ұлттық компо-неттерді бөліп көрсетуге болады.
Түрлеріне байланысты қүқықтық мәдениеті түтасымен қоғамның қүқықтық мәдениеті және жеке адамның қүқықтық мәдениеті, сонымен қатар, әлеуметтік қоғамдастықтардың қүқықтық мәдениеті (таптардың, үлттардың, халықтың) және мәдениеттілік.
2.«Нигилизм» сөзі латынша «піһіі»—«түк емес» «түкте». Нигилизм әлеуметтік қүбылыс ретінде былай сипатталады:
а) жалпы қабылданған (абсолютті) бағалыққа сынаумен, негативті қатынаспен көрінеді;
ә) жоққа шығаруға максималды келу, интенсивтік компро-миссіздік;
б) позитивті бағдарламамен кездеспейді;
в) өзінде бүзылған қиратушылық бастауы бар. Қандайбағалылықтыңжоққашығарылуынабайланыстынигилизм
мынандайларға бөлінуі мүмкін: саяси, діни, адамгершелік.
Қүқықтық (не заңды) пигилизм қүқықты әлеуметтік бағалылық екенін мойындамайды және ол қүқыққа қатысты негативті жоққа шығару арқылы көрінеді, яғни, заңдарға, қүқықтық тәртіпке, қүқықтың қажеттігіне, оның мүмкіндігіне, қоғамға пайдалылығына сендірмейді.
Профессор Н. И. Матузов мынандай қүқықтық нигилизмнің нысандарын бөліп көрсетеді:
а) заңдарды және басқада нормативтік-қүқықтық актілерді қасақана бүзу;
ә) жаппай көпшілікпен заң үйғарымдарын орындамау;
б) қарама-қайшы қүқықтық актілерді шығару;
в) заңдылықты мақсатқа сайлықпен ауыстыру;
г) өкілеттік және атқарушы қүрылымдардың конфронтациясы; ғ) адам қүқығын бүзу;
д) қүқықтық нигилизмнің теориялық нысаны (ғылыми ортада, заңгерлердің жүмысында, философтардың жүмысында, т.с.с).
Профессор В. А. Туманов былай көрсетеді: біріншіден, пассивті және белсенді нигилизмнің нысандары бар. Пассивті қүқыққа тән нәрсе қүқыққа көңілсіз қатынас, оның рөлі мен маңызын көбіне көрмеу, бағаламау. Белсенді нигилизмге қүқыққа біле-түра жаулық қатынас жасау тән. Қүқықтың қоғам өміріндегі рөлін және қандай мүмкіндігін сол бағыттағы өкілдері көріп, сезініп түрса да, соған қарсы шығады.
Екіншіден, оның қүқықтың нигилизмді қолдайтын жағы бар:
а) қоғамдық сананың жоғарғы шыңында (идеологиялық ағым және теориялық доктрина ретінде);
ә) көпшілікке бірдейлік сананың үйреншікті деңгейінде (жоққа шығаратын бағыттар нысанында, бекіп қалған сенушілік пен стереотиптер);
б) ведомстволық. Қосымша заңды актілер «заңның үстінде» болған кезде өзін көрсетеді, заңды нормалар сәйкес келмей қиын жетімсіздік пайда болады.
Қүқықтық нигилизм—қоғамның белгіл і жағдайымен қамтамасыз етілген қүқықтық сананың патологиясы. Сондықтан, онымен күрес жолы әртүрлі болуы қажет. Бүл:
а) әлеуметтік-экономикалық сипаттағы реформалар;
ә қүқықтық реттеудің мазмүнының өзгеруі, әртүрлі түрғындардың мәдениетінің жағдайын жетілдіретін процесс ретінде болады.
Әдебиетте осы туралы былай дейді: «бір жағынан, қүқықтық нигилизмнен қүқықты конструктивтік сынаудан айыру, екінші жағынан, заңды фетишизмнен қашуға үмтылған жөн, яғни қүқықтың рөлін және басқа қүқықтық қүралдарды абсолютке көтеру» (А. Л. Гранат).
Құқық қоғамдық дамудың нәтижесі ретінде қоғамды түтасымен сипаттайды. Қүқықтық мәдениет — жалпы алғанда, адам баласы мәдениетінің бір нысаны.
Латын тілінен аударғанда «сиһига» дегеніміз, тәрбие, сауаттылық. Толығымен мәдениет қоғамдық-тарихи тәжірибе процесінде қүрылған және қүрылатын материалдық және рухани бағалылықтың жиынтығы және қоғамның дамуындағы жеткен деңгейді сипаттайды.
Мәдениет материалдық және рухани болып бөлінеді. Мүндағы негізделген сипаттағы түсінікке «бағалылық» категориясы жатады.
Қүқықтық мәдениет қоғамның рухани мәдениетіне жатады (басқа мынандай көзқарас болса да, яғни қүқықтық мәдениет, қоғамдық мәдениеттегілердің ешқайсысымен сәйкес келмейді және оларды рухани және материалдық компоненттері болса да), ал қүқық — ең маңызыды қоғамдық бағалылық — мәдениеттіліктің элементі.
Қүқықтық мәдениет — қүқықтық сананың жағдайы, заңдылық, заңдарды және заңды тәжірибені жетілдіру, ол қүқықты дамыту және бекіту әлеуметтік бағалылық ретінде, яғни өзінше қоғамның «заңды байлығы» (профессор С. С. Алексеев).
Профессор В. В. Лазарев айтқандай, қүқықтық мәдениетті төрт түрге бөлуге болады: қүқықтық идеялар, қүқықтық нормалар және ипституттар, қүқықтық қылықтар, қүқықтық мекеме. Қүқықтық мәдениеттің көрінуі, шын мәнінде оның әрекет аясы.
Түтасымен қүқықтық мәдениетті бағалау мүмкіндігі, жалпы мәдениет ретінде оның деңгейіне сай, яғни, ең алдымен, қүқық жүйесінің даму компоненттерінің деңгейімен белгіленеді.
Мүнда бағаланатыны:
а) қоғамдық және жекешеленген қүқықтық сананың деңгейі, оған қоса заң ғылымының және заң сауаттылығының деңгейі;
ә) заңдылық деңгейі;
б) заңдарды жетілдіру деңгейі;
в) заңдылық тәжірибені жетілдіру деңгейі, ең алдымен, сот тәжірибесін, яғни қоғамдағы әділ сот жағдайы.
Берілген деңгейлерді қүқықтық мәдениеттің элементтері ретінде бағалауға болады.
Қүқықтық мәдениеттен жалпы адамдық және ұлттық компонеттерді бөліп көрсетуге болады.
Түрлеріне байланысты қүқықтық мәдениеті түтасымен қоғамның қүқықтық мәдениеті және жеке адамның қүқықтық мәдениеті, сонымен қатар, әлеуметтік қоғамдастықтардың қүқықтық мәдениеті (таптардың, үлттардың, халықтың) және мәдениеттілік.
Пысықтау сұрақтары:
1. Құқықтық мәдениет және оның жіктелуі
2. Құқықтық нигилизм түсінігі және ұғымы
24-тақырып: Құқық және тұлға
1.Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі: түсінігі,құрылымы, түрлері
2.Адам құқығы-азаматтың басты игілігі
1. Адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы –сонау көне дәуіррден қазіргі заманға дейін әлеуметтікнормалар арқлы басқарылпкелді
Адам құқығ –тарихи ,табиғи,обьективтік құбылыс.Сондықтан әлеуметтік норма әр уақытта даму процесінде болады.Әлеуметтік норма адам қоғамы мен бірге дамып ,бірге өзгеріп ,бірге өмір сүріп келеді. Қоғамдағы жүзедеген,мыңдаған қарымқатынасты реттйтін, басқаратын әлеуметтік норма. Қоғам дамып,нығайып,жақсарған сайын әлеуметтік норма да дамып,нығайыпжақсараыд, оның әділеттілк ,бостандық, демократиялық шеңберіде ,кеңістігі де молаяды , күрделенеді.
Жеке адамның құқығы мен қоғамдағы құқық тығыз байланысты.Бірі болса, екіншісі де болады.Бірі болмаса екіншісі де болмайды. Бұл екеуін бір бірінен ажыратып қарауға болмайды.
Құқықтық мәртебе- жеке тұлғаның қоғамда заңды түрде қалыптасқан бостандығы ,табиғи және саяси құқықтары,әлеуметтік кемеліне келген жағдайы,рухани мәдени, білімі.Мәртебе лаын тілінен аударғанда «положение –жағдай –деген ұғымды көрсетеді.
Сонымен құқықтық мәртебе –« құқықтық жағдай» -бір мағынадағы ұғым. Оның негізгі мазмұны мемлекеттің Конституциясында бекітілген жеке тұлғаның бостандығы, құқықтары мен міндеттері.
Құқықтық мәртебе обьективтік тұрғыдан бостандықтың, демократияның жетістіктері мен кемшілігінің көрінсінің айнасы деуге болады. Пдам қоғамының көне дәуірден даму кезеңдерінде құқықтық мәртебе әртүрлі болады. Бірақ бұл процесс үнемі прогестік жолмен дамыды.
Құқықтық мәртебе-кешенді ,интерграциялық категория. Ол адам мен қоғамның ,азамат пен мемлкеттің,жеке тұлға мен еңбек ұжымның ара байлансының көрініс –айнасы.
Құқықтық мәрбенің негізгі түрлері:
-
жалпылама құқықтық мәртебе –бұл азаматтық мәртебесі ,қоғамынң мүшесі ,Конституциялық мәртебе.
-
Арнаулы құқықтық мәртебе –стунттер,зейнеткерлер ,шахтерлер т.б мәртебелер.
-
Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі-бір адапмның өмірбаяның реквизиттері:білімі, қызметі, отбасы, аты-жөні т.б. олардың қоғамның қай саласында қызмет атқаруы,соған сәйкес саяси және араналуыжеңілдіктер болуы
-
Жеке тұлға және заңды тұлғалардың мәрбесі
-
Шет елдердің азаматының мәртбесі
-
Қазақстан Республикасының шет елдердегі азаматарынң мәртебесі
-
Жүйелік мәртебелер:азаматтық,әкімшілік т.б
-
Кәсіпқойлық ,лауазымды тұлғалар мәртебесі
-
Мәртебе –қиын жағдайда жұмыс атқаратын адамдар
2.Адам құқығы –азаматтың басты игілігі.Қазіргі заманда өркениеттің басты жетістегі адам құқығы мен бостандыығн нақты қалыптастыру болып табылса, барлық мемлекет оны қорғап,оған кепіл болуы тиіс.Осындай ізгілкті үрдістен тәуелсміз Қазақстан да шет қалып отырған жоқ.
Қазақстан Ата заңының 1 бабында «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы –адам және адамның өмірі,құқытар мен бостаныдқтары» деп атап көрсетілген. Осы заң сөздері Қазақстанға әлемнің дамыған елдердің қатаырнда тұруға моральдік құқы береді.
Қазақстан Республикасы адам құқытарын қорғау саласынлда оң қадамдар жасауда. Біздің республикамыз келешекте адам құығы жөніндегі айтулы халықаралық,экономикаылқ,әлеуметтік және саяси пактілерге қосылуға бет бұрып ,үнемі басты назарда ұстауға кепілдік береді.
Кепілдік- қоғамынң экономикаылқ жағдайы ,құралдары,әдістері тәсілдері бірігп ,адамдардың бостаныдқтары мен құқытарын іске асыруға қолайлы мүмікншілктің қалыптасуы.Кепілдіктің қағидалары: гуманизм,әділдік,заңдылық, теңдік, демократизм т.б. Кепілдік мазмұны ,мақсаты-адамдардың бостандықтары мен құқытарын іске асыруға қолайлы жағдай жасау. Әлеуметтік кепілдік үшке бөлінеді: материалдық,саяси, ,рухани.
Заңды кепілдіктерідң түрлері : конституциялық , жалпы халықтық, жеке адамдардың құқықтарын орындау, қорғау кепіолдіктер
Кепілдіктің кеңестігіне қарай екі түрі болады: мемлкеттің өз ішіндегі кепілдік және халықаралық құқықтық кепілдік
Нормативтік актілердің мазмұнына қарай кепілдіктердің бірнеше түрі болады: қарапйым,күрделі, аралас, жалпылама,арнаулы, жеке адамға кепілдік
Ұйымдастыру кепілдіктері оның үш түрі болады: техникалық кепілдік, бақылау кепілдігі кепілдіктің тәртібі
Пысықтау сауалдамалар:
-
Құқық және тұлғаның арақатынасы
-
Адам құқығы ең басыт құндылық дегенді қалай түсінеміз
25-тақырып. Заңды мінез құлық
Мақсаты: Заңи мінез құлықтың алатын орны мен маңызы
1.Заңи мінез құлық түсінігі
2.Заңи мінез құлық түрлері
1.Заңи мінез құлық құлық нормаларының нұсқауларына сәйкес келетін жеке тұлғаның мінез құлқы . Заңи мінез құлық арқылы заң орындалады,жүзеге асырлады.Заңның талаптары орындалмаса,ол жансыз. Тұлғаның заңи мінез құлқының көлемі мен үлгісі құқықтық норманың диспозициясында көрсетілген.Егер адамдардың мінез құлықтары құқық нормаларынң талаптарына сәйкес келсе,онда құқықтық тәртіп нығаяды.
Заңи мінез құлқы арқылы қоғам басқарылады, оның өмірі қалыпты жағдайда жүргізіледі,азаматтардың құқықтары мен бостаныдықтары жүзеге асырылады. Мұны азаматтардың көбі түсінеді, сондықтан пайда болатын, жүзеге асырылатын құқықтық қатынастардың басым көпшілгі заңи- мінез құлық негізінде құрылады.
2.Азаматтар заңның талабын белсенділікпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес мінез-құлық екіге бөлінеді:
1) белсенді заңи мінез құлық 2) бәсең (енжар) заңи мінез құлық
Белсенді заңи мінез құлық –лауазымды тұлғалардың ,азаматтардың өз бастамсымен белгілі мақсатқа бейімделген заңи әрекеттері. Ондай әрекеттер қосымша уақыт,, күш, кейде қаражат жұмсаумен байланысты. Осындай мінез құлық басым болуы үшін қазіргі кезеңде қажетті шарттар баршылық . Ол егеменді, дербес мемлекет пен ұлттық құқық жүйесінің қалыптасуы,экономикалық дағдарысты тоқтату үшін барлық күш жігерді жұмсаудың қажеттігі, асқынып бара жатқан қылмысқа қарсы азаматардың әлінше күресу борышы. Демек, заңдардың қағидаларын белсенділікпен орындау –замаымыздың талабы. Белсенді түрдегі заңды міне зқұлық көрінстері сан алуан. Ол –лауазымды тұлғалардың өз міндеттерін адал ниетпен, саппалы атқарып, азматтардың өздеріне жүктеген міндеттерін қалтысыз,саналы түрде орындауы, сонымен қатар құқытарынжүзеге асыра отырып, мемлекттің ,қоғамдық бірлестіктердің жұмысына белсене қатысып, әлінше көмектесу,заңдардың жобаларын талқылауда бой көрсетіп ,өз пікірін ортаға салу-міне, құқықтық белсенділікке осындай әрекеттер жатады.
Енжар заңи мінез құлық көрініс де сан алуан. Азамат өзіне жүктелген міндеттерді қалай болса солай орындайды. Ал өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға енжарлықпен, немқұрайлықпен қарайды. Мысалы, сайлауға, заңның жобасын талқылауға қатыспайды, отбасы құрғысы келмейді,оқып білм алуға ерінеді.т.б Әриние , мұндай мінез құлық заңға қайшы келмесе де, адамның ең алдымен өзіне зиян келтіреді,себебі адамның игілігі үшін берілетін заңды мүмкіндіктер іске аспай қалады. Мұндай мінез құлықтан қоғам да ештеме ұтпайды. Демек, екі тарапта ұтылыста болады.
Пысықтау сұрақтары:
Заңи мінез құлық түсінігі
2.Заңи мінез құлық түрлері
26-тақырып. Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік
1. Құқық бұзушылық түсінігі және ұғымы
2. Заңды жауапкерішілік
1.Құқық бұзушылық — құқыққа сай емес тәртіптің негізгі түрі болып табылады (оның басқа түрі — объективті қүқыққа қарсы тәртіп) және соған сай ол қүқықтық тәртіптің түрлерінің бірі,
себебі, соған қатысты қүқыққа сай емес тәртіп (қүқыққа сайлықпен қатар) оның түрі ретінде көрінеді.
Құқық бұзушылыққа мынандай белгілер тән:
1) құқықбүзушылық — бүл әр уақытта әрекет және тек әрекет, яғни әрекет, әрекетсіздік не вербальдық (сөз жүзіндегі) тәртіп. Қүқықбүзушылыққа ой, сендіру, берік ниеттән, егер олар сырттан көрінбесе. Адам заң үшін өзінің тәртібінсіз өмір сүрмейді: оған өз кезінде Гегель де көңіл аударыпты.
2) Құқықбүзушылық — бүл әрекет, ол қоғам үшін қауіпті, оған зиян келтіреді. Мүнда көңіл аударатын нәрсе, қүқықты бүзу мүмкін емес, нақтылы қоғамдық қатынастарға тиіспей. Қүқықбүзушылық (бүл атауға қарсы әріпті талқылау) заң нормаларының өзіне зиян келтірмейді. Ондай жағдай зиянды, не болмаса тек нақтылы қүқыққа қауіпті және заңмен қорғалатын жекелеген қоғамдық қатынастардың ықыласына әсер етеді.
Қүқықты бүзғанда белгілі адамдар, олардың үйымдары, ал қүқық нормалары әрекетін жалғастыра береді және міндетті деп есептеледі.
3) Құқық бұзушылық — бүл қүқыққа қарсы әрекет, яғни ондай әрекетті жасауға қүқықпен әртүрлі нысанда тыйым салынған (тікелей тыйым салу, позитивті әрекет жасауға, әрекеттің жазалануын белгілеуге арналған заңды міндеттерді тапсыру). Қүқыққа қарсылық дегеніміз — қүқықтағы әрекеттің қоғамдық зияндылығын көрсету.
4) Құқықбұзушылық—бүл әр уақыттағы кінәлі әрекеттер: кінәсіз қүқықбүзушылық жоқ. Кінә — бүл қүқықбүзушылықтың өзінің әрекетіне ерекше психикалық қатынасы және оның нәтижесіне де қатысты.
Сонымен, қүқық бүзушылық — қоғамға қауіпті қүқыққа қарсы кінәлі әрекет. Қүқықбүзушылық — қоғамға қауіптілік деңгейіне сай қылмыс (қылмыстық қүқықбүзушылық) және теріс қылық.
Теріс қылық, өз жағынан әкімшілік, азаматтық (азаматтық-қүқықбүзушылық) және тәртіптік болып бөлінеді. Сонымен қатар, процессуалдық қүқықтық қатынастар тобын (процессуальдық қүқық нормаларын бүзуда) бөлуге болады.
Әкімшілік қүқықбүзушылықты екіге бөлуге болады:
а) әкімшілік қүқықтан шығатын позитивті заңды міндеттерді орындамау;
ә) кодекспен белгіленген әкімшілік қүқықбүзушылықтағы әкім-шілікқүқықтың тыйым салғандарын бүзу.
Олардың айырмашылығы сонда, біріншісі «таза» әкімшілік қүқықбүзушылық, ал екіншісі өзінің табиғатына қарай қылмыстық қүқықбүзушылыққа үқсас және олардан айырмашылығы тек қоғамдық қауіпсіздігінің аздығында.
Тәртіптік теріс қылық дегеніміз — қүқық бүзушының еңбек, қызмет, әскери, оқу тәртіптерімен байланысты заңды міндеттерді бүзу.
Азаматтық қүқықбүзушылық (деликт) әдебиетте «қүқыққа қарсы әрекеттермен жеке адамға, не болмаса азаматтың мүлкіне зияндық жасау, сонымен бірге үйғарымдарға зияндық жасау, заңға қарсы келісім жасау, шарттың міндетін орындамау, меншіктік қүқықты бүзу, авторлық, не жаңалық табушылардың және басқа азаматтардың қүқығын бүзуы» көрсетілген (профессор О. Э. Лейст).
Қылмыс — қоғамға ең қауіпті қүқықбүзушылық. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмысқа анықтама берілген. Ќұќыќ және мәжбүрлеу
Санкциялық әлеуметтік реттеуге түтасымен тән нәрсе, өзіңді қамтамасыз ету қүралы, оның ішінде мәжбүрлеу және әлеуметтік нормалардың түрлері бар. Дегенмен, қүқықта күшті және дамыған әлеуметтік реттеуші ретінде, мәжбүрлеу (басқа әлеуметтік норма-лардың қасиеті ретінде, мысалы нормативтілік және процедуралық) терең және өзіндік көріну ерекшелігін табады.
Мәжбүрлеу қүқықтың объективтік қасиеті ретінде қүқықтың билік табиғатымен, мемлекеттік-еріктік үйғарыммен қамтамасыз етілген және нақты қүқықтық мәжбүрлеу актісінде өзін көрсетеді.
Мәжбүрлеу қүқықтағы, қүқықтық мәжбүрлеу ретінде көрініп, сол қасиетімен талай арнайы ерекшеліктерге ие болады. Біріншіден,мемлекеттікмәжбүрлеу—мемлекеттіңүйымдастыру күшімен негізделген және мемлекеттік ерікке бағынуға бағытталған тәртіпке жасалатын сыртқы ықпал.
Екіпшідеп, бүл мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі, себебі мемлекеттік мәжбүрлеу тек қүқықтық қана болмайды, тікелей фактідегі мәжбүрлеу актілерінде көрінеді, яғни өзіндік мемлекеттік қинау актісінде.
Достарыңызбен бөлісу: |