Пысықтау сұрақтары:
1.Құқықтың қайнар көзі түсінігі және олардың түрлері
16- тақырып. Норматитвік құқықтық акт
Мақсаты: Құқықтың қнормативік құқықтық актілердің түрлері қоғам үшін атқаратын роіл мен маңызы
-
Нормативтік құқықтық акт түсінігі
-
Норматитвік құқықтықакт түрлері
1.Нормативтік-қүқықтық акт қүқықтың негізгі нысаны ретінде «жазулы» қүқық елдерінде пайдаланылады. Ол өзіне тән негізгі сипатымен белгіленеді, яғни ол біржағынан, заң нормаларының қайнар көзі болып табылады, ал екінші жағынан, құқықтық актілердің түрлеріне жатады. Сонымен, нормативтік-құқықтық акт:
а) заң нормаларын үстайды;
ә) арнайы жазбаша акт-қүжат болып саналады;
б) мемлекеттің ерекше шығармашылық әрекеттерінің нәтижесі. Нормативтік-қүқықтық акт өкілеттік заңдар тәртібінде не
болмаса референдум арқылы қабылдануы мүмкін, бірақ әр уақытта мемлекеттің еркін көрсетуі қажеттілік.
Нормативтік-қүқықтық актіні оның жоғарыдағы көрсетілген белгілерін есептей отырып, заңды нормаларды бойына сіңірген және белгілі процедуралық нысанда қабылданатын арнайы жазба акт-қүжат ретінде білуіміз керек:
а) мемлекеттің міндетті органдарымен;
ә) өкілетті заңдар тәртібінде;
б) референдум тәртібіндегі.
Нормативтік-құқықтық актілерді басқа қүқықтық актілердің түрлерінен айыра білу қажет — жекелеген заңды актілерден, ең маңыздысы қүқықты қолдану актісінен. Оларды біріктіретін жалпы заң табиғаты, әрқайсысының мемлекеттік-билік үйғарымдары бар, бірақ қолдану актілерінде бүл үйғарымдар жекеленген, нақтылық (субъектілерге және мазмүндарына байланысты) сипатта болады.
Нормативтік-қүқықтық актілердің негізгі мақсаттары — құқық нысандары басқадағыдай — құқықтық ақпаратты сақтап, жөнді жағдайда қажетті жерлерге жеткізеді. Бүл жағынан нормативтік-қүқықтық актілер өте қолайлы жетілген қүқық нысаны — мемлекет және «жәй» субъектілер үшін. Мемлекет сол арқылы жедел түрде қүқықты реттейді, қоғамның қүқықтық қажеттіл ігіне көңіл аударад ы, барлық қоғамдық процестерді басқару жүмысын үйлестіреді.
2.Нормативтік-құқықтық актілердің түрлері. Олар, ең алдымен, заңдарға, қосымша заңдарға, нормативтік-қүқықтық актілерге бөлінеді.
Заң мынадай белгілерден түрады:
а) мемлекеттің жоғарғы билік органдарымен не референдум арқылы қабылданады;
ә) оған ең жоғарғы заңдылық күш тән және қүқықтың басқа қайнар көздеріне қарағанда үстемдігі басым;
б) қабылданады, өзгертіледі және ерекше процедуралық тәртіппен толықтырылады;
в) маңыздылығы жоғары әлеуметтік аяны реттейді, өте маңызды қоғамдық қатынастарды, қүқықтық реттеудің басын бекітеді;
г) қоғамның қызығушылығы мен еркін көрсетуі міндетті;
ғ) бірыңғай нормативті (басқа нормативті қүқықтан айыр-машылығы, тек қүқық нормаларынан түрады жекелеген-билік үйға-рымын, «вкрапленияны» алуы мүмкін.
Заңдар, өз жағынан, конституциялық және кәдімгі заңдарға бө-лінеді. Конституциялық заңға мыналар жатады:
а) Конституция (мемлекеттің негізгі саяси-қүқықтық актісі);
ә) Конституцияның өзіне толықтырулар мен өзгертулер енгізетін заңдар;
б) заңдарды қабылдаудың қажеттігін бекіткен заңдар.
Кәдімгі заңдарды кодификациондық (заңдардың негіздері, кодекстер) және ағымдағыға бөлуге болады. Федеративтік мемлекеттерде заңдар федералдық (жалпы федералдық) және Федерацияның субъектілеріпіц заңдары.
Қосымша нормативтік-қүқықтық актілер—заңдарға міндетті түрде негізделуі қажет және оған қайшы болмауы керек.
Қазақстан Республ икасындағы заңға қосымша (иерархия негізінде) нормативтік-қүқықтық актілерге төмендегілер жатады:
а) ҚР Президентің жарлығы;
ә) ҚР Үкіметінің нормативтік актілері;
б) Атқарушы бил іктің орталық органдарының нормативтік актілері (министрліктер, мемлекеттік комитеттер және ведомстволар).
Нормативтік-қүқықтық актілердің ерекше түрі ретінде тек меке-мелерде, өндіріс орындарында әрекет істейтін локальды нормативтік актілерді айтамыз (уставтар, ережелер, т.б.).
Пысықтау сұрақтары:
1. Нормативтік құқықтықакт түсінігі және ұғымы
2. Нормативтік құқықтық актілер түрлері
17-Тақырып. Құқық шығармашылық және нормативік құқықтық актілердің жүйелілігі
Мақсаты: Құқық шығармашылық қызметінің қоғам және мемлкеттің өмірі үшін маңыздылығы, мәні, атқаратын қызметін айқындау
1. Құқық шығармашылық түсінігі және ұғымы
2.Құқық шығармашылық кезеңдері
3. Құқық шығармашылық принциптері
1. «Қүқықтық шығармашылық» дегеніміз — мемлекеттің өкілетті органдарының әрекеттері, яғни нормативтік актілерді басуға, қайта жөндеуге арналған әрекеттері, оларды мазмұнымен тұтас заң нормаларына айналдырады. Алайда, бұл мағынада «құқықтық-шығармашылық» атауы көбірек шартты және сол әрекетті құқықтық-шығармашылық деп атағанжөн, әрі қайта қүру процестерін айыра білу қажет.
Мемлекет құқықты жасамайды. Қүқықты құру процесі әлеуметтік организм қойнауында жүріп жатады, ал мемлекет қоғамда қалыптасқан қүқықты талаптарға сай дайындауы керек. Сондықтан, кейбір авторлардың «қүқықтық-шығармашылықты» қүқықты қүру процесіндегі ақырғы кезең деуі дүрыс емес.
Профессор С. С. Алексеев негіздеме түрінде былай дейді: «Қүқық-тық-шығармашылық принципті түрде, сол уақытта басталады, қашан қоғам дамуындағы талаптар белгіленеді, тікелей әлеуметтік қүқық қалыптасса, қүқықтық жаңалықтардың қажеттігі шегіне жетсе, тек осы негізде ғана қүқық қүру процесіне міндетті органдар кіріседі».
Құқықтық-шығармашылық түсінігі қоғамның еркін, заңға айналдырудағы қызметтердің барлық түрлерін, жолдарын (нысанын) қамтиды:
а) мемлекеттіқ органдармен нормативтік актілерді қабылдау; ә) референдум арқылы тікелей халықпен ақылдасу;
б) қүқық нормаларына сай әртүрлі келісімдер жасау;
в) мемлекеттік емес үйымдардың шығарған әдеттері мен нормаларына санкция беру;
г) заңды прецеденттерді қүру.
2.Юриспруденцияда көптеген қүқықтық-шығармашылық принциптер шығарылған, олардың ішінен мыналарды бөліп көрсетуге болады:
а) демократиялық; ә) заңдылық;
б) гуманистік;
в) ғылымилығы;
г) кәсібилік;
ғ) бағдарламалықтығы.
Қүқықтық-шығармашылық қызмет әр уақытта әртүрлі заңды процедураны көрсетеді, яғни қүқықтық-шығармашылық қызыметін
істегендегі қүқықпен реттелген бірізділік, олар белгілі қүқықтық-шығармашылық нәтиже. Қүқықтық шығармашылық процедура жеткілікті түрде қиын және қызметі үзаққа жалғанады және өзінің кезецдері бар, яғни бүл процестердің арасындағы кезеңдер, шешуі нақтылы мақсаттар.
Қазіргі кездегі көбірек таралған мынандай қүқықтық-шығар-машылық нысандар бар: мемлекеттік органдардың нормативтік-қүқықтық актілерді қабылдауы. Ондай қүқықтық-шығармашылық процедурада көбірек істелген заң шығару процедурасы (заңдарды баспаға беру процедурасы).
3.Заң шығару процедурасының мынандай кезеңдері бар:
Заң шығару бастамасын іске асыру қүқығы, яғни елдің ең жоғарғы өкілетті органына заң жобасын арнайы үсыну, ол орган оны қарауға міндетті. Заң жобасын үсынуға қүқығы бар субъектілердің тізімі Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабында анық айтылған: «1. Заң шығару бастамасы қүқығы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына, Республика Үкіметіне беріледі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады».
2-кезең заң жобасын талқылау. Бүл кезеңде негізінен заң жобасы талқыға түсіп өзгертулер, толықтырулар кіргізіледі, керегі жоқ жерлері алынып тасталады;
3-кезеңде заң жобасы қабылданады;
4-кезеңде арнайы ақпарат қүралдарымен жарияланады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 61-бабында осы мәселе туралы былай бекітілген «1. Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдылығын белгілеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға қүқығы бар, бүл Парламент заң жобасын енгізілген күннен бастап бір ай ішінде қарауға тиісті екенін білдіреді. 4. Мәжіліс депутаттары қараған және жалпы санының көпшілік дауысымен мақүлданған заң жобасы Сенатқа беріледі, ол онда әрі кеткенде алпыс күннің ішінде қаралады. Сенат депутаттары жал пы санының көпшілік дауысымен қабылданған жоба заңға айналады және он күннің ішінде Президенттің қол қоюына беріледі».
Заңды техпика — нормативтік-қүқықтық және жекелеген заң актілерін дайындаудағы пайдаланылған жолдардың, тәртіптердің және қүралдардың жиынтығы, олардың жетілдірілуін қамтамасыз етуші.
Заңды техниканың ішінде ерекше бөлінетіні заң шығару техпикасы, ол мыналарды қамтамасыз етуге міндетті:
а) жазудың қисынды бірізділігі;
ә) нормативті актілердің ішінде қарама-қайшылықтың жоқтығы және толығымен заң шығару жүйесінде;
б) нормативті материалдардың жинақы болуы;
в) заң тілінің анықтығы және түсініктілігі;
г) заң шығарудағы пайдаланылған терминдердің қүрылуындағы дәлдік және белгілілік;
ғ) тек бір мәселе бойынша белгіленген нормативтік актілердің көптігін болдырмау.
Заң техникасының деңгейі, көп жағдайда заңдылық мәдениеттің деңгейін көрсетеді. Заңды техника, ең алдымен, заңды терминология мәселелеріне, заңды Конституцияға (толығымен және заңды қүралдардың қабысуы), өңдеу тортібіпе, жазылуына және нормативтік-қүқықтық актілерді жүйелеуге қатысы бар.
Нормативтік-ќұќыќтыќ актілерді жүйелеу: түсінігі және түрлері
Заң шығару жүйесі жүйе болып қалуы үшін (қажетті және жеткілікті элементтерінің жиынтығына ие болуына ішкі жағынан келісімді, қарама-қайшылықта болмауына) жүмыстарының жөнді болуына, сонымен бірге, жетілдірілуіне және дамуына ең қажеттісі арнайы процестердің тоқтаусыз ықпалы болуы керек.
Жұйелеу — бүл бекітуге және нормативтік материалдарды сырттай және іштей жөндеу арқылы жетілдіру, мақсаты заң шығару жүйесін қолдау және қүқық субъектілерін қажетті нормативтік-қүқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Жүйелеудің қажеттігі сонда, ол жаңа нормативтік-қүқықтық актілерді шығаруға арналған тоқтаусыз процестермен қамтамасыз етілген, уақыт өткен сайын, кейбір актілер өзінің күшін жоғалтады, ескіреді, заңды үйғарымдардың арасындағы қарама-қайшылық көбейе түседі, т.с.с.
Жүйелеудің тәжірибелік маңызын 1833 ж. М. М. Сперанский нықтап көрсеткен (ол Ресейде ғана емес, Еуропа бойынша ең белгілі кодификатор (кодекс шығарушы). Оның айтуы бойынша, «Заңдарды бір қүрылымға жинау — мемлекетке қажеттіліктің бірі». Ол жүйелеудің заң ғылымдарына маңыздылығын айтқан.
Казіргі юриспруденция негізінен ұш жолды тұрдегі жүйелеуді пайдаланады — инкорпорация, консолидация және кодификация.
Инкорпорация — жүйелеудің түрі (жолы), онда нормативтік-қүқықтық актілер сыртқы өңдеуге түседі (не жалпы жағдайда, ондайға түспейді) — алфавитті (қаріпті), хронологиялық, жүйелілік (пәнділік) және белгілі тәртіпте бір қосылымда, не болмаса басқа басылымда орналасады.
Инкорпорацияға мынандай сипаттар тән:
1) ол арнайы ретінде, сол сияқты арнайы емес ретіндегі сипатта болады;
2) инкорпорацияның субъектілеріне мемлекет органдары, қоғамдық үйымдар және жекелеген адамдар жатады;
3) инкорпорация нормативті мазмүндағы актіге тиіспейді: қүқық нормалары жүйелеу кезіндегі әрекеттеріндегідей сол күйінде инкорпорацияға айналады;
4) нормативтік-актілер қүқықтық-шығармашылық органдарымен қалай, қай түрде қабылданса, сол күйінде инкорпорацияға айналады, сыртқы өңдеуге түседі;
5) сыртқы өңдеу дегеніміз:
а) мәтіннен күшін жоғалтқан жекелеген баптар, пункттер, абзацтар алынып тасталып, жаңа өзгертулер (актінің шыққан кезінен бастап) енгізіледі;
ә) нормативтік үйғарымдары жоқ бөліктері алынып тасталады;
6) инкорпорация нәтижесінде заңдар жинағы, басқа нормативті актілер басылып шығады.
Заңдар жинағының бір түріне заңдар қосылымы жатады:
а) жоғары билік органдарының нормативтік актілерінің инкор-порацияға айналған басылымдары (заң шығару және атқару);
ә) арнайы хабарлаудың қайнар көздері;
б) әрекеттегі барлық заңдардың жинағы (көрсетілген «п» «а» мағынасында) ешқандай өзгеріссіз.
Консолидация—жүйелеудіңтүрі (жолы), ондабір-біріне мазмүны бойынша жақын нормативтік актілер біріктіріледі, үлкейтілген нормативтік-қүқықтық актінің қажеттігі, нормативті актілердің көптігін азайту және қүқықтық реттеудің бірлігін қамтамасыз ету.
Консолидацияның төмендегідей сипатын үсынамыз:
1) ол өзгеше қүқықтық шығармашылық қабылдау (кейіпті арнайы инкорпорацияның қүқықтық шығармашылыққа қатынасы жоқ);
2) тек олармен қабылданған актілер қүқықтық-шығармашылық арқылы жүргізіледі;
3) консолидация кезінде біріккен актілер күштерін жояды, ал олардың орнына жаңадан қабылданған актілер әрекет етеді, олардың меншігінде арнайы реквизиттері болады (аты, қабылданған уақыты, нөмірі, лауазымды адамның қолы).
Консолидация өзінің табиғатына сай инкорпорация мен коди-фикацияның ортасынан орын алады.
Кодификация — жүйелеудің түрі (жолы), ол қүқықтық-шығармашылық сипатта болады және жаңа нормативтік-қүқықтық жинақты шығаруға бағытталған (заңдар негізін, кодексті, т.б.). Ол негізгі әрекеттегі заңдарды өңдеу арқылы жүргізіліп, белгілі әлеуметтік аяның, ішкі келісілген бірлікті қамтамасыз ету мақсатында.
Кодификациялауға мынандай сипаттар тән болады:
1) ол өте қиын және жетілген жүйелеудің нысаны;
2) шынында ол қүқықтық-шығармашылықтың түрі, себебі коди-фикацияның объектісі ретінде тікелей қүқық нормалары көрінеді;
3) кодификациялауды әр уақытта тек міндетті мемлекеттік органдар ғана, конституциялық не басқа заңды өкілеттіліктің негізінде іске асырады;
4) инкорпорациядан айырмашылығы, ол түрақты сипатта болады, әр кездерде жүргізіледі және оның нәтижесі үзақ уақытқа белгіленген;
5) кодификация жүргізу қүқықтық реттеуге жаңалық элементтерін кіргізеді (бүл әр уақытта «қүқықтық реформа» сияқты) және ондай жағдай үлкен әлеуметтік қайта қүрылымдармен байланысты.
6) кодификациялаудың нәтижесі кодификациялық акт, ол заңдық және логикалық түтастықты айырады, жинау сипатында маңызын әлі жоғалтпаған нормативтік актілерді біріктіреді, көлемді және қиын қүрылым, әлеуметтік аяны кең қамтитын және басқа салалық актілердің ішінде маңыздылығы жоғары. Кодификациялық актілер — ең алдымен барлық заңдардың және кодекстердің негізі. Оларға тағы да жарғылар, ережелер, жатады.
Пысықтау сұрақтары:
1. Құқық шығармашылық түрлері
2. Құқық шығармашылық кезеңдері
18-Тақырып. Құқық жүйесі және заңдар жүйесі
Мақсаты: Құқық жүйесі мен заңдар жүйесінің алатын орны
1. Құқық жүйесі және түсінігі
2.Құқық жүйесі элементтері
3. Заңдар жүйесі түсінігі және олардың жіктелуі
1.Құқық жүйесі — бүл қүқықтың құрылымы туралы мәселелер, яғни құқық ішінен қалай ұйымдасқан, жалпы ол қалай қүрылған. Бүл тақырып өте қиын. Оған екі жалпыодақтық ғылыми талқылаулар арналды (40-жылдың аяғы және 50-жылдардың екінші бөлігі). 1982 жылдардан бастап қүқық жүйесі туралы проблемалар ғалымдармен «Кеңестік мемлекет және қүқық» журналында талқыға түсе бастады.
Тікелей көңіл аударатыны — «қүқық жүйесі» және «құқықтық жүйе» проблемалары. Олар барлық қүқықтық шындықты оның жүйеленген, үйымдастырылған түрлерін тегіс қамтиды. Құқық жүйесіне барлық қүқықтық қүбылыстар, әсіресе қүқықтық реттеу процесіне қажеттілері кіреді. Соған байланысты қүқықты (объективтік құқық) бүл жағдайда біз оны жүйе ретінде есептейміз, қүқықтық жүйеге элемент ретінде басқа элементтермен бірге кіреді: қүқықтық қатынастармен, заңды фактілермен, заңдылықпен, құқықтық таныммен, заңдар жүйесімен, т.б.
Жұйелілік — қүқықтың маңызды сапасының бірі, ол оған объективті түрде тән. Бүл қасиеттің объективтігі сонда, қүқық жүйесі қалай болса солай қүрылмайды, ол реттелетін әлеуметтік аямен, қоғамдық өмір заңдылықтарымен қамтамасыз етілген.
Қүқықтың жүйелілігі оның мынандай сипатының болғанын қалайды:
а) бірлік, түтастық;
ә) ішкі бөлектік, жәй бөлшектерге бөлінген, элементердің бар-лығы;
б) қүрамының болуы — элементтердің пайдалы жолдары;
в) мақсатының барлығы (жүйе қүрушы фактор ретінде).
Әрбір жүйені екі жақтық қүрады: мүшелері (қажетті элементтерді жинау) және қүрылысы (сол элементтердің байланыс жолдары). Сондықтан, «қүқық жүйесі» түсінігі қүқық элементтерін және оның қүрылымын да қамтиды. Соған байланысты, жүйелік теория көзқарасына сай, қүрылым — «жүйе және қүқық қүрылымы». Қүқық қүрылымы ерекше зерттеу объектісі ретінде жеке қаралады, бірақ қүқық жүйесіне қосымшалық емес, оның ішкі жағы есебінде.
Қүқық қүрылымы басқаәлеуметтікқүбыл ыстардың қүрылымдары сияқты, көрінбейді және сезілмейді, бірақ оны екі жағдайды зерттеу арқылы білудің мүмкіндігі бар:
а) элементтердің қасиеті (олар қүрылысын және оның сипатын белгілейді);
ә) қүқық жүйелері бір-бірімен келіскен. Әлеуметтік қүрылым тек элементтердің келісушіліктері арқылы бөлінеді.
Жалпы жүйе — объект оның қызметі алдына қойған мақсатқа жету үшін қажет (белгілі ортаның жағдайына байланысты) өзін қүрайтын бір-бірімен жақсы қатынастағы элементтердің жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
Қүқық дегеніміз — өте қиын, көп деңгейдегі (кейбір мөлшерде типті кең көлемді) иерархиялық жүйемен қүрылған жүйе. Олай дейтініміз, қүқық «матрешкалар» принциптері сияқты қүрылған: ол бір деңгейде элемент ретінде көрінсе, екінші деңгейде оны жүйе ретінде көруге болады (жүйе астылық); яғни ондай қүрылымда да өз элементтері бөлініп шығып, өзінің қүрылысы болуы мүмкін.
2.Құқық жүйесінің элементтері бөлініп шығып, төрт деңгейден түрады:
а) қүқық саласының деңгейінде; ә) қүқық институты деңгейінде;
б) қүқық нормаларының деңгейінде;
в) қүқық нормалары элементтерінің деңгейінде.
Қүқық жүйесіндегі маңызды бөлім — қүқық салалары. Салалар-дың белгілеріне әдебиеттерде мыналарды жатқызады:
а) ерекшеліктері бар пән және әдіс;
ә) арнайыланған салалық принциптер;
б) басқа салалармен қарым-қатынас жасауға қабілетті «теңдік қүқықта», яғни олармен бірдей деңгейде болу;
в) қоғамның берілген әлеуметтік аяны, салалар деңгейінде реттеу қажеттілігі;
г) заң нормаларының сандық жеткіліктігі және ерекше салалық сапаға көшуді талап етушілігі;
ғ) тәртіпке сай ерекшеленген кодифициялық заңдардың болуы;
д) басқа белгілер.
Пәндік және әдістік қүқықтық реттеу, қүқықты салаларға бөлудің негіздері болып есептеледі. Пән тікелей материалдық белгі ретінде «Салалық қүқық нені реттейді?» деген сүраққа жауап береді. Әдістің жауап беретін сүрағы «қалай?» (қандай жолмен салалық реттеу жүргізіледі және заңды белгіге айналатындығын қалай анықтайды). Әдіс (арнайы заңдылық жолдардың ықпалдарының жиынтығы) саладағы өз пәнінің барлығын табуға мүмкіндік береді, себебі ерекше пән бөлу тек сол кезде болады, егер ол өзін реттеуге ерекше арнайыланған жолдарды талап етсе.
Әдістің қүқық саласындағы арнайылығы мынандай белгілеріне байланысты белгіленеді (оларды әдістің элементтері деп атайды):
а) қүқық салаларының субъектілерінің жалпы заңдылық жағдайларына байланысты (салалық қүқықтық субъектілік);
ә) пайда болу, өзгеру және қүқықтық қатынастарды тоқтату қатынастарына байланысты негіздер;
б) қүқықтың мазмүнын қүру жолдары мен міндеттер (мысалы, тікелей қүқық нормасымен, не екі жақтың келісімімен);
в) заңды ықпал ету мөлшері (қүқық нормаларының санкцияларына байланысты).
Ең алдымен, оларды императивтік (билік) және диспозитивтік әдістерге бөледі.
Профессор С. С. Алексеев қүқық салаларына мынандай анықтама береді: «Тәуелсіз, өзіндік ерекшелігі бар қүқықтың бөлігі, ол бір-бірімен келіскен жүйелерден түрады, нормалардың институттарына бөлінген, қоғамдық қатынастардың арнайы түрлерін реттейді».
Құқықтық институт дегеніміз, заң нормаларының алғашқы бірігушілігі, ол қүқық саласындағы пәннің белгілі бір бөлігін түтас күйінде реттеуді қамтамасыз етеді. Мысалы, мемлекеттік қүқықтағы азаматтық институт, қылмыс қүқығындағы қажетті қорғану институты, т.с.с. Қүқық жүйесінде салалардың үлкен блоктарын бөліп көрсетуге болады — материалдық және процессуалдық қүқық, жеке және жария қүқық.
Негізгі салалар — барлық қүқық жүйесінің фундаментін қүрайды, ол салалар «жиынтығы», онсыз қүқық жүйелерінің жүмыс істеуі мүмкін емес. Бүл — мемлекеттік, азаматтық, әкімшілік, қылмыстық қүқықтар және қүқықтың процессуалдық салалары. Азаматтық және әкімшілік қүқықтардың негізінде салалар ретінде көрінетін жеке қүқық және жария қүқықтар қүрылып жатқан еңбек, жанүя, жер, қаржы қүқықтарының бастамалары. Даудың тақырыбы болып жүрген сүрақтарға жататын кешенді қүқық салаларының табиғаты. Оларды «тәуелсіз емес» деп атайды, себебі олардың пәні және әдісі жоқ, не оларды қүқық салаларына жатқызбайды және сала заңдары ретінде есепке кіргізбейді.
Біздің ойымызша, олар толыққанды қүқық салаларына жатады, соған қоса олардың қүқық жүйесінде болуы, олардың жаңа сатыға, өте жоғары деңгейдегі даму сатысына өткендігін көрсетеді. Көптеген ғалымдардың оларды дүрыс қабылдамауының себептеріне кешенді салалардың принципті түрде басқадан өзгеше бастаумен қүрылуыжатады, яғни негізгі «тәуелсіз» салаларға қарағанда. Қүқық жүйесі белгілі даму деңгейіне жеткеннен кейін түтас әлеуметтік аяларды реттеуге көшеді, мүнда ол өзінің заңды біржақтылығынан тәуелсіз болады: кәсіпкерлік, денсаулық сақтау, көлік, білім, экология сияқтылардан. Қүқық әлеуметтік аяның функционалдық үйымдастыру аясына көшу ретінде, оның аумақтық үйымдастырушылығында. Егер негізгі салалардың қүрылуы заңды бастаудан болса, әдісі кешендегі әлеуметтік бастаудан, яғни пәннің.
Кешенді заң салаларының пәні әртүрлі, бірақ ол түтастықта белгілі әлеуметтік жүйені көрсетеді. Негізгі саладағы пәннің өзі заңды біржақты, бірақ «жаппай» бір қүрылымды емес: негізгі салалардағы реттелетін бөліктер барлық қоғамдық қызметтердің даласында «бөлініп тасталған», олар пәнге әдістің белгілері ретінде «жиналады». Бүған өте оңай сенуге болады, егер оларды негізгі азаматтық және әкімшілік қүқықтар салаларының пәні ретінде қарасақ. Сонымен, кешенді салалардың «өзіндік» пәндері бар.
Кешенді салалар пайдаланатын әдістер жәй заңды өзгешелігі бар емес, бірегей, әр уақытта ерекше реттеушілік заңдық жолдардың келісімінің есебінен жетеді1.
Кешенді қүқық салаларының пайдасына аргумент ретінде, қазіргі қүқықтық түсініктегі қүқық жүйесінің және заңдар жүйесінің бөлінбейтіндігі туралы тенденцияны айтуға болады.
Материалдыќ және процессуалдыќ ќұќыќтар
Қүқықтық қүбылыстарды материалдық және процессуалдыққа бөлудің түсінікті болуының себебі, азаматтық-процессуалдық және қылмыстық-процессуалдық салалардың заңдарының болуына байланысты. Жалпы теориялық жағдайда алсақ, бүл проблема өте қиын. Алайда, ғылымның алдына қойған мақсатына сай заң шығарушыларға анық жалпықүқықтық белгідегі материалдық-қүқықтық және процессуалдық қүбылыстарды үсынуы қажет, себебі оны қүқық жүйесі мен заңдардағы жүмыста пайдалануға болады.
Қүқықтық қүбылыстарды (қүқық саласы, нормалар, қүқықтық қатынастар, заңды фактілер, т.б.) материалдық және процессуалдық бөлу — бүл заңтанудың ішкі арнайы проблемалары. Оны олемдік философиялық түсінумен, (ондай талаптар болса да) не болмаса әлеуметтік қүбылыстарды материалдық және идеологиялық бөлумен байланыстыруға болмайды. Барлық қүқықтық қүбылыстар (материалдық және процессуалдық) идеологиялық болады (яғни, қоғам жағынан сапалы — ерікті ықпалдық әсері болмаса, пайда болуы мүмкін емес).
«Материалдық» белгі тек өзі ғана қүқықтық қүбылыстардың (оны қүқық нормаларының тікелей қатынасуымен объективті қалыптасқан
1 Ол туралы толығарьщ: Протасов В. Н. Что и как регулируег право.— М. 1995.— Ñ. 39-45.
әлеуметтік өмірдің қатпарларын реттеу ретінде түсінген) арасындағы шекараны түсіндіре алмайды. Дегенмен, ең бірінші рет таяғанда оны белгі ретінде пайдалануға болады. Материалдық реттеуші нормаларға әртүрлі әлеуметтік аяларды реттейтінді жатқызу дағдыға айналған, олардың қатынасушыларында позитивті тәртіп қалыптасқан. Материалдыққа материалдық реттеуші нормалардың әрекетін қамтамасыз ететін сақтандыру нормалары жатады. Мысалы, қылмыстық қүқық өзінің табиғатына байланысты сақтандыруға жатады, сондықтан қылмыстық қүқық нормаларының жалпыға бірдей материалдық екендігі мойындалған.
Материалдыққа процедуралық нормаларды да жатқызуға болады, себебі олар материалдық реттеуші нормалардың іске асыру тәртібін белгілі ережеге сай жүргізеді. Таяулық көзқарас бойынша, алдыңғы әлеуметтік қүрылысты бүл процедуралық нормалар «көбірек материалды» басқа сақтандыру материалдығына қарағанда (мысалы, қылмыстық-қүқықтық шекараны материалдық пен процессуалдық қүқық жүйелеріндегі шекараны үлкен эффективтікпен жүргізуді, алдын-ала процессуалды — қүқықтық қүбылыстардың жалпы белгілеріп білгеппеп кейін өткізуге болады. Соған сай, сол әдістемелікалғышарттардан шығу қажет, яғни барл ық процессуалдық қүбылыстар — процедуралық.
Жалпы түрде қүқықтағы процедураны әртүрлі заңды әрекеттерді іске асыру тәртібі ретінде анықтауға болады. Барлық заңды процедураларды екі үлкен топқа бөлуге болады: қүқықтық шығармашылық және қүқықты іске асырушылық. Өз жағынан, қүқықты іске асыру процедуралары екіге бөлінеді: материалдық және процессуалдық.
Процессуалдық процедура — материалдық сақтандыру нор-маларды іске асыру тәртібі (басқаша—санкция). Соған сай нормалар санкция процедурасын іске асыруға жағдай жасаса, процессуалдық болады. Азаматтық процессуалдық қүқық түгелімен процедуралық салаға жатады — оны белгілеу—азаматтық-қүқықтық нормалардың іске асыру тәртібін жөнге келтіреді, ал қылмыстық-процессуалдық қүқық қылмыс қүқығының нормаларының іске асыру тәртібін белгілейді, ол түтасымен қорғаушылық табиғатында және қорғау-шылық нормалардан түрады.
Процессуалдық нормалардың заң жүзінде ерекшелену тенденция-лары бар (оны біз азаматтық процессуалдық және қылмыстық процессуалдық қүқықтардың мысалынан көреміз). Ондай жекелену біртүтас нормативтік актілердің қалпында болуы мүмкін.
Материалдық-процессуалдық нормалар, жөнді және міндетті кейбір материалдық реттеушілік нормалар іске асыру жағдайы (нысаны), олармен бірге «байланыста» өмір сүреді және заңдармен ешқашанда олардан бөлініп кете алмайды. Мысалы, түсініксіз және дүрыстыққа жатпас еді, егер заңмен азаматтық қүқықтық-процедуралық нормасын оның негізгі нормаларынан бөлсек және оның барлығын бір нормативті-процедуралық актіге біріктірсек.
Материалдық-процедуралық нормаларды қүқықты қолданудан, олардың байланыс белгілеріне сай екіге бөлуге болады:
а) жанама әдеттегі (ординарлы) материалдық нормалар диспози-циясының іске асыру нысандары, олар қүқықты қолданумен байлансыз (келісім жасау тәртібі, мүраға ие болу тәртібі, т.б.);
ә) позитивтікті жөнге келтіру процедурасы, яғни қүқық бүз-ғандығы үшін жөнді қүқықты қолдану (зейнетақы тағайындау тәртібі, түрғын үйді ауыстыру, жер бөлігін алу, т.с.с);
Сонымен, материалдық және процессуалдық қүқық жүйесін-дегі шекара процедуралық аяның ішінде болады (материалдық нормалар процедурасы мен процессуалдық нормалар арасында), сол сияқты процессуалдық нормалар және материалдық сақтандыру нормаларының қосылған жерінде (мысалы, қылмыстық процесс пен қылмыстық қүқық нормаларының арасында).
Процессуалдық нормалар — бүл әр уақытта процедуралық нормалар, ал материалдық нормалар процедуралық болуы мүмкін, екінші жағынан, процедурамен байланысы болуы да және болмауы да мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |