Мемлекеттік бағдарламасы



бет27/30
Дата25.02.2016
өлшемі1.44 Mb.
#22345
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

5) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуаттарын жаңғырту;

6) өндірістерді нарықтарда сұранысқа ие өнімді шығаруға әртараптандыру;

7) қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру;

8) технологиялар трансфертін және ҒЗТКӘ қолдау, офсеттік саясат;

9) секторды біліктігі жоғары кадрлармен қамтамасыз ету.

Қызметтің басым түрлері.

 

52-кесте. Қызметтің басым түрлері

 

ЭҚЖЖ

Қызметтің атауы

2812

Гидравликалық жабдық өндірісі

2813

Өзге сорғылар, компрессорлар, тығындар мен клапандар өндірісі

2814

Өзге крандар мен бұрандамалар өндірісі

2829

Басқа топтарға енгізілмеген, жалпы мақсаттағы өзге машиналар мен жабдықтар өндірісі

28998

Басқа топтарға енгізілмеген, арнайы мақсаттағы машиналар мен жабдықтар өндірісі

 

______________

8ЭҚЖЖ 28991, 28992

Басым тауарлар топтары

Мұнай-газ машинасын жасау саласын дамытудағы басым бағыт сұранысқа ие өнімінің мұнай-газ бекіткіш арматурасының, сыйымдылықтардың, қосалқы бөлшектер мен жиынтықтауыштар өндірісінің көлемін одан әрі өсіру болып табылады (53-кесте).

Таратудың ғаламдық арналарына кіру мақсатында инвесторларды тарту үшін басым бағыт мұнай-газ операторларының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, оның ішінде жекелеген тораптар мен агрегаттарды оқшауландыру арқылы машиналар мен жабдықтар өндірісі болып табылады.

Дамудың келесі басымдықтары - жабдыққа сервистік және қосалқы қызмет көрсету бойынша машина жасау өндірістерін дамытуды қолдау, сондай-ақ базалық өндірістерді (құю, соғу, металл өңдеу және т.б.) ұйымдастыру.

 

53-кесте. ЭҚТӨЖ кодтары бойынша тауардың басым топтары - 6

 

Р/с №

ЭҚТӨЖ-6

Тауар топтарының атауы

Ішкі нарықтың импорттық сыйымдылығы, мың АҚШ доллары

Макроөңір нарықтарының импорттық сыйымдылығы, мың АҚШ доллары

1

281411, 281412, 281413

Құбыржолдарға, қазандықтарға, резервуарларға, цистерналарға, бактарға немесе ұқсас сыйымдылықтарға арналған берік арматура

391 294

7 842 082

2

289261

Тек қана немесе негізінен 843041 не 843049 субпозициялы бұрғылау немесе қазу машиналарына арналған бөлшектер

97 460

1 261 713

3

281325, 281326, 281327, 281328

Ауа немесе вакуумдық өзге сорғылар, ауа немесе газ компрессорлары

94 322

3 540 061

4

289939

Жеке функциялары бар өзге машиналар мен механикалық құрылғылар

92 963

8 210 356

5

282514

Газды сүзуге немесе тазартуға арналған өзге жабдық

84 793

1752 718

6

289212

Өздігінен жүретін бұрғылау немесе қазу машиналары

75 372

885 589

7

281331

Сорғы бөлшектері

56 179

1 035 494

8

289227

Өздігінен жүретін өзге машиналар мен механизмдер

56 056

271 244

9

289261

8426, 8429 немесе 8430 тауарлық позициялы машиналардың немесе механизмдердің өзге бөліктері

46 629

2 124 174

10

281213, 281215, 281312

Көлемді қайтарымды-үдемелі өзге сорғылар

44 932

1 173 141

11

281314

Өзге сұйықтық сорғылары

44 483

418 679

12

289212

Өздігінен бұрғылау немесе қазу машиналары

40 391

341 439

13

282219

8428 90300 0 тауар позициясы машиналарының немесе механизмдерінің өзге бөлшектері

40 424

516 805

14

282982

Сұйықтықтарды немесе газдарды сүзуге немесе тазартуға арналған жабдық пен құрылғылардың өзге бөліктері

34 588

1 366 888

15

281213, 281215, 281313

Көлемді роторлы басқа сорғылар

31 698

1 068 917

16

282214

Дөңгелексіз, өздігінен жүретін көтергіш өзге механизмдер

32 623

299 830

17

281420

Редукциялық және термореттегіш клапандарды қоса алғанда, құбырларға, қазандықтарға, резервуарларға, цистерналарға, бактарға және ұқсас сыйымдылықтарға арналған арматураға крандардың, клапандардың, бұрандамалардың бөлшектері

29 716

1 250 245

18

281332

Ауа сорғыларының, вакуумдық ауа және газ компрессорларының және желдеткіштердің бөлшектері; тартпа қақпақтарының, сүзгісі бар немесе жоқ желдеткіш шкафтардың желдетілуі немесе қайта айналымы

29 345

1 384 651

19

281411

Сақтандырғыш немесе жүк түсіргіш клапандар

28 295

566 153

20

281314

Сұйықтық көтергіштер

26 822

48 807

21

281211, 281216

Гидравликалық желілік әрекеттің қуат қондырғылары мен қозғалтқыштары (цилиндрлер)

19 071

898 791

22

281311

Іштен жану қозғалтқыштарына арналған отын, май сорғылар немесе салқындатқыш сұйықтыққа арналған сорғылары

25 189

962 012

23

282913

Іштен жану қозғалтқыштарында майды немесе отынды сүзуге арналған жабдық

32 826

616 023

 

54-кесте. Қазақстан Республикасында өндіру экономикалық тұрғыдан орынды сұранысқа неғұрлым ие тауарлар

 

Материалдар/Жабдықтар/Сервис

Әлеуетті шетелдік әріптестердің үлгілері

Жылдық қажеттілік (млн. АҚШ доллары)

Жіксіз құбырлар

Іiva SpA, Salzgitter Mannesmann International GmbH, Dalmine SpA, Sumitomo, Tenaris (Italy-Japan), V&M Tubes (Germany-France), Breda Energia SpA

110,9

Магистральдық құбырлар

Ресей және Қытай өндірушілері

22,6

Бұрғылауға арналған жағалай құйылған құбырлар

Tenaris, Sumimoto, Vallourec Mannesmann

64,9

Қысыммен жұмыс істейтін түтіктер/жылу алмастырғыштар

Delauuany et Fils, Orlandi, Arc Energy Resources Ltd, Imstalcon JSC, Walter Tosto Spa, Rosetti Marino SpA,

10,6

Фитингтер, ернемектер

Kisco, FAD Flange, Acciao&Derivation, Alied Int SpA, Tectubi Raccordi SpA, FAST SRL, P. Van Leeuwen Jr's Buizenhandel BV, Canadoil Europe SRL, Breda Energia SpA,

9,5

Ернеулік жабдықтар: бекіткіш арматура және қосалқы бөлшектер

Petrovalve., Breda Energia, Nuovo Pignone, Petrovalve, B.F.E., Tai Milano SpA, Oms Saleri SpA, Breda Energia

97,8

Электр жабдықтары, БӨК

Areva, Tyco, Siemens Building Technology, Johnson control, Autrinica F&S AS, Foxboro, Kazakhstan Intergrated Serv. Ltd Kisco UK, Sea Star International LLP, Consolidated Supply & Services Іnt'l LLP, ABB LLP, Gateway Ventures (CA) Ltd LLP, V.T.D. Transformatori SRL, Schneider Electric LLP, Siemens LLP

86,2

Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика

Honeywell, Yokogawa, Emerson, Invensys, ABB, Foxboro, Johnson Control, Argosy Technologies

54,7

Сорғылар, генераторлар, компрессорлар, электр қозғалтқыштар, газ турбиналары

Siemens, Areva, Bel-valves, Man-Turo, GE, Nuovo Pignone, Amarinth, Aturia Pompe, CAT Pumps, Triqua BV, Cerpelli, Framo, Peroni Pompe SpA

74,2

Қыртыстан мұнай шығаруды арттыруға арналған жабдық

Wellquip

 

 

Дереккөз: Қазақстан Республикасы мұнай және газ министрлігі

«Теңізшевройл» ЖШС, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.», «Норс Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» және «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ компаниялары 2013 жылғы 25 қыркүйекте бірлескен іс-қимыл туралы Ақтау декларациясына қол қойды, оның негізгі мақсаты операторлардың, инвесторлардың және мемлекеттік мекемелердің жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі жеке бағдарламаларын үздік үйлестіру және келісу тетіктерін әзірлеу болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген компаниялар білдірген бастамаға сәйкес Ақтау декларациясының жұмысы шеңберінде өнімді барынша көп тұтыну қағидаты бойынша компаниялардың әрқайсысының өндірісті дамытудағы жауаптылығын айқындау туралы шешім қабылданды:

 

ТШО

ҚПО

НКОК

ҚМГ

Құбыр өнімдері Жылу алмастырғыштар Резервуарлар

Клапандар Электр жабдықтары Фитингтер Фланцтер

Айналмалы жабдықтар (роторлар, турбиналар, сорғылар және т.б.)

Сервистік көрсетілетін қызметтер; Бұрғылау Ілеспелі ұңғыма қызметтері

 

Басым жобалар

Бесжылдық кезеңде Алматы қаласында, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында суға батырылған электр сорғыларын, аса ауыр жабдықты және габаритті емес сыйымдылықтарды, бекіткіш арматураны және басқа да мұнай-газ жабдығын өндіруге бағытталған жобаларды іске асыру көзделеді.

Құрылыс материалдарының өндірісі

Құрылыс материалдарының өндірісі - өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемінің 8,6%-ын қамтамасыз етіп отырған Қазақстан экономикасының тұрақты өсіп келе жатқан маңызды саласы. Осы сектордың басымдығы, бір жағынан, құрылыс индустриясының ішкі сұранысымен, отандық өнімді дамытумен және макроөңір елдерінің нарықтарында өткізумен, екінші жағынан - меншікті шикізат базасының болуымен және қазақстандық кәсіпорындардың әлеуетімен айқындалады.

Құрылыс материалдарының ішкі нарығының сыйымдылығы шамамен 800 млрд. теңгені құрайды. Құрылыс материалдарының (сүректен, пластмассадан, сондай-ақ өзге де бейметалл минералдық өнімге жататын материалдардан) импорты шамамен 2 млрд. АҚШ долларын9 құрайды. Басым тауарлар бойынша макроөңірдің импорттық қажеттілігі шамамен 3 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Секторда 1453 кәсіпорын жұмыс істейді, онда 40 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Цемент, дайын бетон, бетон бұйымдар, пластикалық құбырлар, жылу оқшаулау материалдар өндірісі неғұрлым дамыған болып табылады.

Сектордың даму көрсеткіштері тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр. 2008 - 2012 жылдар аралығында өндіріс көлемі атаулы мәнде 1,6 есеге өсті. Еңбек өнімділігі - 2,3 есе. Алайда, ЭЫДҰ елдеріндегі осы көрсеткіштің орташа мәнімен салыстырғанда Қазақстандағы бұл сектордағы еңбек өнімділігі 47%-ға төмен.

______________

9Деректер қызметтің басым түрлеріне қосылған ЭҚЖЖ кодтары бойынша келтірілген (3-кесте)

 

55-кесте. Сектор бойынша 2008 - 2013 жылдардағы деректер.

 

Көрсеткіштер

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

Өңдеуші өнеркәсіптегі құрылыс материалдар өндірісінің үлесі, млн. теңге

7,9%

7,6%

6,8%

7,3%

7,7%

8,6%

Құрылыс материалдарының өндірісі, млн. теңге, оның ішінде

266 596

224 938

260 955

350 045

421 633

503 132

Өзге де бейметалл минералдық өнім өндірісі, млн. теңге

220 377

182 355

201 871

263 985

320 677

397 105

НКИ, өткен жылға %-бен

79,9

91,3

111,5

116,5

110,7

111,8

Сүректен жасалған құрылыс материалдары, млн. теңге

214

280

659

756

1 192

1 069

Жиһазды қоспағанда, ағаш және тығын бұйымдарының өндірісі; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдардың өндірісі, өткен жылға %-бен

97,4

96,7

149,4

124,0

108,5

96,2

Пластмассадан жасалған құрылыс материалдары, млн. теңге

46 004

42 304

58 424

85 304

99 764

104 957

Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі, өткен жылға %-бен

106,7

92,4

135,6

120,1

103,1

102,5

ЖҚҚ, млн. теңге

125 781,5

110 110,8

172 569,1

216 535,4

257 217,2

211 586,6

Жалдамалы жұмыскерлердің тізімдік саны, адам

40 862

35 050

33 330

36 579

36 656

40 218

ҚР еңбек өнімділігі, мың теңге

3 078,2

3 141,5

5 177,6

5 919,7

7 017,1

7 061,3

ҚР еңбек өнімділігі, АҚШ долл.

25 528,3

21 298,5

35 123,7

40 024,8

46 649,8

45 840,7

ЭЫДҰ елдеріндегі орташа еңбек өнімділігі, АҚШ долл.**

82 865,4

76 792,7

83 650,7

88 003,8

88 005,4

-

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны, оның ішінде

 

1366

1397

1 489

1355

1453

ірі

 

55

50

45

47

47

орташа

 

122

123

129

140

141

шағын

 

1 189

1 224

1 315

1 186

1265

Қуаттардың жүктелу деңгейі, өндіріс түрлері бойынша %

 

 

 

 

 

 

Цемент өндірісінде, %

62,0

64,0

61,0

60,4

57,1

-

Пластмасса табақтар, шиналарға арналған камералар және пішіндер өндірісінде, %

41,6

49,4

58,1

48,7

35,9

-

Кірпіш, жабыңқыш және күйдірілген саздан жасалған өзге құрылыс заттарының өндірісінде, %

16,7

12,2

27,7

16,8

18,8

-

Өндіріс түрлері бойынша жабдықтың тозу дәрежесі %

 

 

 

 

 

 

Цемент өндірісінде, %

38,2

39,4

30,7

19,8

27,5

-

Пластмасса табақтар, шиналарға арналған камералар және пішіндер өндірісінде, %

29,4

28,8

36,9

36,6

32,5

-

Кірпіш, жабыңқыш және күйдірілген саздан жасалған өзге құрылыс заттарының өндірісінде, %

32,4

37,6

40,9

35,0

39,0

-

Бетоннан жасалған құрылыс бұйымдарының өндірісінде, %

35,3

37,1

39,6

44,5

44,1

-

Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге

65 181

62 961

56 349

42 109

60 492

75 567

Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті %

0,18

0,02

0,10

0,21

0,09

-

Бастапқы құны бойынша жыл соңына негізгі құралдардың болуы, млн.теңге

153 810,1

869 818,4

274 723,8

307 469,5

332 460,0

-

Экспорт, млн. АҚШ долл.

70

47

70

88

115

118

Импорт, млн. АҚШ долл.

1 600

1208

1 511

1687

1999

2 036

 

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Euromonitor

Қосылған құны жоғары құрылыс материалдарының өндірісін құру халықаралық ТҰК тартуды көздейді. Қазақстанда жұмыс істеп жүрген, Global 2000 тізіміне енетін ірі компаниялар: германиялық Heidelberg Cement (Бұқтырма цемент компаниясы, Каспий Цемент, Байказ Бетон, Бектас Group), швейцариялық Sika (бетонға арналған қоспалар, цемент қоспалары, өнеркәсіптік едендерге арналған материалдар, бетон мен болат үшін қорғаныш материалдар, герметиктер және басқалары), Шеврон компаниясы (Шеврон Мұнайгаз Инк, Атырау полиэтилен құбырлары зауыты, Атырау құбыржолы арматурасы зауыты). Global 2000 тізіміне енбейтін жаһандық ірі компаниялар қатарынан Қазақстанда гипстен құрылыс материалдарын шығаратын германиялық Knauf компаниясы, сондай-ақ, француздық Vicat Group цемент компаниясы жұмыс істейді.

Қазақстанда полимерлердің меншікті өндірісі іске қосылғаннан кейін полимерлі және композитті әрлеу материалдарын өндіру мен сатуға мамандандырылған Оңтүстік Кореяның LG Hausys компаниясы белгілі бір қызығушылық танытуы мүмкін. Ресейлік ірі компаниялардың ішінен Қазақстанда «Арыстан» Степногорск құбыр зауытының өкілдік етуімен «Полипластик» компаниясы қатысады.

Сектордағы түйінді кедергілер:

1) құрылыс материалдарын өндірудің заманауи технологияларының жеткіліксіз дамуы;

2) қосылған құны жоғары құрылыс материалдары үлесінің төмен болуы;

3) құрылыс ғылымын дамытуға және инновациялық құрылыс материалдарын жасауға қаражаттың жеткіліксіз бөлінуі;

4) өздерінің технологиялық көшбасшылығына байланысты шетелдік құрылыс материалдарын өндірушілер тарапынан ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекелестікті күшейту;

5) дамыған елдермен салыстырғанда еңбек өнімділігінің төмен болуы;

6) негізгі құралдар тозуының салыстырмалы түрде жоғары болуы;

7) құрылыс материалдары өндірісінің жоғары энергияны көп қажет ететін;

8) құрылыс материалдарын Еуропалық Одақтың нормалары мен стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан сертификаттау үшін аккредиттелген сынақ зертханаларының болмауы, бұл 2015 - 2020 жылдар аралығында құрылыс нормалары мен қағидаларының еурокодтарға біртіндеп көшуіне байланысты;

9) жүк тасымалдауға арналған тарифтердің және шикізат пен энергия ресурстары бағасының өсуі;

10) тиісті біліктілігі бар кадрлардың жетіспеуі.

Мақсаты: индустриялық құрылыстың талаптарын ескере отырып, Қазақстанда қосылған құны жоғары құрылыс материалдарының өндірісі үшін жағдай жасау.

Нысаналы индикаторлар:

Бағдарламаны іске асыру 2012 жылдың деңгейіне қарағанда 2019 жылы мынадай экономикалық көрсеткіштердің (56-кесте):

1) жалпы қосылған құнының нақты мәнде кемінде 1,4 есе;

2) жұмыспен қамтудың 7,7 мың адамға;

3) еңбек өнімділігінің нақты мәнде 1,2 есе;

4) шикізат емес (өңделген) экспорттың құндық көлемінің кемінде 1,2 есе өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

56-кесте. Нысаналы индикаторлар

 



Нысаналы көрсеткіштер

Өлшем бірілігі

2012 есеп

201 3 меже

Болжам

2012 жылға қатысты 2019 ж., есе

2014

2015

2016

2017

2018

2019

1

Жалпы қосылған құн

%

100

111,6

123,0

134,4

143,2

144,1

144,3

144,4

1,4 есе

2

Жұмыспен қамтылғандар саны

мың адам

36,7

40,2

45,1

46,3

46,2

45,6

45,0

44,4

7,7 мың адамға

3

ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі

%

100

101,7

100,1

106,5

113,7

115,9

116,2

116,2

1,2 есе

4

Шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемі

%

100

102,8

105,4

107,9

110,5

113,1

115,6

118,0

1,2 есе

 

Міндеттер:

1) нормативтік базаны және техникалық реттеу жүйесін жетілдіру;

2) құрылыс саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың көлемін арттыру;

3) инновациялық, энергия тиімді, экологиялық қауіпсіз және Қазақстан үшін жаңа құрылыс материалдары өндірісінің технологияларын, оның ішінде индустриялық құрылыс технологияларын енгізу үшін жағдай жасау;

4) саланы білікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету.

Саланы дамыту басымдықтары

Құрылыс материалдарының өндірісі қызметінің басым түрлері: сүректен жасалған құрылыс материалдарының өндірісі (16-бөлім), пластмасса құрылыс материалдарының өндірісі (22-бөлім), өзге металл емес минералды өнім өндірісі (23-бөлім) болып айқындалды (57-кесте)10. Жаңа және жетілдірілген жоғары технологиялы энергия үнемдейтін, адамның денсаулығы мен экология үшін қауіпсіз қазіргі заманғы материалдар өндірісі басым бола бастады.

______________

10Қызмет түрлерінің бөлімдері мен атаулары Қазақстан Республикасының 03-2007 МК экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша 25.12.2012 жылғы № 1 өзгеріске сәйкес көрсетіледі.

 

57-кесте. Қызметтің басым түрлері

 

ЭҚЖЖ-2

ЭҚЖЖ-2

Қызмет түрінің атауы

16

1621

Кілтек, шере, тақталар мен панельдер өндірісі

22

2221

Пластмасса табақтар, шинаға арналған камералар және пішіндер өндірісі

2223

Пластикалық құрылыс бұйымдарының өндірісі

23

2311

Табақ шыны өндірісі

2312

Табақ шыны жасау мен өңдеу

2313

Іші қуыс шыны бұйымдарының өндірісі

2314

Шыны талшық өндірісі

2319

Өзге де шыны бұйымдарын өндіру мен өңдеу

2320

Отқа төзімді бұйымдар өндірісі

2331

Керамикалық жабындар мен плиталар өндірісі

2332

Кірпіш, жабынқыш және күйдірілген саздан жасалған өзге де құрылыс заттарының өндірісі

2342

Керамикалық гигиеналық сантехникалық жабдық өндірісі

2343

Керамикалық электроқшаулағыштар мен оқшаулау арматурасының өндірісі

2349

Өзге керамикалық бұйымдар өндірісі

2351

Клинкерлерді қоса алғанда, цемент өндірісі

2352

Әк пен құрылыс гипсінің өндірісі

2361

Бетоннан құрылыс бұйымдарын өндіру

2362

Құрылыс мақсаттары үшін гипстен жасалған бұйымдар өндірісі

2363

Пайдалануға дайын бетон өндірісі

2364

Құрғақ бетон қоспаларының өндірісі

2365

Асбестцементтен және талшықты цементтен жасалған бұйымдар өндірісі

2369

Бетоннан, құрылыс гипсінен және цементтен жасалған өзге бұйымдар өндірісі

2370

Тасты кесу, өңдеу және әрлеу

2399

Басқа топтарға қосылмаған металл емес өзге де минералдық өнім өндірісі

 

Тауардың басым топтары

Қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті құрылыс материалдарының жаңа түрлерін шығаруды игеру бойынша міндетті шешу үшін басым тауарлар тізбесі (58-қосымша) айқындалған. Техникалық сипаттамалары жақсартылған жаңа және жетілдірілген құрылыс материалдарын қолдану құрылыстың экономикалық тиімділігін және сапасын арттырады, пайдалану барысында энергиямен қамтамасыз ету шығындарын төмендетуді қамтамасыз етеді.

 

58-кесте. Басым тауарлар*

 

ЭҚТӨЖ-4

Тауар топбының атауы

ҚР импорты

Макроөңірдің импорттық сыйымдылығы

мың долл.

тонна

мың долл.

тонна

233110

Керамикалық плитка

155 101

293 331

1 285 414

1 592 358

232012

Отқа төзімді кірпіштер

104 200

170 174

533 311

625 410

231112

Табақ шыны

54 223

132 457

802 858

885 266

239919

Жылу оқшаулау материалдары

37 155

33 780

275 146

245 156

237011

Мәрмәр, травертин

28 523

13 787

168 236

161376

239 912

Жабын-битум материалдары және икемді жабынқыш

32 939

50 863

228 060

318 047

234 210

Сантехкерамика

15 236

3 271

131 163

56 720

231312

Шыны ыдыс (шыныдан жасалған сұйықтық ішуге арналған ыдыс)

10 894

9719

159 852

81 762

 

58-кестеге:

ескертпе: Қазақстандағы импортталатын бірқатар материалдар бойынша меншікті өндірісті ұйымдастырудың перспективалы мүмкіндіктері бар. Қызылорда облысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның қатысуымен қуаты шамамен жылына 197 мың тоннаны құрайтын табақ шыны өндірісі жөніндегі зауыт құрылатын болады. Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы қуаты 20 мың тонна травертиннің бірнеше өндірісін құру жоспарлануда. Жамбыл облысында құрғақ құрылыс қоспаларының екі өндірісі кеңейтілетін болады.

Басым тауарлар тізбесіне Қазақстанда да, сол сияқты макроөңір елдерінде де импорттың жоғары көлемі байқалатын құрылыс материалдары енгізілген: табақ шыны, травертин, керамикалық плитка, отқа төзімді материалдар, сантехкерамика.

Сантехкерамика, кафель, керамогранит өндірісі үшін қазіргі уақытта технологиялық тізбектегі маңызды буын - қазіргі кен орындарынан алынған саз балшықты өңдеу және байыту жөніндегі саз байыту өндірісі жоқ. Осыған байланысты кафель, керамогранит өндірісі жөніндегі кәсіпорындардың қуаттары жете жүктелмеген (Шымкент, Талдықорған) және сантехкерамикалық бұйымдардың өндірісін бастай алмай отыр. Саз байыту өндірісін құруға инвесторлар тарту мәселесін пысықтау қажет.

Табақ шыны өндірісі үшін де кварц құмын байыту бойынша өндіріс құру қажеттілігі туындайды.

Сондай-ақ ретроматериалдар: керамзит, пеношыны, көбіктенген вермикулит, пемза, сондай-ақ көп құрауышты тұтқыр материлдар өндірісі басым тауарларға айналуға тиіс.

Құрылыс материалдарының өндірісінде импорттық материалдарды, сондай-ақ құрылыс химиясы материалдары мен заттарын: композиттерді, пластиктерді, герметика, пластификаторды, тұрақтандырғыштарды, модификаторларды, пигменттерді, бояғыштарды және басқаларды пайдаланып, энергия тиімді және конструктивті шыны өндірісі табақ шыны мен полимерлердің меншікті өндірістері құрылғанға дейін басым бағыттар ретінде қала береді.

Басым жобалар

2015 - 2019 жылдар кезеңінде құрылыс материалдары өндірісін дамытудағы мемлекеттік саясат табақ шыны өндірісі бойынша басым бағыттарды іске асыруға, цемент, құрғақ құрылыс қоспалары, табиғи тас өндірістерін және басқа да жобаларды жасауға және жаңғыртуға бағытталатын болады.

Инновациялық секторлардағы мақсаттар, міндеттер және нысаналы индикаторлар

Инновациялық қызмет өңдеуші өнеркәсіптің барлық салалары мен секторларын дамытуды ынталандырады.

Мақсаты: Қазақстан өнеркәсібінің басым салалары мен ЭЫДҰ елдері салаларының технологиялылығы мен ғылымды қажет ету деңгейінің алшақтығын қысқарту.

Міндеттер:

1) технологиялар трансферт ынталандыру және басым бағыттардағы жоғары технологиялы өндірістерді оқшаулау;

2) инновацияға сұранысты арттыруды ынталандыру;

3) технологиялық және басқарушылық құзыреттіктерді арттыру.

Нысаналы индикаторлар:

1) инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесін Қазақстан кәсіпорындарының жалпы санының 20%-ына дейін ұлғайту (ЭЫДҰ әдістемесіне сәйкес);

2) жалпы ішкі өнімнің жалпы көлеміндегі инновациялық өнім үлесін 2,5%-ға дейін ұлғайту;

3) зерттеу мен әзірлеуге арналған ішкі шығындар үлесін жалпы ішкі өнімнің 2%-ына дейін ұлғайту.

Инновациялық секторлар

Инновациялық секторлар - «жаңа экономика» деп аталатын барлық секторларды білдіреді, олардың дамуы көбінесе ғылыми зерттеулердің және әзірлемелердің нәтижелерімен айқындалады, оның ішінде: мобильдік және мультимедиалық технологиялар саласы, нано- және ғарыш технологиялары, робототехника, гендік инженерия, болашақ энергиясын іздеу және ашу.

Отандық ғылымды дамытпайынша, жаңа инновациялық секторларды дамытуды және ғылымды қажет ететін салаларды құруды шешу мүмкін емес.

Осыған байланысты, «Назарбаев Университеті» ДБҰ-ның қатысуы маңызды, оның рөлі энергия тиімділігі және энергия үнемдеу, жаңартылған энергетика және қоршаған ортаны қорғау, перспективалы материалдар және энергия көздері, Қазақстан Республикасында биомедициналық индустрияның негіздерін құру үшін трансляциялық және персоналдандырылған медицинаны дамыту салаларында іргелі, қолданбалы және технологиялық зерттеулер мен әзірлемелерді дамытуға сайып келеді.

Мынадай өзекті және перспективалы бағыттар бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді іске асыруға баса назар аударылатын болады: ғарыш техникасы және технологиясы, жаңартылған энергетика технологиялары және ақылды желілер, күн энергиясын пайдалану технологиясы, энергетика жүйелерін дамытуды модельдеу, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, есептеу зерттеулері және робототехника, табиғат пайдалану және қоршаған ортаны қорғау экономикасы, электр техникасы (оптикалық электронды аспаптарға арналған материалдар), регенеративтік медицина және жаңа биопрепараттарды әзірлеу жөніндегі зерттеулер, туберкулез детекциясына, инфекциялық агенттерге және обыр биологиясына арналған биосенсорларды әзірлеу, ақуыз экспрессиясы, остео-артикулярлық аурулардың модельдері мен механизмдері, органикалық химия және химия технологиялары салаларындағы қолданбалы зерттеулер.

Ғылыми-зерттеу базасы мен ғылыми және инновациялық қолдау жүйесін дамыту жолымен «Назарбаев Университеті» ДБҰ-ны әлемдік деңгейдегі зерттеу университеті ретінде қалыптастыру оқытушылық және ғылыми-инновациялық қызметті ойдағыдай біріктіретін халықаралық санаттағы ұлттық ғылыми кадрларды дамытумен, сондай-ақ үздік отандық және шетелдік ғалымдарды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасаумен тығыз байланысты.

Ұлттық ғылыми кадрларды даярлаудың тиімді жүйесін дамыту мақсатында ғылым магистрлерін, Ph.D. докторларын даярлау және ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру бойынша шетелдік әріптестермен бірлескен бағдарламалар әзірленді және іске асырылды, ғылыми қызметкерлердің ғылыми жобалары шеңберінде олар үшін бірлескен Ph.D. бағдарламалары ұйымдастырылады (Қазақстанда ғылыми-зерттеу қызметінен босатпай).

Ғылыми жобалар мен бағдарламаларды (инженерлік-техникалық кадрлар, әкімшілік-техникалық қолдау және сүйемелдеу қызметтері мен басқалары) ұйымдастыру мен іске асыруға қатысатын қызметкерлердің құзыреті мен дағдыларын дамыту үшін «Назарбаев Университеті» ДБҰ қызметін дамытудың негізгі және перспективалы бағыттарына сәйкес қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарын тұрақты негізде жүргізу қажет.

Ғарыштық технологиялар секторы

Ғарыш технологиялары секторы - «білім экономикасын» қалыптастыру көзқарасы тұрғысынан Қазақстан Республикасында дамыту үшін перспективалы сектор.

ҮИИДМБ орындау қорытындылары бойынша «KazSat» байланыс және хабар таратудың ұлттық ғарыш жүйесі (ҒЖ) жобалық қуатқа шықты, екінші «KazSat-3» ҒA және резервтік жерүсті басқару кешені пайдалануға енгізілді. «KazSat» сериясының ҒА сыйымдылықтарын жалға беру қызметтері ұсыныла бастағаннан бері 3,5 млрд. теңгеден астам сомаға осы көрсетілетін қызметтердің импортын алмастыру жүргізілді. «KazSat» ҒЖ өндіріс көлемінің серпіні 59-кестеде келтірілген.

 

59-кесте. «KazSat» ҒЖ өндіріс көлемінің серпіні, млн. теңге.

 

Атауы

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.*

«KazSat» сериялы ҒА сыйымдылықтарын жалға беру қызметтері

12,97

1 156,15

2 004,45

341,44

 

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі 59-кестеге:

ескертпе: * жедел деректер

Ғарыш саласындағы ЖҚҚ бойынша деректер 60-кестеде келтірілген:

 

60-кесте. Ғарыш қызметінің ЖҚҚ, млн. теңге.

 

Көрсеткіш

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.

ЖҚҚ, млн. теңге

8 903,0

13 472,6

7 633,9

2 721,8

 

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

Ғарыш саласында инновацияларды дамытудың негізгі драйвері қолданбалы ғылыми зерттеулер болып табылады. Отандық ғарыш техникасының алғашқы тәжірибелік үлгілерін жасау бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар орындалды, дәлдігі жоғары жолсеріктік навигация жүйесіне (бұдан әрі - ДЖНЖ) арналған саралау станцияларының (бұдан әрі - СС) өндірісі ұйымдастырылды және 50 дана көлемінде СС бірінші партиясы шығарылды.

Егер моральдық және физикалық тұрғыдан айтарлықтай тозуына байланысты жаңғыртуды талап ететін ғарыштық зерттеулердің зертханалық және тәжірибелік-эксперименттік базасын жаңартудың бұрыннан қордаланған мәселесі шешілетін болса, ғарыш ғылымының жетістіктері әлдеқайда салмақты болар еді. Қазақстан Республикасының ғарыш техникасы мен технологияларының отандық үлгілерін, ғарыш өнімдері мен көрсетілетін қызметтерді түпкі пайдаланушылардың аппараттық-бағдарламалық құралдарын құру саласында маңызды ғылыми-техникалық серпіліс жасау жағдайы туындады.

ТМД-ның Үкіметтер басшылары кеңесінің 2011 жылғы 18 қазандағы шешімімен қабылданған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің инновациялық ынтымақтастығының 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекетаралық бағдарламасы шеңберінде екі инновациялық жобаны іске асыру жоспарланған:

1) болжамдық мониторингтің көп нысаналы аэроғарыш жүйесін әзірлеу және сертификаттау;

2) халықаралық көлік дәліздерін басқарудың аппараттық-бағдарламалық кешенін әзірлеу.

Түйінді проблемалар:

1) ғарыштық зерттеулердің заманауи тәжірибелік-эксперименттік базасының; ғарыштық өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді түпкі пайдаланушыларға дейін жеткізудің толыққанды инфрақұрылымының болмауы; Қазақстанның ғарыш саласының шетелдік әріптестерге технологиялық тәуелділігі.

Мақсаты: республиканың индустриялық-инновациялық дамуын жеделдетуге, ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты нығайтуға, ғылым мен жоғары технологияларды дамытуға ықпал ететін экономиканың ғылымды қажет ететін және жоғары технологиялы секторы ретінде толыққанды ғарыш саласын құру.

Нысаналы индикаторлар:

Бағдарламаны іске асыру 2012 жылдың деңгейіне қарағанда 2019 жылы мынадай экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуге:

1) 2012 жылғы деңгейге қарағанда 2019 жылы нақты мәнде ЖҚҚ-ның 30%-ға өсуіне;

2) 2019 жылға қарай ғарыш саласында жұмыс істейтін жоғары білікті мамандар санын 300 адамға арттыруға;

3) 2019 жылға қарай ғарыштық зерттеулердің жалпы көлеміндегі ғылыми-техникалық әзірлемелердің үлесін 50%-ға дейін жеткізуге;

4) 2019 жылға қарай ғарыштық техника жасаудың өндірістік тәжірибесі бар ғалымдардың үлесін 25%-ға дейін жеткізуге;

5) 2019 жылға қарай ғылыми-техникалық әзірлемелердің жалпы көлеміндегі коммерцияландырылған жобалардың үлесін 25%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Міндеттер:

1) байланыс, жерді қашықтықтан зондтау (бұдан әрі - ЖҚЗ) және ғылыми-технологиялық мақсаттағы ғарыш аппараттарының (бұдан әрі - ҒА) орбиталық топтамасын дамыту және пайдалануды өрістету;

2) ҒA құрастыру-сынау кешенін, тәжірибелі өндірісі бар ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын, ДЖНЖ, «Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешенін, байланыс және ЖҚЗ ғарыш жүйелерінің жерүсті сегменттерін қамтитын жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерін дамытуды және пайдалануды өрістету;

3) ғарыш саласының ғылыми-технологиялық базасын дамыту, ғарыштық зерттеулердің зертханалық және тәжірибелік-эксперименттік базасын жаңғырту мен кеңейту;

4) тиісті оқу орындары мен ғылыми орталықтарда, оның ішінде «Болашақ» халықаралық бағдарламасы шеңберінде ғарыш қызметі саласындағы инженерлік-техникалық және ғылыми кадрларды даярлауды, қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды көздейтін ғарыш саласының кадр әлеуетін дамыту;

5) ғарыш саласының нормативтік базасын жетілдіру.

Ғарыш саласын дамыту басымдықтары

Ғарыш саласындағы қызметтің басым түрлері ғарыш техникасы мен технологиялардың отандық үлгілерін жасау жөніндегі ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер, байланыс, ЖҚЗ және навигация ғарыштық жүйелерінің өндірісін және техникалық пайдаланылуын қамтамасыз ету, осы ғарыштық жүйелердің өнімдері мен көрсетілетін қызметтерін ел экономикасының түрлі салаларындағы түпкі пайдаланушыларға дейін жеткізу болып табылады.

Бесжылдық кезеңде Индустрияландыру картасы (бұдан әрі - ИК) шеңберінде 2015 - 2019 жылдар кезеңінде іске қосылуы жоспарланатын 10 жобаны іске асыру көзделеді.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет