Мемлекеттің ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының ұлттық мүдделері нақты өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т б. құрамдас бөліктерді біріктіреді



бет7/9
Дата17.07.2016
өлшемі0.84 Mb.
#206235
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Кілем тоқитын жаңа станокта жұмыс орындары ашылатын болғандықтан, біз ары қарай қанша персоналдың қажет екенін,орташа айлық еңбек ақы мөлшерін жоспарлап, келесі 21 кестеде көрсеттік.

21 кесте -"Алматы кілем" АҚ-да жаңа кілем тоқу станогы үшін қажетті персонал



Персоналлауазымы

Персонал саны, адам

Айлықеңбекақытеңге

Еңбекақы

қорытеңге







1 смета үшін

Сменалар саны

Барлығы





1.

Цех бастығы

1

1

1

35000

35000

2

Инженер-ситемотехник

1

1

1

35000

35000

3.

Мастердің көмекшісі

1

1

1

30000

30000

4

Есепші

1

1

1

17000

17000

5.

Тасымалдаушы

2

1

2

16000

32000

7

Тоқымашы

1

3

3

28000

84000

8.

Ставилыцик

2

3

6

24000

144000

8.

Инженер-жүйеші

1

3

3

28000

84000

9.

Барлығы







18




461000

Жоғарыда келтірілген кестеде бір сменаға қажетті жұмыскерлер саны, сменалар саны, жұмыскерлердің еңбек ақысы, және еңбек ақы қорының бір айлық мөлшері көрсетілген. Осылайша, жаңа кілем тоқитын станокгы игеру үшін 18 жұмыскер, жалпы еңбек ақы қоры айына 461000 теңгені кұрайды.

Енді несиені игеру жоспарын жасайық. Жоғарыда несиені игеру алдыңғы алты айда жүргізіледі десек, айлар бойынша несиені игеру 21-кестеде көрсетіледі.

22 кесте - "Алматы кілем" АҚ-да несиені алдыңғы алты айда игеру жоспары

АҚШ доллары






Көрсеткіштер

1-ай

2-ай

3-ай

4-ай

5-ай

6-ай

Барлығы

1.

Құрал-жабдық бойынша бірінші төлем

240000
















240000

2

Суретті дайындау станоктарын алу

57000




40000










97000

3.

Мамандарды оқыту




20000













20000

4

Тарау аппараттарын

алу











55000

55000




110000

5.

Құрал-жабдық бойынша екінші төлем
















533000

533000

6.

Барлығы

297000

20000

40000

55000

55000

533000

1000000

Ескертпе: Дайындаған автор

Несиені игеру жоспары 6 айға есептелген. Бірінші айда құрал-жабдық бойынша 30%-дық төлем төлеу және сурет салу станциясын сатып алу көзделген. Екінші айда осы станокта жұмыс істейді деген мамандарды оқыту жүргізіледі. Персоналды оқытып болған соң, сурет салу станогының қосалқы бөлшектерін төртінші айда орнатады. Тарау аппараттарын алу 4 және 5-айларға жоспарланып отыр. Соңғы алтыншы айда кілем току станогының қалған бөлшеттері сатып алынып, өндіріске орнатылады.

Тығыздығы жоғары жаңа технологиялы құрал-жабдықты орнатқан соң, кәсіпорын сапасы әлемдік стандарттарға сай, өнім шығаруды көздеп отыр, өнім көлемін екі есеге арттырмақ жоспары бар.

"Алматы кілем" АҚ-да несиені игеру қолайлы жағдайларда өтетін болса, таза табыс көлемі арта түспек. Табыстылықтың жобалық көрсеткіштері 23 кестеде келтірілген.

Несиені ойдағыдай игеру жағдайында тығыздығы жоғары кілемдерден түскен табыс 1531510 долларды, ал әдеттегідей тығыздықты кілемдерді сатудан түскен табыс мөлшері 2276129 доллар құрауы тиіс

23 кесте - "Алматы кілем" АҚ-ның болжамдық табыстылығы





Көрсеткіштер

Болжамды сомасы





теңге

доллар

1.

Жай кілемдерді сатудан түсетін табыс

3528000000

2276129

2

Тығыз кілемдерді сатудан түсетін табыс

237384000

1531510

3.

Басқа тауарлар мен қызметтерді сатудан түсетін табыс

10080000

65032

4

Ғимаратты жалға беруден табыс

3780000

24387

5.

Басқа да табыстар

3780000

24387

6.

Барлығы

607824000

3921445

7

Дайын өнімнің өзіндік құны (жай кілемдер)

278600000

1797419

8

Дайын өнімнің өзіндік құны (тығыз кілемдер)

187470000

1209484

9.

Барлығы

466070000

3006903

10

Салық салынатын табыс

141800000

914542

11

Корпоративті табыс салығы

42540000

274362

12

Таза ақша тасқынының дисконты 17%

43780100

282452

13

Әкімшілік шығыңдар

20000000

129032

14

Таза табыс

160271000

1034006

Жоба бойынша таза табыс көлемі 1034006 долларды құрауы керек. Біз жобаның қай кезден басталатыны көрсетпей отырмыз, себебі қазір кәсіпорында инвесторды іздеу процесі жүруде, ал қайтарып беру мерзімі 7 жыл екенін көрсеттік. Несиені алу кәсіпорынның тозған негізгі капиталын жаңартады, нарыққа бәсеке қабілетті өнім шығарылады, қосымша жұмыс орындары ашылады, кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етеді.

"Алматы кілем" АҚ-ның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету үшін басты назарды келесі бағыттарға аудару керек:


  • негізгі капиталды жаңарту, мүмкіндігінше жоғары технологиялық станоктарды өндіріске енгізуге ұмтылу;

  • кәсіпорындағы жоспарлау деңгейіне көңіл аудару, жоспарлардың орындалуына тырысу;

  • әкімшілік шығындарын төмендету;

  • өнімнің сапасын арттыру;

  • маркетингтік қызметті жандандыру;

  • өнім өткізудің дилерлік желісін бекіту.

3.2 Ғалам даму жағдайындағы тоқыма және кілем өнкеркәсібі кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету бағыттары

Қазақстан Республикасы тоқыма және кілем өнеркәсібінің экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету бағыттарын ұсыну үшін, бұл саладағы қатерлердің себептері мен салларларына тоқтала кеткен жөн. Осы жерде себептерді өзара байланысты екі топқа бөліп көрсеттік.



Бірінші топтың себептері - қазақстандық тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының технологиялық деңгейі. Осы топта шетел тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының деңгейіне сәйкестендіре отырып, жеті көрсеткішті анықтадық.

  1. Кәсіпорындардың мамандануы. Шетелдің көптеген тоқыма және кілем өнеркәсібінің кәсіпорындары өнім түрлері бойынша
    әмбебептылығымен ерекшеленіп, әртүрлі талшықтар мен жіптерден маталар, тоқыма бұйымдарын, маталық емес өнімдер өндіріп, осы арқылы сұраныс пен сән беталысына оңтайлы бейімделе біледі. Біздегі тоқыма өнеркәсібіндегі фабрикалар талшықтар және маталар түрлері бойынша қатаң бөлінді. Шетелдік тоқыма және кілем өнеркәсібінің өнімдерінде тоқыма және маталық емес өнімдер үлесі көбірек, олардың өндірісі маталармен салыстырғанда аз еңбек сыйымды. Қазақстанның тоқыма және кілем өнеркәсібінде бұл өнімдердің үлес салмағы аз. Қазір шығарылатын өнім құрылымы жақсара бастады. Тоқыма және тоқыма-галантереялық өнімдер үлесі жыл сайын артып келеді.

З.Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының көлемі. Шетелдік тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының көбісіндегі адамдар саны 300-ге дейін, нарық талаптарына жедел икемделетін шағын фабрикалар саны басым. Адамдар саны 1000-ға дейін жететін қазақстандық кәсіпорындардың нарықтық талаптарға сай келмеуі экономикалық қатердің бір себебі болды. Қазақстан Республикасындағы тоқыма және кілем өнеркәсібінің алып кәсіпорындарының құрылымын өзгерту, ұсақтандыру өндіріс шығындарын төмендетуге, нарық талаптарына жедел бейімделуге мүмкіндік туғызады.

  1. Технологиялық өндірісті басқаруды компьютерлеу. етелдік тоқыма және кілем кәсіпорындарындағы ақпараттарды жинау, жоспарлау, өндірісті және технологиялық үрдісті басқаруды кеңінен компьютерлеу, өндірісті басқару тиімділігін және құрал-жабдық жұмысының көрсеткіштерін біршама арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстандық кәсіпорындарда бұл элементтерді саусақпен санарлықтай ғана кәсіпорындарда байқауға болады. Қазір кәсіпорындарда өндірісті және технологиялық үрдісті басқаруды компьютерлеу жақсаруда. Бірақ, станоктарды компьютерлеу, олардың жұмыс параметрлерін оңтайлау, тек қана жаңа заманғы құрал-жабдық алынған соң жүзеге асырылады.

  2. Синтетикалық талшықтарды пайдалану. Шет елдердегі кілем және тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындары синтетикалык талшықтар мен жіптерді, әсіресе, тоқыманың тұтыну қасиеттерін арттырып және өзіндік құнын төмендететін, полиэфирлі талшықтарды өте кең қолданады. Дамыған елдерде оларды пайдалану 50%-дан асып кетті. Қазір синтетикалық жіптер мен талшықтарды пайдалану мүмкіндігі мен қажеттілігі де артып отыр, енді олардың еркін нарығы пайда болғандықтан, фабрикалардың
    оларды оңай сатып алуға мүмкіндігі бар.

  3. Маталардың ассортименті мен сапасы. Шет елдік кәсіпорындар шығаратын ені кең маталардың көп экономикалық артықшылықтары бар, өндірісте ені 140 сантиметрден асатын маталар үлесі басым. Бұл маталардың ассортименті нарық конъюктурасымен қалыптасып және оның әсерінен жедел өзгеріп отырады. Қазақстан кәсіпорындарындағы дайын маталардың ені 103 см-ге тең болды. Бұрыннан, негізінен, көлемді арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасының тоқыма өнеркәсібінде
    технологиясы жеңіл, қарапайым маталар өндірісі басым болды.
    Қазіргі кезде маталардың ені ұлғайтылды, себебі кәсіпорындар бірте-бірте ескі пневморапирлі станоктарды өндірістен алып тастауда. Нарықта импорттық маталармен бәсекелесіп, сауда-саттық жүргізуге тура келгендіктен, маталардың сапасы мен ассортименті жақсарып келеді. Дегенмен, құрал-жабддықтардың жағдайы және деңгейімен тежелетін маталардың сапасы мен ассортиментін ары қарай жақсарту қажеттілігі де бар.

  4. Құрал-жабдықтардың деңгейі мен жағдайы. Шетелдік тоқыма кәсіпорындары үнемі бәсеке жағдайында болғандықтан, жұмыс параметрлері компьютерлендірілген жоғары өнімді, жетілген құрал-жабдықтармен өздерін қамтамасыз етуі қажет. Бұл өз кезегінде еңбек өнімділігін, өнім сапасын арттырады, өнімнің өзіндік кұнын төмендетеді. Қазақстандық тоқыма кәсіпорындары жетілдірілмеген отандық құрал-жабдықтармен жабдықталған болатын. Тек қана жіп иіру өнеркәсібіндегі машиналар мен станоктар шет елдерден сатып алынатын еді. Соның өзінде де, сатып алынатын машиналар амортизация кезеңінен шығып кеткен болуы мүмкін. Қазіргі кезде құрал-жабдықтардың деңгейі мен жағдайы одан да нашарлана түсті. Себебі, өткен жылдарда біз айтқан машиналар мен станоктар одан ары моральдық және физикалық түрде тозды. Бұл жағдайдан кәсіпорындарды қазіргі заман талабына сай құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету арқылы шығуға болады.

Екінші топтың себептері — кәсіпорындарды басқару деңгейі. Көптеген фабрикалардың басшыларында шикізаттарды сатып алу, маталарды өткізу, қаржы ресурстарын басқару сияқты сұрақтарды шешуде жеткілікті тәжірибелері болған жоқ. Жақсы жүмыс істеп отырған фабрикалар басшылары нарық жағдайларына тез бейімделді, даму стратегаясын бекіту және менеджерлер тобын қалыптастыру арқылы табысқа жетіп отыр.

Бірінші топтың факторларын жақсарту көп қаржы салымдарын қажет етеді және бір күннің немесе бір сағаттың ішінде шеше салатын мәселе емес. Сондықтан олар "инерциялық" факторларға жатады. Екінші топтың факторлары — кәсіпорындарды басқару деңгейін де аз уақыт ішінде түбегейлі өзгертуге болмайды. Осы екі топтың факторларын қазірден бастап, біртіндеп дұрыс жолға қойса, уақыт өте келе жемісін жейтініміз анық .

Нарықтық экономика зандары бойынша, бәсеке қабілетсіз кәсіпорындар дағдарысқа ұшырып, бәсеке қабілетті кәсіпорындар қызметін жалғастыруы керек екенін білеміз. Тоқыма және кілем өнеркәсібіндегі жағдайды талдау, осы саладағы көп кәсіпорындардың дағдарыс жағдайында екенін, бір тобының дәрменсіздік жағдайында екенін көрсетті.

Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес тоқыма және кілем өнеркәсібі ішкі бағдардағы тоқырау блогына жатады. Осы стратегияда тоқыма және тігін өнеркәсібін қолдау шараларына мемлекеттік сатылымдар жүйесін ұйымдастыру және нарықты теріс пиғылды бәсекеден қорғау жатады.

Алматы қаласының 2010 жылға дейінгі индустриалдық дамуы саясатының регионалдық бағдарламасы бойынша жеңіл өнеркәсіптің дамуының негізгі бағыттары болып:


  • кәсіпорындарды қаржылық сауықтыру;

  • жаңа технологияларды игеру арқылы бәсекеқабілеттілікті арттыру;

  • ішкі тұтыну нарығында отандық өндіріс тауарларының үлесін арттыру табылады.

Саланың дамуы ең алдымен отандық ауыл шаруашылық шикізатты өңдеуге бағытталған қолда бар өндірістік әлеует базасында өткізіледі. Саладағы маңызды міндеттер болып, тиімділігі аз өндірістерді сегментациялау, бейінін өзгерту, солардың базасында шағын және икемді бәсекелесті өндірістер құру табылады.

Селективті қолдаудың негізгі нысандары болып, жеңіл өнеркәсіптің дайын тауарларын конкурстық негізде әскери және соларға теңестірілетін тұтынушыларға мемлекеттік сатып алуларды орналастыру және ұзақ, орта мерзімге несиелеу жатады.

Кілем және тоқыма өнеркәсібінің өз артықшылықтары бар, олардың ішіндегі ең елеулісі: жоғары капитал айналымдылығы. Қазіргі экономикалық жағдайда тоқыма және кілем өнеркәсібіне инвестициялар және инновацияларды салу инвесторлар үшін тартымды болмақ-тоқыма және кілем өнеркәсібіне салынған инвестициялар басқа салаларға қарағанда аз болуы мүмкін және істі білікті түрде жүргізе білсе, аз уақыттың ішінде қайтарып алуға болады. Айналым қаржыларын ұсыну да тиімді, себебі бір жылдың ішінде қаржылардың 4-6 рет айналысы болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет