Мемлекеттік бағдарламасы



бет9/30
Дата25.02.2016
өлшемі1.44 Mb.
#22345
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30

 

Басым тауарлар топтары

Басым тауарлар топтары ішкі нарық конъюнктурасына, сондай-ақ халықаралық нарықтың өсу көлемі мен әлеуетіне негізделе отырып айқындалды (20-кесте).

 

20-кесте. Басым тауарлар топтары

 

ЭҚТӨЖ

Тауар тобының атауы

Ішкі нарықтың импорт сыйымдылығы, млн. АҚШ долл.

Макроөңір нарықтарының импорт сыйымдылығы, млн. АҚШ долл.

201610

Үлес салмағы 0,94 және одан көп полиэтилен

202,5

6 906,3

201651

Полипропилен

17,6

6 449,1

201610

Үлес салмағы 0,94 кем бастапқы нысандардағы полиэтилен

37,9

3 183,3

201651

Пропиленнің қосалқы полимерлері

14,0

2 267,2

201630

Басқа құрамдауыштармен араласпаған ПВХ

26,0

2 057,4

201411

Бутадиен

0

790,7

201710

Бастапқы нысандардағы бутадиен каучугы (BR)

0,9

833,6

201656

Полиуретандар

9,7

808,9

201640

Полиэтилентерефталат

99,8

1 286,5

 

Басым жобалар

2015 - 2019 жылдар кезеңінде мұнай-газ химиясы секторын дамытудағы мемлекеттік саясат бастапқы нысандағы полимерлерді (Атырау облысында қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен мен қуаты жылына 800 мың тонна полиэтилен; қуаты 4,1 мың тонна ПП-пленка полимерлік өнім, БОПП-пленка -14,7 мың, ПП-қаптар - жылына 48 млн. дана; Атырау облысында бутадиен жылына қуаты 125 мың тонна) және мұнай-газ химиясы секторының өзі, сол сияқты тұтастай алғанда, химия саласы үшін органикалық қоспаларды - шикізат (Атырау облысында хош иісті көмірсутектерді өндіру жөніндегі кешен) өндіру жөніндегі жаңа қуаттарды құруға бағытталады.

2015 - 2019 жылдар кезеңінде бизнес-құрылымдардың ұсыныстарына сәйкес полимерлік өнімдер мен одан жасалатын бұйымдар өндірісінің көлемін ұлғайтуға бағытталған жалпы инвестициялар көлемі 1,2 трлн. теңге болатын ірі инвестициялық жобалар іске асырылатын болады.

Тамақ өнімдерінің өндірісі

Тамақ өнімдерінің өндірісі елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық маңызы бар сала болып табылады. Тамақ өнімдерін тұтынудың өсуімен және тұтыну құрылымының неғұрлым сапалы өнімдер жағына өзгеруімен ел халқы өсуінің орнықты үрдісі қалыптасты. Сектор шикізатты жеткізуші ретіндегі ауыл шаруашылығы өндірісімен тығыз байланысты. Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорындар тұтыну орталықтарының (қалалар, ірі кенттер) жанында шоғырланған.

Өңдеуші өнеркәсіп көлеміндегі тамақ өнімдері өндірісінің үлесі 2008 жылғы 18,6%-дан 2013 жылы 16,5%-ға дейін төмендеді, бұл ретте 2008 - 2013 жылдар аралығында тамақ өнімдері өндірісінің көлемі 56,0%-ға ұлғайды.

Тамақ өнімдері өндірісі саласындағы ЖҚҚ 2008 - 2013 жылдар аралығында 1,5 есе ұлғайды.

Тамақ өнімдері экспортының көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 17,1 %-ға төмендеп, 902,1 млн. АҚШ долл. құрады. Тамақ өнімдерінің импорты дәл осы кезеңде 17,4%-ға өсіп, 2 446,5 млн. АҚШ долл. құрады.

Тамақ өнімдерінің өндірісі секторының 2008 - 2013 жылдары дамуының негізгі көрсеткіштері 21-кестеде келтірілген.

 

21-кесте. Сектор бойынша 2008 - 2013 жылдардағы деректер

 

Көрсеткіш

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2013 ж.*

Тамақ өнімдерінің өндірісі, млн. теңге

623 488

629 756

695 244

828 005

865 570

973 030

Өңдеуші өнеркәсіптегі үлесі

18,6%

21,4%

18,1%

17,2%

15,9%

16,5%

ЖҚҚ, млн. теңге

230 589,1

264 604,1

360 433,4

427 430,8

472 810,9

355 404,9

Жұмыскерлердің тізімдік саны (мың адам)

52,3

52,6

52,8

53,9

53,2

52,4

ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі, мың теңге/адам

4 286

5 324

7 620

9 017,5

9 891,4

7 094

Еңбек өнімділігі, АҚШ долл./адам

35 548

35 808

51 696

60 970

65 759

46 980

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны

2442

2 402

2 326

2 263

2219

1 573

Негізгі құралдардың тозу дәрежесі, %

27,9

33,8

32,5

50,9

35,5

-

Экспорт, млн. АҚШ долл.

1 088,6

797,6

854,2

886,5

898,1

902,1

Импорт, млн. АҚШ долл.

2 083,4

1 615,5

2 190,6

2 450,4

2 456,3

2 446,5

Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге

22 959

31 107

39 772

34 046

37 172

33 572

Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті, %

14,3

13,8

11,6

8,9

10,1

-

Жылдың соңына бастапқы құн бойынша негізгі құралдардың болуы, млн. теңге

174 489,9

236 200,2

289 893,2

392 229,3

336 416,6

-

 

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

Тамақ өнімдері өндірісі құрылымындағы негізгі үлесті астық өңдеу саласы (23,5%), сүт өңдеу (16,3%), нан және нан-тоқаш өнімдері (15,3%), ет өңдеу (13,4%), жеміс-көкөніс (8,1%), май-тоң май (7,8%) және өзге де салалар (15,6%) алып отыр.

Сектордың негізгі проблемаларына: жергілікті өндірістің сапалы шикізатының жеткіліксіздігі; сауда-логистикалық инфрақұрылымның дамуының жеткіліксіз деңгейі; өңдеуші кәсіпорындар үшін айналым қаражатының төмен қолжетімділігі; моральдық тозған жабдықтың жоғары үлесі; білікті кадрлардың тапшылығы; сауданы статистикалық есепке алу және саланы дамыту проблемалары; техникалық реттеу, оның ішінде стандарттардың сақталуын бақылау саласындағы проблемалар; коммуналдық және көліктік көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердің жоғары құны; ыдыс пен қаптаманың төмен қолжетімділігі; жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға жоғары кредиттік жүктеме; ішкі және сыртқы нарықтардағы өнімді жылжытудағы жеткіліксіз қолдау жатады.

Мақсаты: Қазақстанның тамақ өнеркәсібі өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдайлар жасау.

Нысаналы индикаторлар:

Бағдарламаны іске асыру 2012 жылғы деңгейге қарағанда 2019 жылы мынадай экономикалық көрсеткіштердің (22-кесте):

1) жалпы қосылған құнның нақты мәнде кемінде 1,2 есе;

2) жұмыспен қамтудың кемінде 2,4 мың адамға;

3) еңбек өнімділігінің нақты мәнде 1,1 есе;

4) шикізаттық емес (өңделген) экспорттың құндық көлемінің кемінде 1,2 есе өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

22-кесте. Нысаналы индикаторлар

 

Р/с №

Нысаналы көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012 есеп

2013 меже

2012 ж. қатысты болжам

2012 ж. қарағанда 2019 ж., %

2014

2015

2016

2017

2018

2019

1

Жалпы қосылған құн

%

100

105,0

108,0

111,0

113,0

114,0

115,0

116,0

1,2 есе

2

Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарындағы жұмыспен қамтылғандардың саны

мың адам

53,2

52,4

54,2

54,6

55,6

55,6

55,6

55,5

2,4 мың адам

3

ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі

%

100

105,0

106,0

108,0

108,0

109,0

110,0

111,0

1,1 есе

4

Шикізаттық емес (өңделген) экспорттың көлемі

%

100

95,8

86,0

93,0

100,0

106,0

111,0

117,0

1,2 есе

 

Міндеттер:

1) ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындар үшін ауыл шаруашылығы шикізатының қолжетімділігін арттыру;

2) ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындар үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыру;

3) саладағы өндірістің инфрақұрылымдық шығындарын (коммуналдық, көліктік көрсетілетін қызметтері, ыдысқа және қаптамаға жұмсалатын шығындар және басқалары), оның ішінде МЖӘ тетігі есебінен төмендету;

4) отандық азық-түлік тауарларын өткізуді кеңейту үшін жағдайлар жасау;

5) тамақ өнімдерін тұтыну мәдениетін дамыту;

6) тамақ индустриясы саласында техникалық реттеуді дамыту;

7) экспортты/импортты саудалық реттеуді жетілдіру;

8) ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет