Пысықтау сұрақтары.
-
Романо германдық құқық жүйесі
-
Англо саксондық құқық жүйесі
-
Классикалық құқық жүйесі
30-Тақырып. Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу
Мақсаты: Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу ерекшелігі және маңызы
1. НҚА жүйелеу түсінігі және ұғымы
2. НҚА жүйелеу түрлері
1.Заң шығару жүйесі жүйе болып қалуы үшін (қажетті және жеткілікті элементтерінің жиынтығына ие болуына ішкі жағынан келісімді, қарама-қайшылықта болмауына) жүмыстарының жөнді болуына, сонымен бірге, жетілдірілуіне және дамуына ең қажеттісі арнайы процестердің тоқтаусыз ықпалы болуы керек.
Жұйелеу — бүл бекітуге және нормативтік материалдарды сырттай және іштей жөндеу арқылы жетілдіру, мақсаты заң шығару жүйесін қолдау және қүқық субъектілерін қажетті нормативтік-қүқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Жүйелеудің қажеттігі сонда, ол жаңа нормативтік-қүқықтық актілерді шығаруға арналған тоқтаусыз процестермен қамтамасыз етілген, уақыт өткен сайын, кейбір актілер өзінің күшін жоғалтады, ескіреді, заңды үйғарымдардың арасындағы қарама-қайшылық көбейе түседі, т.с.с.
Жүйелеудің тәжірибелік маңызын 1833 ж. М. М. Сперанский нықтап көрсеткен (ол Ресейде ғана емес, Еуропа бойынша ең белгілі кодификатор (кодекс шығарушы). Оның айтуы бойынша, «Заңдарды бір қүрылымға жинау — мемлекетке қажеттіліктің бірі». Ол жүйелеудің заң ғылымдарына маңыздылығын айтқан.
2.Казіргі юриспруденция негізінен ұш жолды тұрдегі жүйелеуді пайдаланады — инкорпорация, консолидация және кодификация.
Инкорпорация — жүйелеудің түрі (жолы), онда нормативтік-қүқықтық актілер сыртқы өңдеуге түседі (не жалпы жағдайда, ондайға түспейді) — алфавитті (қаріпті), хронологиялық, жүйелілік (пәнділік) және белгілі тәртіпте бір қосылымда, не болмаса басқа басылымда орналасады.
Инкорпорацияға мынандай сипаттар тән:
1) ол арнайы ретінде, сол сияқты арнайы емес ретіндегі сипатта болады;
2) инкорпорацияның субъектілеріне мемлекет органдары, қоғамдық үйымдар және жекелеген адамдар жатады;
3) инкорпорация нормативті мазмүндағы актіге тиіспейді: қүқық нормалары жүйелеу кезіндегі әрекеттеріндегідей сол күйінде инкорпорацияға айналады;
4) нормативтік-актілер қүқықтық-шығармашылық органдарымен қалай, қай түрде қабылданса, сол күйінде инкорпорацияға айналады, сыртқы өңдеуге түседі;
5) сыртқы өңдеу дегеніміз:
а) мәтіннен күшін жоғалтқан жекелеген баптар, пункттер, абзацтар алынып тасталып, жаңа өзгертулер (актінің шыққан кезінен бастап) енгізіледі;
ә) нормативтік үйғарымдары жоқ бөліктері алынып тасталады;
6) инкорпорация нәтижесінде заңдар жинағы, басқа нормативті актілер басылып шығады.
Заңдар жинағының бір түріне заңдар қосылымы жатады:
а) жоғары билік органдарының нормативтік актілерінің инкор-порацияға айналған басылымдары (заң шығару және атқару);
ә) арнайы хабарлаудың қайнар көздері;
б) әрекеттегі барлық заңдардың жинағы (көрсетілген «п» «а» мағынасында) ешқандай өзгеріссіз.
Консолидация—жүйелеудіңтүрі (жолы), ондабір-біріне мазмүны бойынша жақын нормативтік актілер біріктіріледі, үлкейтілген нормативтік-қүқықтық актінің қажеттігі, нормативті актілердің көптігін азайту және қүқықтық реттеудің бірлігін қамтамасыз ету.
Консолидацияның төмендегідей сипатын үсынамыз:
1) ол өзгеше қүқықтық шығармашылық қабылдау (кейіпті арнайы инкорпорацияның қүқықтық шығармашылыққа қатынасы жоқ);
2) тек олармен қабылданған актілер қүқықтық-шығармашылық арқылы жүргізіледі;
3) консолидация кезінде біріккен актілер күштерін жояды, ал олардың орнына жаңадан қабылданған актілер әрекет етеді, олардың меншігінде арнайы реквизиттері болады (аты, қабылданған уақыты, нөмірі, лауазымды адамның қолы).
Консолидация өзінің табиғатына сай инкорпорация мен коди-фикацияның ортасынан орын алады.
Кодификация — жүйелеудің түрі (жолы), ол қүқықтық-шығар-машыл ық сипатта болады және жаңа нормативтік-қүқықтық жинақты шығаруға бағытталған (заңдар негізін, кодексті, т.б.). Ол негізгі әрекеттегі заңдарды өңдеу арқылы жүргізіліп, белгілі әлеуметтік аяның, ішкі келісілген бірлікті қамтамасыз ету мақсатында.
Кодификациялауға мынандай сипаттар тән болады:
1) ол өте қиын және жетілген жүйелеудің нысаны;
2) шынында ол қүқықтық-шығармашылықтың түрі, себебі коди-фикацияның объектісі ретінде тікелей қүқық нормалары көрінеді;
3) кодификациялауды әр уақытта тек міндетті мемлекеттік органдар ғана, конституциялық не басқа заңды өкілеттіліктің негізінде іске асырады;
4) инкорпорациядан айырмашылығы, ол түрақты сипатта болады, әр кездерде жүргізіледі және оның нәтижесі үзақ уақытқа белгіленген;
5) кодификация жүргізу қүқықтық реттеуге жаңалық элементтерін кіргізеді (бүл әр уақытта «қүқықтық реформа» сияқты) және ондай жағдай үлкен әлеуметтік қайта қүрылымдармен байланысты.
6) кодификациялаудың нәтижесі кодификациялық акт, ол заңдық және логикалық түтастықты айырады, жинау сипатында маңызын әлі жоғалтпаған нормативтік актілерді біріктіреді, көлемді және қиын қүрылым, әлеуметтік аяны кең қамтитын және басқа салалық актілердің ішінде маңыздылығы жоғары. Кодификациялық актілер — ең алдымен барлық заңдардың және кодекстердің негізі. Оларға тағы да жарғылар, ережелер, жатады.
Пысықтау сұрақтары:
-
Инкорпорация түсінігі
-
Консолидация түсінігі
-
Кодификация түсінігі
9.Семинар тақырыптары
Тақырып 1.Мемлекет және құқық теориясы пәні
Мемлекет және құқық теориясы пәні ұғымы және түсінігі
Мемлекет және құқық теориясы пәні ерекшеліктері
Тақырып 2. Мемлекет және құқық теориясының әдістемесі.Жалпы ғылым саласындағы әдіс. Жекелеген әдістемелер түрлері
Тақырып 3.Гуманитарлық білім жүйесіндегі құқық теориясының алатын орны мен ролі. Жіктелуі, топтастыру. Оның алатын орны мен маңызы
Тақырып 4. Мемлекет және құқық теориялары. Мемлекет және құқық теорияларының пайда болуы, түрлері, ағартушылар.
Тақырып 5. Мемлекет және құқық даму кезеңдері. (типлогоиясы). Мемлекет типлогиясы түсінігі және түрлері, кезеңдері
Тақырып 6. Мемлекет мәні. Мемлекет мәні, оның түсінігі және мемлекет туралы ұығмдардың таралуы
Тақырып 7. Мемлекет нысаны. (Түрлері).
Мемлекет түрлері түсінігі және оның жіктелуі
Тақырып 8. Мемлекет механизмі (аппарат).Мемлекет тетіктерінің түсінігі. Қағидалары. Мемлекеттік органдар жүйесі.
Тақырып 9. Мемлекет функциясы. Мемлекет функциясы түсінігі оның жіктелуі.
Тақырып 10.Қоғамның саяси жүйесі. Қоғамынң саяси жүйедегі мемлекеттің ролімен орны, атқаратын қызметі
Тақырып 11. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам.Құқықтық мемлекет түсінігі және оның белгілері. Азаматтық қоғам түсінігі және оның белгілері
Тақырып 12.Қоғамық қаытнастарды нормативтік реттеу
Тақырып 13.Құқық түсінігі және мәні. Құқық түсінігі және ұғымы және белгілері , атқаоатын қызметі
Тақырып 14.Құқық нормалары. Құқық және құқық нормалары. Мазмұны және олардың жіктелуі
Тақырып 15.Құқықтың қайнар көздері түрлері. Құқықтың қайнар көзі түсінігі және түрлері
Тақырып 16. Нормативтік құқық акт.түсінігі және түрлері
Тақырып 17.Құқық шығармашылық.Құқық шығармашылық оның түрлері, қағидалары
Тақырып 18.Құқық жүйесі және заңдар жүйесі. Құқық жүйесі және түсінігі және заңнама жүйесі
Тақырып 19.Құқықтық қатынас
Құқықтық қатынас ұғымы, түрлері, құрамы
Тақырып 20.Құқықты жүзеге асыру.
Құқықты іске асыру түрлері, әдістері, тәсілдері кезеңдері
Тақырып 21.Нормативтік актілерді талқылау
Талқылау ұғымы, түсінігі, маңызы
Тақырып 22.Құқықтық сана. Сана түсінігі, түрлер і және ерекшеліктері
Тақырып 23.Құқықтық мәдениет және нигилизм. Құқықтық мәдениет және нигилизм түсінігі және түрлері
Тақырып 24 Құқық және тұлға
Құқық пен тұлға қатынасы
Тақырып 25.Заңды мінез құлық. Заңды мінез құлық түсінігі және белгілері
Тақырып 26. Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік. Түсінігі және ұғымы, құрамы
Тақырып 27. Заңдылық және құқықтық тәртіп.Заңдылық түсінігі және құқықтық тәртіп ерекшеліктері қолдану аясы
Тақырып. 28. Құқықты реттеу тетіктері.Ұғымы және түсігінігі
Тақырып 29. Қазіргі кезеңдегі құқықтық жүйелердің жалпы сипатамасы. Құқық жүйелері түсінігі және түрлері
Тақырып 30. Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу.
3. Студенттердің өздік жұмысы
3.1 Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар
Өздік жұмысының кең таралған және маңызды түрлерінің бірі – ол тәжірибелік сабақтарға және ғылыми конференцияларға студенттермен әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі өте қызықты және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми зерттеулерге баулиды. Рефератты дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі ретінде оларды аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының бәрі, студенттердің рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады.
Рефераттың тақырыбын таңдап алу өте маңызды орын алады, өйткені студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы, алынған тақырыпқа байланысты болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы басқаруды қамтамасыз ету қажет.
Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол үшін кітапханадағы каталогтарды және басқада библиографиялық нұсқауларды қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин – аудармалармен, әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.
Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау. Ең алдымен тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып, оларды зерттеуден бастау керек. Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары біліне бастайды, олардың реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан кейін, жоспардың сұрақтары арқылы барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет.
Барлық мәлімет жиналғаннан кейін, жоспарды ретке келтіріп, рефератты құрастыруға және жазуға кірісуге болады. Бұл реферат әзірлеуінің үшінші соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет.
Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті жоқ, керісінше олардың ынтасын марапаттау қажет.
Реферат толығымен әзірленбей тұрып, оқытушы студенттің дайындаған жоспарын қарап шығу қажет.
Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн.
Рефераттың титулды бетіне университеттің және факультеттің атауын, мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет.
Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі.
Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн. Рефератты жазу барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек.
Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың жазылуын алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады.
Реферат жұмысы аяқталғаннан кейін, оны студент тексеруге оқытушыға тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған жоқ» немесе «қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі.
Рефераттық жұмыстардың есепке алуының жеке журналы болғаны немесе рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін оқу залында сақтаған жөн.
4. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыптары
1.Жалпы теория пәні, әдістемесі шығу заңдылықтары. Мемлекет пен құқықты зерттеудің обьективтіжәне ғылыми зерттеу. Нақты оқу әдістері. Заң ғылымы саласындағы алатын орны, маңызы
2.Ең алғаш мемлекет ұғымының шығуы, себептері, кезеңдері. Алғашқы үкімет қалпы. Мемлекет әлеуметтік институт, экономиканы қамтамасыз етуші.
3.Мемлекеттің пайда болуы көптеген көз-қарастармен теорияларды талдау даму кезеңдері
4.Мемлекет негізгі типологиясы Маркстік: құлиленуші, буржуазиялық, әлеуметтік мемлекет.Мемлекеттік типтік өту тарихы қасиеттерімен жақтарының жалпы жиынтық тәсілі
5.Жалпы мемлекет түрлері, ерекшеліктері, басқару жүйесі
6.Құқықтық мәдениет элементтері, ортасы, әрекеттері.Олардың құқықтық және саяси мәдениетпен қатынасы.Құқықтық мәдениетке сипаттама, заңгердің құқықтық мәдениеті. Құқықтық мәдениеттің қызметтері. Заң шығарудағы құқықтық мәдениеттің ролі.
7.Мемлекеттің атқаратын қызметінің бағыттары, маңызы
8.Сан қилы қызмет механизмі, аппараты мемлекеттік органдар жүйесін талдау
9.Алатын орны, өзектілігі, маңыздылығы
10.Саяси режим ұғымы, түсінігі,биліктегі маңызы
11.Құқықтық мемлкеттің атқаратын қызметі, бағыттары, концепциялары
12.Құқық анықтамасы, айырмашылығы, қоғамдағы ролі
13.Құқықтың негізгі типтері ұғымы, оның жіктелуі
14.Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық мәні, орны
15.Құқықтың қайнар көзі бастаулары
16.Құқық шығармашылық ұғымы және сатылары, жүйелеу түрлері
17.Құқық жүйесінің құрылымын жіктеу
18.Құқықтық сана анықтамасын талдау, нигилизмді болдырмау жолдары
19.Құқықтық мәдениеттің алатын қоғамдағы ролі, мәдениет түсінгі
20.Құқықтық қатынас ұғымы, түрлері
21.Құқықты іске асыру түрлері, элементтері, кезеңдері
22.Талқылау ұғымы, түсінігі, маңызы
23.Құқықты реттеу механизмі түсінігі, элементтері
24.Заңи мінез- құлық ұғымы, түрлері мааңызы
25.Құқық бұзушылық түсінгі, құрамы және заңды жауапкершілік түсінігі
26.Заңдылық түсінігі мен тәртіп маңызы, ролдері
27.Құқық пен тұлға қатынасы
28.Мемлекеттегі азаматтық қоғамның алатын орны
Достарыңызбен бөлісу: |