медициналық-санитариялық көмек көрсетуге құқығы
бар заңды және жеке тұлғалар
1. Қазақстан Республикасында нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсетуге осы қызметпен айналысуға тиiстi лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалардың ғана құқығы бар.
2. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсету жөнiндегi қызметке лицензия беру тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
3. Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға наркологиялық ұйымдар немесе нарколог-дәрiгерлер көрсететiн медициналық-санитариялық көмектiң түрлерi жарғылық құжаттар мен лицензияларда көрсетiледi. Олар туралы ақпарат тiлек бiлдiрушiлердiң бәрiне берiледi.
37-бап. Наркологиялық көмектi қаржыландыру
Нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-санитариялық көмек көрсететiн мемлекеттiк ұйымдарды қаржыландыру бюджет қаражатының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де көздердiң есебiнен жүзеге асырылады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
38-бап. Есiрткi, психотроптық заттар мен пркурсорлар
айналымы саласындағы бұзылушылықтар үшiн
жауаптылық
Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымы саласындағы бұзушылықтар үшiн жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Әкiмшiлiк және қылмыстық жауапқа тартқан жағдайда Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиiстi есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар тiзiмi және Заңсыз айналымда жүргенi анықталған есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды шағын, iрi және өте iрi мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кесте қолданылады (1, 2-қосымшалар).
Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.05.31 N 327, өзгерту енгiзiлдi - 2006.12.29 N 209 Заңдарымен.
"Есiрткi, психотроптық заттар,
прекурсорлар және олардың
заңсыз айналымы мен терiс
пайдаланылуына қарсы iс-қимыл
шаралары туралы" 1998 жылғы
10 шiлдедегi N 279-I Қазақстан
Республикасының Заңына
1-қосымша
Ескерту. 1-қосымша 2002 жылғы "Қазақстан Республикасы Парламентi Жаршысында" жарияланған, N 10 қосымша, 106-құжат.
Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.03.02 N 130 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиiстi Есiрткi,
психотроптық заттар мен прекурсорлардың
ТIЗIМI
Осы Тiзiм Қазақстан Республикасы 1998 жылы қосылған 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы Бiрыңғай Конвенция Тiзiмдерiнiң, 1971 жылғы Психотроптық заттар туралыконвенцияның және 1988 жылғы Есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы конвенцияның негiзiнде жасалды.
Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға жататын Есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың тiзiмi төрт кестеден және тiзiмнен тұрады. I, II және III кестелердегi заттардың атаулары Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынған халықаралық тiркелмеген атауларға, 1961 жылғы Есiрткi заттар туралы бiрыңғай конвенцияда, 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияда көрсетiлген атаулар мен сипаттамаларға, сондай-ақ басқа да тiркелмеген атауларға сәйкес келедi. Төменде олардың сипаттамасы немесе химиялық атауы келтiрiледi.
I-кестеге медициналық мақсатта пайдалануға тыйым салынған есiрткi және психотроптық заттар енгiзiлген (1961 жылғы Конвенцияның IV тiзiмi мен I тiзiмiнiң бiр бөлiгi және 1971 жылғы Конвенцияның I тiзiмi).
II кестеге медициналық мақсатта пайдаланылатын және қатаң бақылаудағы (1961 жылғы Конвенцияның I тiзiмнiң бөлiгi, II тiзiмi және 1971 жылғы Конвенцияның II тiзiмi) есiрткi және психотроптық заттар енгiзiлген.
III кестеге медициналық мақсатта пайдаланылатын және бақылаудағы есiрткi және психотроптық заттар енгiзiлген (1961 жылғы Конвенцияның III тiзiмi мен 1971 жылы Конвенцияның III және IV тiзiмдерi).
IV кестеге бақылаудағы прекурсорлар (есiрткi және психотроптық заттарды заңсыз дайындау кезiнде жиi пайдаланылатын химиялық заттар мен өсiмдiктер) енгiзiлген (1988 жылғы Конвенцияның I және II кестелерi).
Құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар, Қазақстан Республикасында бақылауға жататын және ветеринарияда қолдануға рұқсат етiлген дәрi-дәрмек құралдарының тiзiмiне тиiстi лицензия болған кезде диагностикалық, емдiк және профилактикалық құралдар ретiнде пайдаланылуы мүмкiн дәрi-дәрмек препараттары енгiзiлген.
Есiрткi немесе психотроптық заттарға олардың препараттары да жатады, олардың атаулары (синонимдерi) Тiзiмге енгiзiлмеген.
I КЕСТЕ
МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҚСАТТА ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЕСIРТКI
ҚҰРАЛДАРЫ МЕН ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ТIЗIМI
А. ЕСIРТКI ЗАТТАР
1. АЛЛИЛПРОДИН
2. АЛЬФАМЕПРОДИН
3. АЛЬФАМЕТАДОЛ
4. АЛЬФА-МЕТИЛФЕНТАНИЛ
5. АЛЬФА-МЕТИЛТИОФЕНТАНИЛ
6. АЛЬФАПРОДИН
7. АНИЛЭРИДИН
8. АЦЕТИЛ-АЛЬФА-МЕТИЛФЕНТАНИЛ
9. АЦЕТИЛДЕНДIРIЛГЕН АПИЫН
апиынды ацетилдендiру жолымен алынатын, құрамында есiрткiлiк
белсендi алкалоидтар, оның iшiнде морфин, кодеин, тебаин бар өнiм
және оларды ацетилдендiру өнiмдерi - әртүрлi арақатынастардағы
ацетилкодеин, моноацетилморфин, диацетилморфин;
10. АЦЕТОРФИН
11. БЕНЗЕТИДИН
12. БЕЗИТРАМИД
13. БЕТА-ГИДРОКСИ-3-МЕТИЛФЕНТАНИЛ
14. БЕТА-ГИДРОКСИ ФЕНТАНИЛ
15. БЕТАМЕПРОДИН
16. БЕТАМЕТАДОЛ
17. БЕТАПРОДИН
18. БЕТАЦЕТИЛМЕТАДОЛ
19. ГАШИШ, АНАША
Каннабис өсiмдiгi тозаңының арнайы дайындалған қоспасы немесе
қоспаға ұнтақ iспеттi ме, таблетка ма, түйiршiкте, нығыздалған
плитка ма, паста ма және басқадай ма қандай нысан берiлгенiне
қарамастан әртүрлi толықтырушылары бар каннабис өсiмдiгiнiң басым
өңдеу (ұнтақтау, жаншу және т.б.) жолымен дайындалған қоспа;
20. ГЕРОИН
21. алып тасталды
22. ГИДРОКСИПЕТИДИН
23. ДЕЗОМОРФИН
24. ДИАМПРОМИД
25. ДИФЕНОКСИН
26. ДИЭТИЛТИАМБУТЕН
27. ДИМЕНОКСАДОЛ
28. ДИМЕПГЕПТАНОЛ
29. ДИМЕТИЛТИАМБУТЕН
30. ДИОКСАФЕТИЛ БУТИРАТ
31. ДИПИПАНОН
32. ДРОТЕБАНОЛ
33. ИЗОМЕТАДОН
34. МАРИХУАНА (КАННАБИС) (CANNABIS) - Саnnabis тектес өсiмдiктiң уақталған немесе уақталмаған жоғары бөлiктерi - кептiрiлген немесе кептiрiлмеген түрдегi жапырақтары мен гүлшоғырлары;
35. КЕТОБЕМИДОН
36. КЛОНИТАЗЕН
37. КОДОКСИМ
38. КОКАИН
кокаин гидрохлоридiнен басқа бензоилэекгониннiң метил эфирi,
39. КОКА ЖАПЫРАҒЫ
"Кока жапырағы" барлық эгонин, кокаин және кез келген басқа да
экгонин алколоидтары алынған жапырақтарды қоспағанда кокаин бұтағын
бiлдiредi.
40. КӨКНӘР САБАҒЫ (POPPY STRAW)
Тұқымдары мен тамырларын қоспағанда, құрамында есiрткiлiк
белсендi алкалоидтар (морфин, кодеин, тебаин) бар кез келген
тәсiлмен жиналған ұйықтататын көкнәр түрiндегi өсiмдiктердiң кез
келген түрi мен сортындағы өсiмдiктiң барлық бөлiгi;
41. МЕТАДОННЫҢ АРАЛЫҚ ӨНIМI
42. 3-МЕТИЛФЕНТАНИЛ
42. 3-МЕТИЛТИОФЕНТАНИЛ
44. 0-3-МОНОАЦЕТИЛМОРФИН
(3-Моnоасеtуlмоrрhinе, 3-0-Асеtуlмоrрhinе) - ацетилдендiрiлген апиынды құрайтын негiзгiнiң бiрi ретiнде жиi
кездесетiн морфиндi толық ацетилдендiрмеу өнiмi;
45. 0-6-МОНОАЦЕТИЛМОРФИН
(6-Моnоасеtуlмоrрhinе, 6-0-Асеtуlмоrрhinе) - ацетилдендiрiлген апиынды құрайтын негiзгiнiң бiрi ретiнде жиi
кездесетiн морфиндi толық ацетилдендiрмеу өнiмi;
46. МОРАМИДА, АРАЛЫҚ ӨНIМ
47. МОРФИН МЕТОБРОМИД
Морфиннiң басқа да метилаттары
48. МОРФИН-N-ОКСИД
49. МППП
50. НОРАЦИМЕТАДОЛ
51. НОРКОДЕИН
52. НОРМЕТАДОН
53. НОРМОРФИН
Диметилморфин
54. НОРПИПАНОН
55. АПИЫН (ҰЙЫҚТАТАТЫН КӨКНӘР)
Papaver somniferum L түрiнiң өсiмдiгi
56. ПАРА-ФЛУОРОФЕНТАНИЛ
57. ПЕПАП
58. ПЕТИДИН
59. ПЕТИДИННIҢ А, В, С АРАЛЫҚ ӨНIМI
60. ПИМИНОДИН
61. ПРОГЕПТАЗИН
62. ПРОПЕРИДИН
63. КАННАБИС (СОРА) ӨСIМДIГI - құрамында тетрагидроканнабинол бар (егер олар өсiмдiктiң өзiмен немесе өсiмдiктiң басқа бөлiктерiмен бiрге болмаса, тұқымы мен тамырын қоспағанда) Саnnabis тектес кез келген өсiмдiк;
64. КАННАБИС ШАЙЫРЫ
Каннабис шайыры - каннабис өсiмдiгiнен бөлiнiп алынған
тазартылған немесе тазартылмаған шайыры бiлдiредi.
65. ТИОФЕНТАНИЛ
66. ФЕНАДОКСОН
67. ФЕНАМПРОМИД
68. ФЕНОМОРФАН
69. ФЕНОПЕРИДИН
этил эфирi 1-(3-гидрокси-3-фенилпропил)-4-фенилпиперидин
4-4-карбон қышқылы
70. ЭКГОНИН
Экгонин мен оның күрделi эфирлерi және экгонин мен кокаинге
айналуы мүмкiн болатын оның туындылары
71. КАННАБИС СЫҒЫНДЫСЫ (ГАШИШ МАЙЫ)
Каннабис, каннабистi сығу жолымен алынған органикалық
ерiткiшпен немесе өсiмдiк майымен және т.б. араластырылған
каннабистiң қоспасы
72. ЭТИЛМЕТИЛТИАМБУТЕН
73. ЭТОНИТАЗЕН
74. ЭТОРФИН
осы Кестеде аталған есiрткi заттардың күрделi және жай
эфирлерi, олар мұндай күрделi және жай эфирлер болуы мүмкiн барлық
жағдайларда;
осы Кестеде аталған есiрткi заттардың изомерлерi, мұндай
изомерлер болуы мүмкiн жағдайларда (егер осындайлар белгiлi бiр
түрде алып тасталмаса);
осы Кестеде аталған барлық есiрткi заттардың күрделi
эфирлердiң, жай эфирлердiң және изомерлердiң тұздарын қоса
алғандағы тұздары, жоғарыда көзделгендей, мұндай тұздар болуы
мүмкiн барлық жағдайларда.
В. ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР
1. АМИНОРЕКС
2. БРОЛАМФЕТАМИН - ДОБ
3. ДМА
4. ДМГП
5. ДМТ
6. ДОЭТ
7. ДЭТ
8. КАТИНОН
9. (+)-ЛИЗЕРГИД, ЛСД, ЛСД 25
10. МДМА
11. 4-МТА
12. МЕКЛОКВАЛОН
13. ММДА
14. N-ГИДРОКСИ МДА
15. N-ЭТИЛ МДА
16. МЕСКАЛИН
17. МЕТАКВАЛОН
18. МЕТАМФЕТАМИН (ПЕРВИТИН)
19. МЕТАМФЕТАМИН РАЦЕМАТ
20. 4-МЕТИЛАМИНОРЕКС
21. МЕТКАТИНОН (ЭФЕДРОН)
22. ПАРАГЕКСИЛ
23. ПМА
24. САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРДЫҢ КЕЗ-КЕЛГЕН ТҮРIНIҢ ТҮЙНЕГI (КЕЗ КЕЛГЕН БӨЛIГI)
мысалы, психотроптық заттары бар COPRINUS MICACES
(кептiрiлген де, кептiрiлмеген уақталған), сондай-ақ бұл
саңырауқұлақтарды қайта өңдеу өнiмдерi, оның iшiнде психотроптық
заттары бар қолдан дайындалған препараттар (псилобицин, псилоцин
және басқалары)
25. ПСИЛОЦИБИН
26. ПСИЛОЦИН, ПСИЛОТСИН
27. РОЛИЦИКЛИДИН (ФЦП)
28. СТП, ДОМ
29. ТЕНАМФЕТАМИН, МДА
30. ТЕНОЦИКЛИДИН, ТЦП
31. ТЕТРАГИДРОКАННАБИНОЛ, оның барлық изомерлерi мен олардың
стереохимиялық нұсқалары
32. TMA (TMA)
33. ФЕНЦИКЛИДИН, ПЦП
34. ЭТИЦИКЛИДИН, ФЦГ
35. ЭТРИПТАМИН
36. БДБ
37. МБДБ
Осы Кестеде аталған заттардың тұздары, мұндай тұздар болуы
мүмкiн барлық жағдайларда.
II КЕСТЕ
МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҚСАТТА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ЖӘНЕ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДАҒЫ
ЕСIРТКI ЖӘНЕ ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ТIЗIМI
А. ЕСIРТКI ЗАТТАР
1. АЛЬФАЦЕТИЛМЕТАДОЛ
2. АЛЬФЕНТАНИЛ
3. АЦЕТИЛДИГИДРОКОДЕИН
4. АЦЕТИЛМЕТАДОЛ
5. БЕНЗИЛМОРФИН
6. ГИДРОКОДОН
7. ГИДРОМОРФИНОЛ
8. ГИДРОМОРФОН
9. ДЕКСТРОМОРАМИД
10. ДЕКСТРОПРОПОКСИФЕН
11. ДИГИДРОКОДЕИН
12. ДИГИДРОМОРФИН
13. ДИФЕНОКСИЛАТ
14. КОДЕИН
15. алып тасталды
16. КОКАИН ГИДРОХЛОРИДI
17. ЛЕВОМЕТОРФАН
18. ЛЕВОМОРАМИД
19. ЛЕВОРФАНОЛ
20. ЛЕВОФЕНАЦИЛМОРФАН
21. МЕТАДОН
22. МЕТАЗОЦИН
23. МЕТИЛДЕЗОРФИН
24. МЕТИЛДИГИДРОМОРФИН
25. МЕТОПОН
26. МИРОФИН
27. МОРФЕРИДИН
28. МОРФИН
29. алып тасталды
30. МОРФИН ГИДРОХЛОРИДI
31. НИКОДИКОДИН
32. НИКОКОДИН
33. НИКОМОРФИН
34. НОРЛЕВОРФАНОЛ
35. ОКСИКОДОН
36. ОКСИМОРФОН
37. ОМНОПОН
38. АПИЫН
көкнәр өсiмдiгiнiң есiрткiлiк белсендi алколоидтары бар
қоюланған сөлi
39. ПИРИТРАМИД (ДИПИДОЛОР)
40. ПРОМЕДОЛ
41. ПРОПИРАМ
42. ПРОСИДОЛ
43. РАЦЕМЕТОРФАН (ДЕКСТРАМЕТОРФАН, ДИМОРФАН)
44. РАЦЕМОРАМИД
45. РАЦЕМОРФАН
46. СУФЕНТАНИЛ
47. ТЕБАИН
(апиын алкалоиды)
48. ТЕБАКОН
49. ТИЛИДИН
50. ТРИМЕПЕРИДИН
51. ФЕНАЗОЦИН
52. ФЕНТАНИЛ
53. ФОЛЬКОДИН
54. ФУРЕТИДИН
55. ЭКСТРАКЦИЯЛЫҚ АПИЫН
Құрамында апиынды алкалоидтар, оның iшiнде есiрткiсi күштi
морфин, кодеин, тебаин бар ұйықтататын көкнәр түрiндегi апиын
шикiзатынан немесе сабағынан әртүрлi ерiткiштермен ажыратып алу
жолымен алынатын өнiм.
56. ЭТИЛМОРФИН
57. ЭТОКСЕРИДИН
және осы Кестеде аталған есiрткi заттардың стереоизомерлерi,
осы нақты химиялық таңбалаудың шеңберiнде мұндай изомерлердiң болуы
мүмкiн жағдайларда (егер осындайлар белгiлi бiр түрде алып
тасталмаса);
изомерлердiң тұздарын қоса алғандағы осы Кестеде аталған
барлық есiрткi құралдарының тұздары, жоғарыда көзделгендей, мұндай
тұздар болуы мүмкiн барлық жағдайларда.
В. ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР
1. АМФЕТАМИН
2. БУПРЕНОРФИН (НОРФИН)
3. ГЛЮТЕТИМИД (НОКСИРОН)
4. ДЕКСАМФЕТАМИН
5. ЛЕВАМФЕТАМИН
6. ЛЕВОМЕТАМФЕТАМИН
7. МЕТИЛФЕНИДАТ
8. ПЕМОЛИН
9. ПЕНТОБАРБИТАЛ
10. СЕКОБАРБИТАЛ
11. 2С-В
12. ФЕНЕТИЛЛИН
13. ФЕНМЕТРАЗИН
14. ЦИПЕПРОЛ
15. ЭТИЛАМФЕТАМИН
осы Кестеде аталған заттардың тұздары, мұндай тұздар болуы
мүмкiн барлық жағдайларда.
III КЕСТЕ
МЕДИЦИНАЛЫҚ МАҚСАТТА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ЖӘНЕ БАҚЫЛАУДАҒЫ
ЕСIРТКI ЖӘНЕ ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ТIЗIМI
А. ЕСIРТКI ЗАТТАР
1. Олардың бiр немесе бiрнеше ингредиенттермен қосылуы және
бөлiнбеген препараттарда 2,5 проценттен аспайтын қоспа кезiнде бiр
дозасында 100 мг астам есiрткi құралдарын қамтуы жағдайларында
ацетилдигидрокодеиннiң,
кодеиннiң,
дигидрокодеиннiң,
никокодиннiң,
никодикодиннiң және
фолькодиннiң,
этилморфиннiң препараттары.
2. Бiр дозасында 100 мг астам пропирамы бар және кемiнде
метилцеллюлозаның осындай мөлшерiмен қосылған пропирам препараты.
3. Бiр дозасында 135 мг астам декстропропоксивенi бар және
ажыратылмаған препараттарда ең көбi 2,5 процент концентрацияланған
жағдайдағы, ауыз арқылы пайдалануға арналған декстропропоксивен
препараттары, мұндай препараттарда 1971 жылғы Психотроптық заттар
туралы конвенцияға сәйкес бақылаудағы қандай да болсын заттар
болмаған жағдайда.
4. Сусыз морфин-негiзге қайта есептегенде 0,2 проценттен
аспайтын морфинi бар және есiрткi құралы оңай жүзеге асырылатын
тәсiлдердiң көмегiмен немесе халық денсаулығына қауiп төндiруi
мүмкiн мөлшерде аталған препараттан алынбайтын бiр немесе бiрнеше
ингридиенттермен қосылған апиын немесе морфин препараттары.
5. Бiр дозасында 0,5 мг аспайтын дифеноксилаты және мөлшерi
дифеноксиннiң дозасының 5 процентiнен кем емес мөлшерге бара-бар
атропин сульфаты бар дифеноксилат препараты.
6. Дифеноксилаттың дозасының 1 процентiнен кем емес мөлшерге
бара-бар атропин сульфаттың негiзi мен мөлшерiне қайта
есептегендегi бiр дозаға 2,5 мг дифеноксилатты бар дифеноксилат
препараты.
7. Осы Кестеде көрсетiлген формулалардың қандай да болсын
бiреуiмен жасалған препараттар мен мұндай препараттардың есiрткi
заттар жоқ кез келген затпен қоспасы.
В. ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР
1. АЛЛОБАРБИТАЛ
2. АЛЬПРАЗОЛАМ
3. АМОРБАРБИТАЛ
4. АМФЕПРАМОН
5. БАРБИТАЛ
6. БЕНЗФЕТАМИН
7. БРОМАЗЕПАМ
8. БРОТИЗОЛАМ
9. БУТАЛБИТАЛ
10. БУТОБАРБИТАЛ
11. ВИНИЛБИТАЛ
12. ГАЛАЗЕПАМ
13. ГАЛОКСАЗОЛАМ
14. Гамма-оксимайлы қышқыл (ГОМҚ);
15. ДЕЛОРАЗЕПАМ
16. ДИАЗЕПАМ
17. ЗОЛПИДЕМ
18. КАМАЗЕПАМ
19. КАТИН
20. КЕТАЗОЛАМ
21. КЛОБАЗАМ
22. КЛОКСАЗОЛАМ
23. КЛОНАЗЕПАМ
24. КЛОРАЗЕПАТ
25. КЛОИТИАЗЕПАМ
26. ЛЕФЕТАМИН
27. ЛОПРАЗОЛАМ
28. ЛОРАЗЕПАМ
29. ЛОРМЕТАЗЕПАМ
30. МАЗИНДОЛ
31. МЕДАЗЕПАМ
32. МЕЗОКАРБ
33. МЕПРОБАМАТ
34. МЕТИПРИЛОН
35. МЕТИЛФЕНОБАРБИТАЛ
36. МЕФЕНОРЕКС
37. МИДАЗОЛАМ
38. НИМЕТАЗЕПАМ
39. НИТРАЗЕПАМ
40. НОРДАЗЕПАМ
41. ОКСАЗЕПАМ
42. ОКСАЗОЛАМ
43. ПЕНТАЗОЦИН
44. ПИНАЗЕПАМ
45. ПИПРАДРОЛ
46. ПИРОВАЛЕРОН
47. ПРАЗЕПАМ
48. СЕКБУТАБАРБИТАЛ
49. ТЕМАЗЕПАМ
50. ТЕТРАЗЕПАМ
51. ТРИАЗОЛАМ
52. ФЕНДИМЕТРАЗИН
53. ФЕНКАМФАМИН
54. ФЕНОБАРБИТАЛ
55. ФЕНПРОПОРЕКС
56. ФЕНТЕРМИН
57. ФЛУДИАЗЕПАМ
58. ФЛУРАЗЕПАМ
59. ФЛУНИТРАЗЕПАМ
60. ХЛОРДИАЗЕПОКСИД
61. ЦИКЛОБАРБИТАЛ
62. ЭСТАЗОЛАМ
63. ЭТИНАМАТ
64. ЭТИЛ ЛОФЛАЗЕПАТ
65. ЭТХЛОРВИНОЛ
Ескерту. Осы Кестеде тiзiп көрсетiлген заттардың тұздары, мұндай тұздардың болуы мүмкiн барлық жағдайларда.
IV КЕСТЕ
БАҚЫЛАУДАҒЫ ПРЕКУРСОРЛАРДЫҢ (ЕСIРТКI ЖӘНЕ ПСИХОТРОПТЫҚ
ЗАТТАРДЫ ЗАҢСЫЗ ДАЙЫНДАУ КЕЗIНДЕ ЖИI ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН
ӨСIМДIК ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ) ТIЗIМI
I Тiзбе II Тiзбе
N-ацетилантранил қышқылы Ангидрид сiрке қышқылы
Изосафрол Антранил қышқылы
Лизергин қышқылы Ацетон
3,4-метилендиоксифенил-2-пропанон Метилэтилкетон
Норэфедрин Калий перманганаты
Пиперональ Күкiрт қышқылы*
Псевдоэфедрин Тұз қышқылы*
Сафрол Пиперидин
1-фенил-2-пропанон
Эргометрин Толуол
Эрготамин Фенил сiрке қышқылы
Эфедрин Этил эфирi
Эфедра шөбi
IV Кестеде аталған заттардың тұздары, мұндай тұздар түзiлуi
мүмкiн барлық жағдайларда.
__________
* Тұз қышқылы мен күкiрт қышқылының тұздары ерекше тәртiппен
IV Кестенiң тiзбесiнен алынып тасталды.
Қазақстан Республикасында бақылау жасалуға тиiстi және
ветеринарияда қолданылуы рұқсат етiлген, құрамында
есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар бар
дәрiлiк құралдардың тиiстi лицензия болған жағдайда
диагностикалық, емдiк және профилактикалық құралдар
ретiнде пайдаланылуы мүмкiн дәрiлiк препараттардың
ТIЗIМI
А. Есiрткi заттар
__________________________________________________________________
р/с N ! Атауы
------------------------------------------------------------------
1 Морфин гидрохлоридi
2 Кокаин гидрохлоридi
3 Омнопон
4 Омнопон ерiтiндiсi
5 Ұнтақталған апиын
6 Кодеин
7 Этилморфин
8 Промедол
9 Промедол ерiтiндiсi
10 Тикодин ерiтiндiсi (кодеиннiң син.)
11 Апиын экстрактiсi бар балауызшамдар
(апиын препараты)
12 Текодин (кодеиннiң син.)
13 Апиын (кодеин препараты)
14 Фентанил
15 Құрғақ апиын экстракты
16 Апиын тұнбасы
17 Этилморфин
18 Гидрокодон
------------------------------------------------------------------
В. Психотроптық заттар
__________________________________________________________________
р/с N ! Препараттың атауы
------------------------------------------------------------------
1 Амфетамин
2 Пентобарбитал
3 Барбитал
4 Диазепам
5 Кетазолам
6 Клоназепам
7 Лоразепам
8 Мепробамат
9 Нитразепам
10 Оксазепам
11 Фенобарбитал
12 Флуразепам
13 Флунитразепам
14 Хлордиазепоксид
15 Циклобарбитал
16 Гексанал-натрий син. Циклобарбитал
------------------------------------------------------------------
С. Прекурсорлар
__________________________________________________________________
Р/с N ! Препараттың атауы
------------------------------------------------------------------
1 N-ацетилантранил қышқылы
2 Лизергин қышқылы
3 3,4-метилендиоксифенил - пропанон
4 1-фенил-2 пропанон
5 Эргометрин
6 Эрготамин
7 Эфедрин
8 Эфедра шөбi
9 Сiрке қышқылының андигридi
10 Ацетон
11 Метилэтилкетон
12 Калий перманганаты
13 Күкiрт қышқылы
14 Тұз қышқылы
15 Пиперидин
16 Толуол
17 Фенилсiрке қышқылы
18 Этил эфирi
------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасында бақылаудан алып тасталған,
құрамында есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлар
бар көп компоненттi дәрiлiк препараттардың
ТIЗIМI
Ескерту. Тiзiм алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2006.03.02. N 130 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
"Есiрткi, психотроптық заттар,
прекурсорлар және олардың
заңсыз айналымы мен терiс
пайдаланылуына қарсы iс-қимыл
шаралары туралы" 1998 жылғы
10 шiлдедегi N 279-I Қазақстан
Республикасының Заңына
2-қосымша
Ескерту. 2-қосымша 2002 жылғы "Қазақстан Республикасы
Парламентi Жаршысында" жарияланған, N 10 қосымша,
106-құжат.
Заңсыз айналымда жүргенi анықталған есiрткi,
Достарыңызбен бөлісу: |