Тоқыма жөне кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан қажет. Тұрғылықты жерлерінде жұмыстан босаған әйелдерді жұмыспен қамтамасыз ету шешуін таппаған сұрақтардың бірі. Оның үстіне,. токыма және тігін өнеркәсібінің құлдырауы ауыл шаруашылық кешенінің, химия өнеркәсібінің және машина жасау саласының өніміне деген сұранысты төмендетті.
Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету төмендегідей салалық және салааралық мәселерді шешумен байланысты:
-
Мақтаны, зығырды (оның котонизациясы жоғары сапалы аралас
маталарды алуға мүмкіндік береді), химиялық шикізатты, жүнді
өңдеудің жаңа технологияларын, былғары-тері шикізатын (оның
ішінде тігін, автомобиль, жиһаз, тері-галантерея өнеркәсібі үшін)
кеңірек пайдалану негізінде саланың шикізат базасын дамыту;
-
Маркетингтік, ақпараттық, жарнамалық қызметтерді, дилерлік желілерді, өткізуді, бағаларды, қаржылар мен инвестицияларды басқару бойынша ассоциацияларды дамыту;
-
Салада ұлттық киімдер, қолөнер бұйымдары, киіз, текемет, алашалар бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту;
-
Мақта-мата және жүн өнімдерінің, өңделген тері, шетелдік
үдемелі құрал-жабдықпен материалдарды пайдаланған тігін өнімдерінің экспортын дамыту;
-
Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарындағы әлеуметтік
сфераның обьектілерін жергілікті бюджеттің балансына беру;
-
Қазақстан Республикасында шығарылмайтын құрал-жабдықтар мен материалдар үшін баж салықтарын төмендету немесе алып тастау;
-
Әскери құрылымдардың, балалар үйлерінің, көмір, мүнай өндіру-өңдеу өнеркәсіптерінің үдемелі сұраныстарын қанағаттандыру үшін тендерлер ұйымдастыру;
-
Спорт және басқа да мәдени шараларды өткізу үшін түрлі ассортименті киімдерге сұранысты қанағаттандыру үшін жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің кәсіпорындарын тарту.
Тоқыма және кілем өнеркәсібінің экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету жүйесі мемлекет түрғысында келесідей бағыттарды қамтуы мүмкін:
-
Теріс пиғылды бәсекені жою.Қазақстандық нарыққа тоқыма және кілем бұйымдарының кедендік баж төлемдерінсіз және жеңілдікті салық төлеу арқылы түсетін каналдарын жою. Қазақстанның кедендік территориясына импортты тауарды енгізгенде оның құнын төмендетуді жою үшін өнім топтары бойынша ең төменгі бағалар каталогын жасау.
-
Салалық лизингтік компанияны құру және сала кәсіпорындарының техникалық қайта жарақтану мәселесін шешуге мүмкіндік беретін лизингтік операцияларды жүргізуге қажетті қаражаттармен қамтамасыз ету.
-
Жоғары сапалы, экологиялық таза және қауіпсіз өнім шығару үшін мемлекеттік стандарттарға жаңа техникалық регламенттер, стандарттар, өзгерістер мен толықтырулар, метрологиялық және талдау құралдарын, әдістерін енгізу. Бұл шараны орындау халықаралық стандарттарға сай жүргізілуі керек. Жоғары сапаны анықтайтын сертификациялық орталықтар желісі болуы тиіс.
-
Елдің барлық территориясында аймақ аралық көтерме-жеке тауар өткізу желісін құру.
-
Кәсіпорындардың қаржылық мүмкіндіктері шектеулі екенін ескере отырып, мемлекеттік деңгейде қосымша құн салығына, Қазақстанда шығарылмайтын технологиялық жабдықты және оның қосалқы бөлшектерін ел территориясына енгізгенде кедендік төлемдерге жеңілдіктерді қайта қалпына келтіру.
-
Тоқыма және кілем өнеркәсібі ғылыми-зерттеу секторын қайта
қалыптастыруды өткізу.
Тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындарының деңгейінде экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етуді біз келесі бағыттардан көреміз:
-
Химиялық талшықтар қосылған, ені 150 сантиметрден асатын
маталар өндірісін ұлғайту.
-
Жіп иіру өндірісіне талшықтарды тұту, араластыру үшін кардотарайтын, ленталық машиналарды енгізу.
-
Өндеу (отделка) өндірісіне таза мақта және химиялық талшықтар
мен жіптер қосылған маталарды өңдеу үшін мерзімді және үздіксіз
жұмыс істейтін құрал-жабдықтарды енгізу.
-
Жуылған, жуылмаған және карбондалған жүнге және солардан
жасалатын өнімдерге нормативті-техникалық құжаттаманы халықаралық стандарттарға сайлау.
-
Сәнді көркем-колористік, жеңілдетілген ерлерге және әйелдерге
арналған пальто, костюмдік маталарды өндіруді игеру және өндіру.
-
Түйенің жүнінен жасалатын маталар өндірісін игеру.
-
Сән әлемінде тақымал дизайнерлердің лицензиялары бойынша
киім өндірісін ұлғайту .
Әлемдік тоқыма және кілем өнеркәсібінің дамуын жасалған талдау, синтетикалық талшықтардың, маталардың үлес салмағының артқанын көрсетті. Жасанды талшықтардан жасалған тоқыма және кілем өнімдерінің әлі де арта түсетінін мамандар болжап отыр (24 кесте).
24 кесте — 2040 жылға тоқыма талшықтарын әлемдік тұтынудың болжамы
№
|
Талшықтардың түрлері
|
Өлшем бірлігі
|
жылдар
|
|
|
|
1960
|
1970
|
1980
|
1990
|
2000
|
2040(болжам)
|
1
|
Жүн
|
млн. т
|
1,5
|
1,6
|
1,6
|
1,7
|
1,5
|
2,0
|
2
|
Мақта
|
млн. т
|
9,4
|
12,3
|
14,2
|
18,2
|
20,2
|
33,0
|
3.
|
(нарықтық үлесі)
|
%
|
64,5
|
53,3
|
46,6
|
45,8
|
37,3
|
21,0
|
4
|
Химиялық талшықтар
|
млн. т
|
1,8
|
4,8
|
8,2
|
10,4
|
16,2
|
38,0
|
5.
|
(нарықтық үлесі)
|
%
|
12,0
|
20,5
|
27,1
|
26,2
|
30,0
|
24,0
|
6.
|
Химиялық жіптер
|
млн. т
|
1,5
|
4,0
|
5,9
|
8,9
|
15,5
|
85,0
|
7
|
(нарықтық үлесі)
|
%
|
10,1
|
17,1
|
19,4
|
22,4
|
28,7
|
53,0
|
8.
|
Барлығы
|
млн. т
|
14,6
|
23,2
|
30,3
|
39,8
|
54,1
|
160,0
|
9.
|
Өсу қарқыны (алдыңғы кезеңге шаққанда)
|
%
|
-
|
4,7
|
2,7
|
2,8
|
3,1
|
2,2
|
10
|
Жер шарының тұрғындары
|
Млр адам
|
3,0
|
3,6
|
4,4
|
5,3
|
6,1
|
9,2
|
11
|
1адамға шаққандағы талшықтарды тұтыну
|
кг/адам
|
4,7
|
6,2
|
6,7
|
7,5
|
8,8
|
17,3
|
Ескертпе: Мәліметтер [24] дерек көзі бойынша есептелген.
Кесте мәліметтері химиялық талшықтарды тұтыну жылдан-жылға артқанын, 2040 жылға дейін барлық талшықтар мен жіптердің 50%-ын қамтитын көрсетеді. Тұрғын халықтың санының артуы талшықтарды пайдаланудан аз болуы мүмкін. Демек, Қазақстан Республикасы тоқыма және тігін өнеркәсібінің осы үрдістен өз орнын табуға ұмтылуы қажет.
Тоқыма және тігін өнеркәсібі дамуының негізі болып, фундаментальды және қолданбалы зерттеулердің нәтижелері, тауардың тұтынушылық қасиеттерін арттыратын жаңа материалдарды, өнімнің жаңа үлгілерін, жаңа технологияларды жасау жатады. Қазақстан Республикасында жібек, астарлық маталарды, тігін жіптерін, қосымша материалдарды, молния-замоктарды, синтетикалық және жасанды талшықтарды шығаратын бір де бір кәсіпорынның жоқ екенін айта кету керек.
Ауыл шаруашылық кешенін басқару сұрақтары байсалды ойлануды талап етеді. Мамандану есебімен құрылған, міндетті түрдеи сервисті бөлімшелері бар ауыл шаруашылық кооперацияларын қолдау керек. Сол жағдайда "Өндіріс - өндеу - сақтау — тасымалдау - өткізу" циклы аяқталған тізбек болады.
Ғылыми және инновациялық зерттеулердің басыңқы бағдарлары болып:
-
тоқыма өнеркәсібіне ресурс үнемдейтін, экологиялық таза технологияларды жасау;
-
сорбциялық сиымдылығы және селективтілігі жоғары тоқыма материалдарын және технологияларын ойластыру;
-
аз сызықтық тығыздықты жеңілдетілген жартылай жүн маталарын табу жатады.
Өнеркәсіпте ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалану "ғылым - өндіріс" тізбегінің қай кезде де осал тұсы болғаны анық. Нарықтық қатынастар кәсіпорындарды ғылыми-техникалық ізденістерді қолдануға мәжбүрлейді деу артық айтқандық болар еді. Бұл мәселе кәсіпорындардың төмен қаржылық жағдайымен, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуді ынталандыратын заңдылықтың жоқтығынан ушыға түседі.
Нарықтың дамуы, бәсеке, тұтынушылар талаптары сапа түсінігін кеңейте түсіп, кәсіпорындардың бәсекеқабілеттілік және сенімділік факторы ретінде қарастырылатын болды. Тауар өндірушілер және тұтынушылар арасындағы қатынастар қазіргі кезде тиімді сапаны басқару жүйесін қажет етеді.
Қазір тоқыма және тігін өнеркәсібінің өнімдерінің сапасы ҚР-ның "Стандарттау туралы", "Сертификаттау туралы" заңдарына және "Сапа" бағдарламасына сәйкес жүргізіледі . Аталған зандар мен бағдарламаның басты мақсаттары адам өміріне, қоршаған ортаға қауіпсіз және бәскекеқабілетті өнім өндіру болып есептеледі.
Қазақстан экономикасының түрлі салаларындағы ұйымдар мен кәсіпорындарда халықаралық сапа стандарттары талаптарына көшу әлуеті бар. Қазір көптеген кәсіпорындарды менеджмент жүйесі жұмысының дұрыстығы және ақырғы өнімнің сапасы толғандырады. Сондықтан сапа менеджменті жүйесін енгізу процессі өзекті болып отыр. Халықаралық деңгейде сапа менеджменті деген атауға ие болған жүйенің негізіне халықаралық сапа стандарттары, менеджменттің өзары байланысқан жүйесі және сапаны жалпы басқару жүйесі жатады .
ISO халықаралық стандарттары жалпы сипатта болады және өнеркәсіптің немесе экономиканың нақты саласынан тәуелді болмайды. Ұйым қажеттіліктерінің әртүрлілігіне байланысты халықаралық стандарттар мақсаты сапа жүйелерінің біртүрлілігін қалыптастыруда емес.
Сапа жүйесін тұрғызу және тәжірибеде қолдану нақты ұйымның міндеттерімен, өнімімен, процестерімен және жеке тәсілдемесімен анықталады. ISO халықаралық стандарттары сапа жүйесі қандай элементтерден тұратынын көрсеткенмен, нақты кәсіпорын қалай өткізетінін көрсетпейді. Тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру және тиімділікті барынша қамтамасыз ету үшін сапа жүйесінің қызметтің немесе ұсынылатын өнімнің нақты түріне сай келуі керек .
Бұл жүйе тек кәсіпорынның ішкі құрылымын жақсартып және тиімділігін арттырып қоймай, әлемге танымал ISO халықаралық стандартын алуға да мүмкіндік береді. Мысалы: ISO 9000 стандарты бойынша сертификацияланатын компаниялар мемлекеттік жәке жеке тендерлердің тұрақты қатысушы болып қалады. ISO 9000:2001 стандартының мәні өндірістік процестерді үнемі жақсартуды білдірсе, ISO 14001 сертификациялық жүйесі бар компанияның үшін тұтынушыларға, жергілікті халыққа, үкіметке және қоғамға жолы ашық .
Осы ISO жүйесін енгізу процесіне кәсіпорындардың көп санын тартып қана қоймай, оларда болатын қайта құрылымдаудан қорықпау қажеттігін айту орынды. Қазақстандағы бірлескен немесе шетел компаниялары тоқыма және тігін бұйымдарымен жабдықтайтын отандық кәсіпорындарды тандағанда, халықаралық стандарттар бойынша сапа сертификатының болғаныны тартымды. Өкінішке орай, кәсіпорындар көп жағдайда оны ұсына алмайды.
Қазір бұл стандарттар әлемнің 73 елінде қолданылады. Қазақстан Республикасында ISO 9000 стандарттарын енгізіп, ҚР СТ ISO 9000-2001 талаптарын дайындады. І8О халықаралық стандарттарын енгізуге әрбір кәсіпорын ерікті болғанымен, оны енгізу қажеттілігін нарық талаптары анықтап отыр. ISO 9000-2001 талаптарын кәсіпорынға енгізу сапаны жалпы басқару негіздеріне сәйкес және 4 деңгейде жүргізіледі:
-
Стандартқа сәйкестігі;
-
Пайдалануға сәйкестігі;
-
Нарықтың нақты талаптарына сәйкестігі;
-
Ерекше талаптарға сәйкестігі.
Қазақстан Республикасының тоқыма және кілем өнеркәсібінің кәсіпорындарында, оның ішінде біз "Алматы кілем", "Алматы мақта" ЖШС, ІSO халықаралық стандарттарын енгізу бойынша жұмыстар әзірше тек бағдарда ғана бар. 2003 жылдың 7-қарашасында Алматы қаласында жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындар Қауымдастығы өткізген "ІSO стандарттарын жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында енгізу" семинарына қатысқан тоқыма және кілем өнеркәсібі кәсіпорындары басшылары халықаралық стандарттарды кәсіпорындарға енгізу қажеттілігімен келісті.
Әлемге танымал стандарттарды енгізу халықаралық сауда және өнеркәсіптік қатынастарына жол ашады. Бұл сондай-ақ, Бүкіл әлемдік Сауда Ұйымына кіруді оңтайландырады.
Әлемдік экономикада терең өзгерістер болып жатыр. Олардың сипаты мен серпініне баға беру үшін белгілі бір уақыт мерзімі қажет емес. Қазірдің өзінде де бүл өзгерістердің сипаты анықтальш келе жатыр, олардың барлығы да ғаламдандырумен тікелей байланысты. Тоқыма және кілем өнеркәсібінің әлемдік дамуында келесідей бағдарларды анықтадық:
-
тоқыма және кілем өнеркәсібі азия елдерінде қарқынды дамып келеді, оған еңбек ақының, энергияның төмен болуы әсер етіп, экспорттық мүмкіншіліктері мен өндірістік әлуеті жыддан-жылға арта түсуде;
-
орта сапалы, көлемі шектелмеген өнімдер Еуропалық Одақтан,
АҚШ-тан, Жапониядан тыс мемлекеттерде өндірілуде;
-
дамушы елдердің шығаратын тоқыма бұйымдарының сапасы жоғарылауда;
-
экономикасы дамыған елдерде технологиясы күрделі, сәнді, модельдік бұйымдар өндірісі даму үстінде.
Дамушы индустриалдық елдердегі фабрикаларды қаржыландырудың нұсқасын зерттей келе, А.Ормирод бүл тәжірибенің дамыған елдер үшін де пайдалы болатынын айтады. Қаржыландырудың жалпы формуласы келесідей: кәсіпорын капиталының 51%-ы меншік капиталы, 49%-ы қарыз капиталы, өтеу мерзімі 2-3 жыл болуы керек. Қаржыландырудың осы нысанын Халықаралық қаржыландыру корпорациясы (ІҒС), еуропалық инвестициялық банк (ЕІВ), Африкандық даму банкісі (АІВ) қолдайды .
Ұлттық экономикалардың өзара тартылысының бір-біріне әсер етуі реттеуді қажет ететін кезеңге жетті. Әлемдік экономиканың дамуында 1950-2000 жылдар аралығында әлемдік өндірістің 7 есе, әлемдік экспорт көлемі 20 есе, әлемдік өнеркәсіптік өндіріс 10 есе, оны сыртқа шығару-35 есе артқанын көруге болады.
Әлемдік шаруашылықтың ашықтығы жағдайында аса маңызды орын Бүкіл Әлемдік Сауда Ұйымына (БСҰ) беріледі. Себебі, ол халықаралық сауданың либерализациясы мен дамуын қамтамасыз етуші субьект болып табылады.1947 жылы құрылған Сауда мен Тарифтер бойынша Бас келісімнің мұрагері болып табылатын БСҰ өз қызметін 1995 жылдың қаңтарынан бастады. БСҰ - әлемдік деңгейдегі ірі ұйым ғана емес, қызметіне жүздеген келісім жүргізушілер, эксперттер қатысатын, үдемелі дамып және өзгеріп отыратын кұрделі механизм болып табылады. Басқа халықаралық ұйымдармен салыстырганда БСҰ-ң ерекшелігі — миллиардтаған сомалармен бағаланатын мәмілелерді бақылайды, нәтижесінде тұтынушылардың және нақты компаниялардың мүдделерін көздейтін тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импортының ережелері белгіленеді .
БСҰ халықаралық сауданың максималды мүмкін
болжамдығы мен еркіндігін қамтамасыз ету және сауда, сауда шекаралары бойынша қатысушы-елдер арасындағы кез-келген сұрақтарды шешу үшін халықаралық сауда ережелерін әзірлейтін, әлемдік деңгейдегі бірден-бір ұйым.
БСҰ-на кіру үрдісі Қазақстан үшін 1996 жылдың қаңтарында басталды және осы шараның нәтижелері біздің ел өмірінің барлық тұстарын, экономиканың барлық салаларын, отандық немесе импортгық өнімнің тұтынушылыры мен өндірушілерін қамтиды. Бүл ғаламды мәселе, оны әлемдік экономиканы ғаламдандыру деңгейінде қарастырған жөн. Осы беталыс отандық тоқыма және кілем өнеркәсібінің кәсіпорындарын, олардың тұтынушыларын айналып өтпейді.
Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларының БСҰ-на кіру дайындығының әртүрлілігін, осы БСҰ-на кіруден бірдей деңгейде қайтарым алмайтындығын айта кету керек. БСҰ-на кіруден тез қайтарым экспорттаушы-салаларда, қазіргі заман талаптарына сай жоғары бәсекеқабілетті технологиясы мен құрал-жабдығы бар, әлемдік деңгейде сапа және өнімнің өзіндік қүны бойынша жұмыс жасайтын салаларда болады.
Қазақстанда қызметі экспортқа бағытталған жеке салалар мен кәсіпорындар бар, бірақ әлемдік нарықта толық бәсеке қабілетті салалар мен жеке кәсіпорындар жоқтың қасы. Сондықтан БСҰ-на өту Қазақстан экономикасы үшін күрделі, көп жылдық болса да қажетті міндеттердің бірі. Бірақ, бұл шараны өткізбей отандық экономика дамуға ынтасыз, бәсекеқабілетсіз болып қала бермек.
Соңғы 10-15 жылдардың тәжірибесі БСҰ-на өткен дамушы елдер (Оңтүстік Корея, Қытай, Түркия) өндірістің барлық түрлерінің технологиялық және техникалық деңгейін көтеріп, экспорт үлесін арттырғанын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы БСҰ-на мүше болып кіргеннен кейін, отандық тоқыма және кілем өнеркәсібінде қандай өзгерістер болмақ? БСҰ-на өту үшін қандай қиыншылықтар мен ұтымдылықтар бар?
Біздің ойымызша, қиыншылықтарға төмендегілерді жатқызуға болады:
- Бәсекеқабілетті технология мен өнімді қамтамасыз ете алмайтын құрал-жабдықтардың тозған, қазіргі заман талаптарына сай емес паркі;
-
Ұзақ мерзімді, көп сатылы, шығынды технологияларды қажет етумен бірге кәсіпорындарда айналым қаражаттарының жетіспеушілігі;
-
Кәсіпорындардағы менеджменттің орташа деңгейі.
Тоқыма және одан өнім өндірушілердің БСҰ-на кіруіне жеңілдіктерді келесі сипаттардан көреміз :
- Дамыған және дамушы елдердегі еңбек ақы деңгейімен салыстырғандағы жүмыскерлердің еңбек ақы деңгейінің төмендігі. Бұл көрсеткіш өнімнің өзіндік құнында аз үлестік салмақты алатын болғандықтан, баға бойынша бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз етіп, ішкі және сыртқы инвестицияларды тартуы керек. Осы себептен, Батыс Европа, АҚШ, Жапониядан технологиямен бірге капиталдың көші дамушы елдерге бет бұрды. Дамушы елдерде өндірілген өнім дамыған елдерге өткізіледі. Осылайша, еңбектің, капиталдың, ақырғы өнімнің және пайданың еңбек бөлінісі жүргізіледі. Бүл жерде барлығы да, дамушы елдер де ұтыста, оларда жүмыс орындары ашылады, қазіргі кезге сай технологиялар енгізіледі, еңбек ақы мен тұрғын халықтың әл-ауқаты артады.
-
Жеке қазақстандықтың салыстырмалы түрдегі төмен төлем қабілеттілігіне қарамастан, жалпы қазақстандық жиынтық тұтыну нарығының жоғар төлем қабілеттілігі. Осындай кең нарықта тоқыма және тігін өнімдерінің отандық және шетелдік өндірушіліерінің бәріне орын табылады. Киім мен тоқыманың отандық өндірушілері үшін ішкі тұтыну нарығы көлемінің 50-60%- ын игерудің өзі де өндірісті дамыту үшін жеткілікті болар еді.
-
Сапасыз импорттың ағынын жоғары баж салықтарымен емес
(БСҰ-ның ережелеріне қарсы), өркениетті сертификация өткізіледі. Осындай жүйеде ешқандай сертификациялау органдары керек болмай қалады.
-
Достарыңызбен бөлісу: |