Мемлекеттің қаржы қызметі



бет4/5
Дата01.11.2022
өлшемі38.99 Kb.
#463761
1   2   3   4   5
Мемлекеттің қаржы қызметі

Бақылау сұрақтары:


1.Ақша нысандары (түрлері), олар қандай болады?
2. Мемлекеттің ақша жүйесінің элементерш атаңыз.
3.ҚР-ның ақша жүйесі қашан құрылды?


Бюджет құрылымы.

Тапсырма.


  1. ҚР ҚМ-нің республиқалық бюджеттің орыңдалуын бақылайтын Есеп Комитетінің ҚР-ның өкілетті органдар қатарына жағып, мемлекеттің қаржы қызметін Үкімет атынан жүргізетін орган деп студент Туленов жауап берді.

Туленовтң осы жауабымен келісесіз бе? Келіспесеңіз қай жерде қателіктер бар?
2.Салық Комитетінің инспекторы Мурзин салық салу негізіндегі кұжаттарды уақытыңда тапсырмағаны үшін «Маяк» ЖШС-ннің, бірінші тоқсан бойы банктік шотын тоқтатып қойды.
«Маяк» ЖШС-нң өтініші бойынша «ЦентрКредитБанк» наурыз айыңда біршама есеп операцияларын жүргізіп үлгерді. Аудан салық комитетінің басшысы Петрова осы ЖШС-нің басшысына, бас бухгалтеріне және банк басқарушысына әрбіреуіне 20 АЕК ретінде айыппұл салған.
Осы жағдайға заңды талдау жасаңыз.
3.Қаржы бақылауының әдістерін атау керек деген сұраққа студент қаржы кұқығы сабағыңда былай жауап берді:

    • Қадағалау;

    • Әңгімелесу;

    • ревизия;

    • құжаттық тексеру;

    • тексеру;

    • фактілік қадағалау;

    • нақты анықтау.

Михайловтың жауабына талдау жасаңыз, өз пікіріңізді айтыңыз.

Бақылау сұрақтары:


  1. Қаржы саласындағы басқарудың анықтамасы.

  2. ҚР қаржы министрлігінің қаржы саласындағы құзіретін айтыңыз?

  3. Жоспарлау дегеніміз не?


Бюджеттік бақылау және бюджет саласыңдағы басқару.

Тапсырма:


  1. ҚР Үкіметінің өкімі бойынша Павлодар облысына көмек ретінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін және санитарлық автокөліктер алу үшін 30 млрд. теңге бөлінген. «А» мемлекеттік мекемесіне (25 млрд теңге). «Б» мемлекеттік кәсіпорынға (5 млрд теңге) қаржы түсті. «А» мемлекеттік мекемесіне Денсаулық сақтау минисгрлігі номенклатураны, дәрі-дәрмектің мөлшерін, тауардың сатып алу және түсу мерзімін бекіттпеген екен. 10 ай ішінде «А» мемлекеттік мекемесі бөлінген қаржының 70% ұстап үлгерген. «Б» мемлекеттік кәсіпорны 80%, оның ішінде 40% - дәрі-дәрмекке, 20% - медициналық техника мен құралдарға, 15% -ауруханаларды қайта құруға және 5% - маркетинг қызметіне.

ҚР Үкіметінің тапсырмасымен түскен қаржыны бақылау кімнің құзіретіне кіреді? Бюджеттік қаржыны қолдануда қандай бұзушылықтар болған? Қаржы бақылауын жүргізуші қандай орган және қандай шара қолдануға тиіс?

  1. Павлодар облысының қазына басқармасы бюджеттен түскен қаржыны тексеру негізінде «Павлодар мұнай химиялық зауыты» АҚ-ын тексерді. Тексеру барысында қазына басқармасы «Халық банкі» АҚ-ның Павлодар облысы бойынша филиалына осы жоғарыда аталған кәсіпорынның шоты туралы мәлімдеме сұратты. Нұсқап отырған үш күн

арасыңда банкпен керек құжаттар берілмеген. Мұнда тексеруші орган мынадай шешім қолдануға мүмкін болды:

  • 20 күнге осы кәсіпорынның шот бойынша операцияларын тоқтатып тастауға;

  • ҚР Ұлттық банкіне Халық банкінің лицензиясын тоқтатып тастауға шағым қағаз жазуға;

  • кәсіпорынның басшысына айыппұл салуға.

Қазына органы дұрыс істеді ме? Осы жағдайға толығымен заңды тұжырым жасап беріңіз.

  1. Салық инспекциясымен бақылау жүргізіліп осы ұйымның салық салу объектісін көрсетпегеніне көздері жетті және сол көрсетпеушіліктен туындаған 51мың теңге пайданы жасырғаны мәлім болған.

Осы ұйымға қандай жауапкершілік орнатып, шара қолдануға болар еді және айыппұл салынатың болса, оның мөлшері қандай болады? Бұл шараны қандай орган қолдануға құқылы?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет